Хирургия саласында хирургиялық инфекцияның алдын алу, онымен күресу ғасырлар бойы күні бүгінге дейін толық шешімі табылмай келе жатқан ең маңызды мәселелердің біріне айналды. Оның дәлелі бүгінгі күнде адамдарда кездесетін аурулардың 70%, көз жұмған аурулардың 30%- көбі хирургиялық инфекцияға байланысты Жедел операциялардан кейінгі іріңді асқынулар 32-75% кездеседі, осы іріңді асқынулар науқастардың 42-60% өлімге әкеледі Іріңді қабынулар адам ағзасының кез - келген мүшелерінде дамуы мүмкін. Олардың этиологиясы әртүрлі іріңдіктерді тудыратын микроорганизмдер. Барлық хирургиялық аурулардың 1/3-і және операциядан кейінгі көптеген асқынулар хирургиялық инфекцияға байланысты.Патологиялық хирургиялық инфекция хирургиялық іріңді ауруларды (фурункул, карбункул, абсцесс, флегмона, т.б.), іш қуысы мүшелерінің жедел хирургиялық іріңді деструктивті процестерін (аппендицит, холецистит, панкреатит, т.б.), операциядан кейінгі және ашық, жабық жарақаттардың іріңді асқынуларын қамтиды. Операциялардан кейінгі іріңді асқынулар науқастардың өміріне үлкен қауіп төндіреді. Операциядан кейін қайтыс болған науқастардың жартысынан көбінде өлім іріңді инфекцияның дамуына байланысты. Хирургиялық инфекцияның басталуы, ағымы, болжамы бірнеше факторларға байланысты:Макроорганизмнің иммундық жүйесінің қабілетіне;Микроорганизмнің мөлшері, вируленттілігі, дәрілерге төзімді штамдары жыл сайын өсуіне. Инфекция енген ошақтың анатомиялық ерекшеліктеріне;. Жалпы қан айналымы бұзылыстарында қабыну ошағына микроорганизмдерге қарсы тұратын, оларды жоюға арналған арнайы клеткалық, гуморалды иммунды заттар дер кезінде және толық көлемде жеткізілмеуіне. Науқастың аллергиялық статусына. Ақырғы жылдары ластанған экологияның салдарынан, ауруларды емдеуде және олардың алдын алу мақсатында күнделікті қолданылатын дәрі-дәрмектердің аллергиялық әсерінен адамдардың иммундық реактивтілігі әлсіреген, осы себептерден хирургиялық инфекция және операцияданкейінгі іріңді асқынулар жиі орын алуда.Іріңдіқабыну туындау үшін, микроорганизмдер түскен ошақта олардың өсіп-өнуіне қажетті қоректі заттардың (өліеттер, гематома) және де жергілікті, жалпы қан айналымының бұзылыстары міндетті түрде болуы керек. Іріңді хирургиялық инфекцияның орын алуы аурулардың жасына да байланысты. Жас адамдарда, көбінесе 17-35 жас аралығында флегмона, абсцесс, іріңді лимфаденит, мастит, остеомиелит жиі кездеседі; 36-55 жастағы науқастарда зәр шығару жүйесінің аурулары - пиелит, цистит, пиелонефрит, сонымен қоса парапроктит, перитонит, 65 жастан асқан адамдарда карбункул, некроздық флегмона, инъекциядан кейінгі абсцесс, гангрена орын алса, жаңа туған нәрестелерде – нәрестелер флегмонасы, стафилококты өкпе деструкциясы, плеврит, жедел гематогенді остеомиелит, перитонит дамиды. Хирургиялық инфекцияны емдеуден гөрі, оның алдын алуы әлдеқайда тиімді. Әр адам жеке басының гигиенасын сақтаса, көптеген аурулардан, оқыс жарақаттардан сақтанып жүрсе, дәрігерлік көмекке дер кезінде жүгінсе, хирургиялық іріңді инфекциялардың асқынулары сирек кездесуі мүмкін. Хирургиялық іріңді инфекцияға шалдыққан науқастардың иммунитеті әлсіз болғандықтан, олардың иммундық статусын зерттеп, тиісті иммунотерапия және иммунопрофилактика шараларына мұқият көңіл аударған жөн. Иммундық жүйенің физиологиясы мен патофизологиясын зерттейтін медицина саласы – клиникалық иммунология жақсы өркендеп дамуда. Іріңді процестің туындау көзіне байланысты:.Іріңді аурулар (фурункул, карбункул, флегмона, плеврит, остеомиелит және т.б.).. Іш қуысы мүшелерінің жедел хирургиялық аурулары: іріңді аппендицит, холецистит, перитонит, панкреатит, өкпе абсцесі мен гангренасы т. б. қабынулар. Операциялық жаралардың іріңдеуі.Ашық және жабық жарақаттардың іріңді асқынулары.Хирургиялық инфекция клиникалық ағымына және тіндердегі патологоанатомиялық өзгерістеріне байланысты төмендегідей жіктеледі: Жедел хирургиялық инфекция: а) жедел іріңді аэробты инфекция; ә) жедел анаэробты инфекция; б) жедел спецификалық инфекция (сіреспе, сібір жарасы, дифтерия, т. б.); в) жедел шірікті инфекция.Созылмалы хирургиялық инфекция: а) созылмалы бейспецификалық іріңді инфекция және ә) созылмалы спецификалық инфекция (туберкулез, мерез, актиномикоз, т. б.).Аталған инфекциялардың клиникалық көріністерінде науқастың ағзасында жергілікті немесе жалпы өзгерістер басым болуы мүмкін (сепсис ауруында).Этиологиясына байланысты: а) стафилококты инфекция; ә)стрептококты инфекция; б) пневмококты инфекция; в)колибациллярлы инфекция; г) гонококты инфекция; ғанаэробты инфекция; д) клостридиалды анаэробты инфекция; е) аралас инфекция, т.б.Патология құрылымына байланысты: а) инфекциялық хирургиялық аурулар; ә) хирургиялық аурулардың инфекциялық асқынулары; б) хирургиялық операциялардың іріңді асқынулары; в) ашық, жабық жарақаттардың іріңді асқынулары.
Локализациясына байланысты: а) тері, теріасты майының қабынуы; ә) бас сүйегінің жабындысы, ми, ми қабаттарының қабынуы; б) мойын тіндерінің қабынуы; в) кеуде тіндері, плевра қуысы, өкпенің қабынулары; г) көкірекаралық май тіндері, перикардтың қабынулары; ғ) іш қуысының мүшелері және ішастарының қабынулары; д) жамбас қуысындағы мүшелердің қабынулары; е) сүйек, буын тіндерінің қабынулары.
Клиникалық ағымы бойынша: жедел іріңді қабынулар: а) жалпы; б) жергілікті. Созылмалы хирургиялық инфекция: а)жалпы; б) жергілікті.
Көптеген грам оң, грам теріс, аэробты, анаэробты, спорасыз, спора арқылы дамитын микроорганизмдер және патогенді саңырауқұлақтар (грибоктар) хирургиялық инфекцияларды тудырады. Егер де қабынудың қоздырғышы бір түрл микроорганизм болса, моноинфекция, бірнеше микробтармен туындаған инфекция – аралас инфекция деп аталады. Жараларға инфекция сыртқы ортадан түссе, экзогенді, ағзаның ішіндегі қабыну ошақтарынан қоздырғыштар түссе, эндогенді инфицирлену деп аталады. Стафилококк – іріңдіктерді жиі тудыратын микроорганизм, көбінесе жараға іріңді қабынумен ауыратын науқастардан жанасу арқылы немесе науқастың өзінің ағзасындағы эндогенді іріңді ошақтардан түседі. Стафилококтар сапрофит ретінде әр адамның тері жабындысында, ауыз қуысында, тыныс алу жолдарында, жыныс мүшелерінің шырышты қабаттарында мекендейді. Стафилококтар синтездейтін әртүрлі экзотоксиндер (стафилогемолизин, стафилолейцин, плазмокоагулаза) әсерінен инфицирленген ошақта іріңді қабыну дамиды. Бұл микробтар көптеген антибиотиктерге, антисептиктерге төзімді. Жайылған іріңдіктерді (сепсис) тудыруы ықтимал және сепсисте іріңдіктер метастазы кез келген мүшелерде кездесуі мүмкін.Стрептококтар салыстырмалы түрде сиректеу кездеседі. А, Б, Д бетагемолитикалық түрлері холецистит, пиелонефрит, сепсис, тілме, бактериалды эндокардит, балаларда пневмония, остеомиелит, менингит, жаңа туған нәрестелердің сепсис ауруларын тудырады. Стрептококк инфекцияларына тән қасиеттер - өте ауыр интоксикация және метастазсыз сепсиске әкелуі.Пневмококтар ерекшеліктері – олар токсиндер бөлмейді, жиі пневмонияны тудырады және де іріңді артрит, отит, менингит, балаларда пневмококты перитонит ауруына себеп болуы мүмкін.Гонококтар - гонорея этиологиясы ретінде белгілі микробтар, бірақ та, жыныстық жолдар арқылы жоғары тарап іріңді эндометрит, аднексит, іріңді пельвиоперитонит (жамбас қуысының қабынуы), қан арқылы тарап іріңді артриттер, синовиттер тудыруы мүмкін. Ішек таяқшалары – іш қуысы мүшелерінің іріңді қабынуларын (аппендицит, холецистит, іріңді перитонит және сепсис) шақырады. Ішек таяқшалары адам ішегінде мекендейді, аэробты және анаэробты жағдайларда тіршілігі сақталады, антибактериалды препараттарға өте төзімді, олар тудыратын қабыну ошақтарында тіндердің шіруінен науқастар өте ауыр интоксикацияға ұшырайды. Егер де қоздырғыш ретінде ішек таяқшалары стафилококк, стрептококтармен бірге болса, онда іріңді қабыну ағымы өте ауыр түрде өтеді.Протей – грам теріс таяқшалар, кейбір түрлері сапрофит ретінде адамдардың ауыз қуысында, ішегінде тіршілік етеді, жараларға түссе, тіндерді ыдыратып, шірітіп, өте ауыр іріңді қабынулар тудырады және антибиотиктерге, антисептиктерге өте төзімді, басқа микроорганизмдермен қосылып, ауруханаішілік қауіпті жұқпалы инфекциялар этиологиясы болуы мүмкін. Көкіріңді таяқша - адам денесінің тері жабындысының тершең жерлерінде сапрофит ретінде тіршілік етіп, ауруханаішілік таралатын іріңді жұқпалы хирургиялық инфекциялардың этиологиясы ретінде жиі кездеседі. Бұл микроорганизмдер иммунитеті төмен адам ағзасында өсіп-өніп, тіндердің регенерациясын тежейді, полимиксин, амикацин, карбенициллин, бор қышқылынан басқа антибиотиктерге, химиялық антисептиктерге өте төзімді.Спорасыз дамитын анаэробтар іріңді қабынуларды шақыратын қоздырғыштардың үлкен бір тобын құрайды. Бұлардың ішінде: грам оң коктар (пептококтар, пептострептококтар т. б.) және грам теріс бактериялар (бактеройдтар, фузобактериялар т. б.). Анаэробты, спора арқылы дамитын клостридия бактериялары спецификалық қабыну, некрозды процестерді - газды гангренаны тудырады. Клостридия ішінде аса қауіптілері: Cl. Perfringens, Cl.Aedematiens, CL. Septikus, Cl. Hystolitikus. Газды гангренада бактериалды токсиндер және өліеттенген тіндерден бөлінген улы заттармен науқас өте ауыр интоксикацияға ұшырайды. Анаэробты спора түзетін бактерияларға сіреспе таяқшасы да жатады, олар үй жануарларының ішегінде сапрофит ретінде тіршілік етіп, топыраққа түсіп, спора түрінде ұзақ мерзім сақталады. Топырақпен жараларға түссе, сіреспе ауруын тудырады. Сіреспе таяқшасы өте улы экзотоксиндер (тетаноспазмин, тетаногемолизин)