Дүниені философиялық түсінудің негіздері



Дата29.09.2022
өлшемі19,73 Kb.
#40802

3.Дәріс: Дүниені философиялық түсінудің негіздері.


Философияның маңызды проблемаларының біріне дүниені философиялық түсіну, ондағы адамның орны мен рөлін пысықтау жатады. Философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Сол үш цивилизацияның бірі - ұлы Қытай елі. Көне Қытай философиясы – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен жері. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. «Лунь юий» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.
Конфуций ілімінің ерекшелігі , адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуцийдің алтын ережесі- өзің қаламағанды өзгеге істеме. Сократ: «өзіңді өзің танып біл» деген тұжырымды ұстанған.Софистердің өкілі Протагор –Адам – барлық тіршіліктің өлшемі деген. Аристотель –Адам- қоғамдық хайуан, тен ақылы бар.Қайта өрлеу заманда –гуманизм принципін айкындау –адамның шығармашылыққа, еркіндікке, бақытқа деген құқын анықтау. Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Қазақ философиясы өзінің бастауын көне түркі дүниесінен, оның көрнекті өкілдері әл Фараби, ЖүсіпБаласағұн, Қожа Ахмет Иасауиден алады. Әлі Фараби философиясының негізгі зерттеу объектілерінің бірі — адам. Антика дәуірінің ойшылдары секілді әл Фараби де адам өмірінің мақсаты — бақытқа жету деп түсінеді. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оныі өзінің мақсаты ретінде анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарыні танып-біле алады . Әл Фарабидің пікірінше, шын бақыттың не екенін түсінуге көмектесетін — адамның ақыл-ойы. Ақыл адамға күш береді; ақыл-ойына көбірек жүгінген адам ғана жақсы мен жаманды айыра алады. Жігердің үш түрі бар, біріншісі — түйсіктен, екіншісі — елестетуден, үшіншісі — ойлау қабілетінен туындайды деп көрсеткен әл Фараби соңғысын еркін тандау деп атайды және ол адамға ғана тән. Әл Фараби нағыз бақыт деп білімге, ізгілікке және әдемілікке ие болу деп түсінді. Бірақ адамдардың бәрі бірдей бақытқа бөлене бермейді, себебі олардың ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері әр түрлі. Бақыттың не екенін, оған қалай қол жеткізуді түсінбеген адам өзінің өмірлік мақсаты етіп мүлде басқа нәрсені таңдап алуы мүмкін. Бұл жағдайда адам абсолюттік ізгілік — бақытқа емес, абсолюттік зұлымдыққа тап болатындығын ескерткен әл Фараби бақытқа бөленуге күші жетпеген адамдарды тәрбиелейтін ұстаз, басшы қажеттігін айтады. XIX ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде «ағартушылық философия» деп аталады. Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев , Ш. Қудайбердиев. Ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Олар адамды философиялық, биологиялық-психологиялық, эстетикалық және этикалық тұрғыда қарастырған. Себебі адам мәселесі дүниетанымының өзегі болып табылды. Адамзаттың дүниені, айнала ортаны танып-білуінің түп қазығы адам екенін тарих дәлелдеп келеді. Көне қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам — ақылды, өзін танып-білген адам-данышпан», — депті. Гректің тағы бір атақты ойшылы Фалестен: «Дүниедегі ең оңай не?» — деп сұрағанда: «Басқаға ақыл айту», ал «Ең қиын нәрсе не?» — дегенде: «Өзіңді танып-білу» деп жауап беруі де осыны білдіреді . Абайдың өз шығармаларындағы негізгі ұстанған этикалық қағидасы- бұл «Адам бол!» Адам — ақын көзқарасында ақыл-ойдың, адамшылықтың, еңбексүйгіштіктің және білімділіктің, достық пен махабаттың түгелдей көрініс табуы, жинақталуы. Ай мен күн — аспан әлемінің әшекейі, орман мен жемістер — таудың әшекейі, ал жердің сәні — адам. Абай үлкен мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!» деп жар салған. Абай қазақ қоғамының болмысына үңіле қарап, адамгершілік мінез-құлық формасын ұсынады: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ — бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, бес асыл іс көрсеңіз» — деп әдептілік пен қайырымдылықты дәріптейді. Шəкəрім дүниетанымындағы негізгі мəселелердің бірі — ар ілімі.Ұят, ар тек адамға ғана қатысты. Ар-ұяты жоғалған адам — ол адам, бірақ ол адам надан адам танылған. Өз философиясында ақыл-ой, ұждан мəселелерін анықтаған. Ұждан дегеніміз — ынсап, мейірім, əділет. Философия пәні ойлау болса, дуниетанымды бейнелейтін ойлау формалары улттык философия болмақ. Ұлттық философия тек философия ушін қажет емес, ол ұлттың өзің- өзі тануы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет