1. Адам және әлем. Заттар әлемі. Адамды қарастырудағы философиялық тәсілдің ерекшелігі. Шығыс және Батыстық философиялық дәстүрдегі адам мәселесі. Адам анықтамалары
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ Дәрістің тақырыбы: «Философиядағы адам мәселесі» (философиялық антропология) Дәрістің мақсаты: философиядағы адам мәселесінің мәнін және адамға берілген анықтамалардың мазмұнын пайымдау. Алматы-2021
Жоспар
1. Адам және әлем. Заттар әлемі. Адамды қарастырудағы философиялық тәсілдің ерекшелігі.
2. Шығыс және Батыстық философиялық дәстүрдегі адам мәселесі. Адам анықтамалары.
3. Марксизм, психоанализ және экзистенциализмдегі адам болмысының мәні. Философиялық антропология.
Философиялық антропологияның негізін салғандар неміс философтары Макс Шелер (1874-1928) мен Хельмут Плеснер
Философиялық антропологияның негізгі идеялары және әдістемелік құрылымдары Макс Шелердің «Адамның космостағы жағдайы» (1928), Хельмут Плеснердің «Органикалық сатылары және адам. Философиялық антропологияға кіріспе» (1928) атты еңбектерімен байланысты.
Философиялық антропологияның негізгі идеялары және әдістемелік құрылымдары Макс Шелердің «Адамның космостағы жағдайы» (1928), Хельмут Плеснердің «Органикалық сатылары және адам. Философиялық антропологияға кіріспе» (1928) атты еңбектерімен байланысты.
Философия тарихындағы адам мәселесі
Үнді мен Қытай, антика дәуірінің философиясында, әсіресе натурфилософтар, адамды космостың бейнесі ретінде шағын әлем, шағынғарыш ретінде түсінді.
Сократтан бастап философияда адамға бетбұрыс жасалды. Олар адамды тән мен жаннан тұратын тіршілік иесі деп білді. Сондай-ақ оның қоғамдық табиғаты айқындалды. Платонжанды идея деп, оны идеялар әлемімен байланыстырса, Аристотель жанды форма деп түсіндірді.
Ортағасырларда адамды тәнді иеленген және жаны бар, рухани тіршілік иесі деп санады. Сонымен қатар адамды жан-тән-рухтың бірлігі ретінде түсінді. Адамның руханилығын оның ар-ожданында деп санады. Орысша «со-вести с Богом», яғни адамның адамшылығы сенім, үміт, махаббат бірлігінде адамның Құдайға деген қатынасында екендігі дәйектелді.