Draw io таймлайн құру



бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі3,29 Mb.
#138260
  1   2
Байланысты:
draw


  1. draw.io таймлайн құру

draw.io v12.3.8 шаблон көмегімен Сурет-1 ұсынылған таймлайн құру мысалын қарастырайық.
Таймлайн (timeline) – оқиғалардың хронологиялық тәртіппен ұсынылған уақыт сызығы.
Браузерде https://www.draw.io/теріңіз
1) Таймлайнды жергілікті файлдық жүйеде сақтау үшін Device таңдаңыз. Жаңа схема құру үшін –Create New Diagram таңдаңыз(Егер құрылған файлды ашу керек болса –Open Existing Diagramтаңдаңыз).



2) Filename өрісіне файл атауын енгізіңіз.





3) Ары қарай шаблон көмегімен немесе Blank Diagramбос бланкісі негізінде схема құруға болады. Шаблон бойынша таймлайн құру үшін ұсынылғандардың ішінен біреуін таңдаңызBusinessbusiness/timeline_3 Create.



4) Шаблон жұмыс аймағына орналасады. draw.io интерфейсі келесілерден тұрады:



  1. жұмыс аймағы;

  2. мәзір;

  3. құралдар панелі;

  4. символдар кітапханасы;

  5. форматтау панелі.




5) Ұсынылған шаблонда түрлі параметрлерді қолдануға болады: өлшемдері, орналасуы, қаріп, түс және т.б.Мысалы, түсін өзгерту үшінStage 1объектісін ерекшелеңіз, кейін форматтау панелінің оң жағында орналасқан Styleқалташасынан сәйкес түсті таңдаңыз.





6) Ары қарай шаблонға өз мәліметтеріңізді енгізіңіз. Файлды сақтау үшін – мәзірдегі File Saveбасыңыз.





7) draw.io түрлі форматтарда экспорттау мүмкіндігі бар: PNG, JPEG, SVG, PDF, VSDX, HTML, XML, URL. Құрылған таймлайнды сурет ретінде экспорттау үшін мәзірден File – Export as таңдаңыз, кейін қажетті форматты таңдаңыз. Мысалы, JPEG.





8) draw.io функционалы интерактивті диаграммалар мен схемалар құруға мүмкіндік береді. Сілтемелер (links) интерактивтілікті қосудың бір жолы болып табылады. Цифрландыру бағдарламалары бойынша құжаттар көзімен танысу үшін құрылған таймлайнға сілтемелер қосыңыз. Ерекшеленген объектіге тінтуірдің оң жақ батырмасын басу арқылы контексттік мәзірді шақырып, EditLinkбасыңыз.



9) Edit Link өрісіне сыртқы URL мекен-жайды қойып, қажетті ресурсты енгізіп, Applyбатырмасын басыңыз.





10) Енді таймлайн объектісі сілтемемен қамтылған және объектіге басқанда қажетті сыртқы ресурс ашылатын болады.



11) Таймлайнды URL мекен-жай ретінде экспорттау үшін мәзірден File – Exportas таңдап, URLбасыңызы.





12) Аяқталған таймлайнға сілтеме құрылады. Preview батырма арқылы құрылған контентті алдын-ала қарауға болады. Copy басу арқылы сілтемені Facebook, Twitter және басқа да жолдармен бөлісуге болады.



13) Сілтеме браузерде құрылған таймлайнды ашады. Интерактивті контентті ашу үшін объектіні таңдау керек.



14) Сілтемесі бар объектіні таңдау сыртқы ресурсқа өтеді – «Цифрлық Қазақстан» (Digital Kazakhstan) мемлекеттің бағдарламасының ресми сайты.





2. draw.io-да диаграмма құру
1.4 практикалық блогының 1-бөлімінде шаблон негізінде таймлайн құру мысалы келтірілген болатын. draw.io сервисі символдар кітапханасын, форматтау панелін қолдана отырып графиктердің, схемалардың, диаграммалардың түрлерін құруға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект (ЖИ) аймақтарын бейнелейтін Эйлер диаграммасын құру мысалын қарастырайық. Терең оқыту – машиналық оқытудың тармағы, ал машиналық оқыту ЖИ тармағы [7].
1) Браузерде https://www.draw.io/ теріңіз
Диаграмманы бұлттық қоймаларда (Google-диск, Dropbox, OneDrive), құрылғының (Device) қатқыл дискісінде сақтауға болады. Дайын диаграмманы ашу үшін –Open Existing Diagramтаңдаңыз. Жаңа диаграмма құру үшін–Create New Diagramтаңдаңыз.



2) Диаграмма бланкын таңдау: BasicBlank Diagram, Createбатырмасын басу.



3) Жұмыс аймағына шеңбер орналастыру, ол үшін General – Circle символдар кітапханасынанCircleтаңдаңыз.





4) Шеңбердің сыртқы сызығының түсін өзгерту үшін форматтау панелінің оң жағында орналасқан палитрадан түс таңдаңыз (төмендегі суретте көк түстаңдалған – 007FFF). Шеңбердің сыртқы сызығының қалыңдығын өзгерту үшін форматтау панеліндегі Lineпараметрін өзгертіңіз.





5) Жазба қосу үшін сол жақтағы кітапханадан General – Textтаңдаңыз.





6) Объектіге жазба орналастырыңыз. Қосымша тағы екі шеңбер құрыңыз. Форматтау панелі көмегімен олардың түсі мен қалыңдығын өзгертіңіз. Жазбалар қосу.



7) Құрылған диаграмманы экспорттау үшін мәзірде File – Export asтаңдаңыз, кейін экспортталатын файл форматын таңдаңыз. Мысалы, JPEGформатындағы сурет.





8) Диалогтық терезеде экспорттау үшін Exportбасыңыз.





9) Суретті жергілікті файлдық жүйеде сақтау үшін Device Downloadтаңдаңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет