Дұрыс тамақтану арқылы короновирус инфекциясынан кейін адам ағзасын қалпына келтіру



Дата21.10.2022
өлшемі12,86 Kb.
#44743

Эссе
Мен өз ғылыми зерттеуімді “дұрыс тамақтану арқылы короновирус инфекциясынан кейін адам ағзасын қалпына келтіру” деген тақырыбына зерттеулер жүргізіп, жаздым. Әрине бұл жоба тақырыбын мен жайдан-жай таңдамадым , оның бірнеше себептері болды. Олардың әрқайсысына тоқталып өтсем.
Біріншіден, мен өзім короновирус инфекциясымен ауырдым. Жазылу мақсатында мен әртүрлі антибиотиктерді қабылдадым.Осы дәрі-дәрмектер арқасында мен тәуір болдым, бірақ менің иммундық жүйем әлсіреп, ағзамда дизбактериоз байқалды. Сондықтан мен ағзамды қалпына келтіру мақсатында дұрыс тамақтану жүйесіне көштім.Екіншіден, осы дұрыс тамақтану арқылы мен өз иммундық жүйемді, жалпы ағзамды қалпына келтірдім. Үшіншіден, дұрыс тамақтану ол тек қана аурудан сақтану емес, бұл жалпы біздің организміміздің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Сол себепті мен дұрыс тамақтануды адамдарға насихаттау ретінде өз жобамда ұсынып отырмын.
Бүкіл әлемде короновирус инфекциясы жүріп жатқандақтан дұрыс тамақтану денсаулықты сақтайтын және аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқаратын дұрыс және ұтымды тамақтану пайдалы болады. Дұрыс тамақтанбау көптеген аурулардың алғашқы себептерінің бірі болып табылады, өйткені бұл адамның жеке мүшелерінің де, жалпы ағзаның да функциясының бұзылуына әкеледі. Құрамы төмен азық-түлік, азық-түліктің жетіспеушілігі және оның артық болуы теріс әсер етеді. Ал дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, қоршаған ортаның зиянды факторларына қарсы тұруға, сондай-ақ аурулардың алдын алуға ықпал етеді. Адам ағзасының иммундық жүйесін нығайтады.
Қорытындылай келе, менің таңдаған жобам ең мықтысы болмаса да, оның адамдарға беретін айрықша құндылығы бар деп санаймын. Барлық адамдар үшін пандемиядан кейін де дұрыс тамақтану қажет. Зерттеу жұмыстарында короновирус инфекциясы ұшығып тұрған кезде адам ағзасына дұрыс тамақтану арқылы иммундық жүйені қалпына келтірудің бір жолы ретінде қарастырамыз. Салауатты өмір салтын насихаттаймыз.Әсіресе мектеп жасындағы жасөспірім кезінде дұрыстамақтанудың маңызын ашып көрсеткіміз келді.Қоғамда дені сау адамдардың болуы көбірек пайдалы болады.мектеп жасындағы балалар сабақты ауру себебімен босатпайды, сәйкесінше сапалы білім алады. Ал үлкендер жұмыстан қалмаса сол жұмысының өнімі артады, сөйтіп ол ел экономикасына тиімді ықпал етеді.Елімізде бай, білімді, денісау ұрпақтар өседі. Бұл өз ретінде еліміздің болашағы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет