Ә. Науаидің «Фархад пен Шырын» дастаны қазақ тіліне аударылуы. Ә. Науаи «Екі тілдің таласы» шығармасының ерекшелігі



Дата14.03.2023
өлшемі0,65 Mb.
#74010
Байланысты:
Әділбек арт 2

Ғұн мәдениет ескерткіштері

Орындаған: Қадыр Әділбек

Топ:302


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
АКАДЕМИК С.ҚИРАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ КАФЕДРАСЫ
ҒҰНДАР
Ежелгі заманда Орталық Азия аумағын мекендеген ең ірі ру-тайпалар бірлестігі көшпенді хунну — ғұн тайпасы болды. Ғұндар тарихының басталуы қытай дереккөздері бойынша Шань-Гуй-фан, Чжоу-Хянь-Юнь және Хань-Хун-Ну әулеттері тұсындағы Яо дәуіріне (б.з.д. 2356 — 2256 жж.) қатысты. Ғұндарды шань-жун-таулық жундар деп атаған. Ол замандарда ғұндар Қытайдан солтүстікке және солтүстік-батысқа қарайғы өңірде өмір сүрген. Қытайдың олар туралы ең ежелгі аңыздары Шу-цзин деп аталады
24 тайпадан тұратын ғұн одағы шығыс қанат және батыс қанат болып бөлінді. Әр қанатқа 12 тайпа кіретін, бұдан кейінгі ғасырларда бұл «оң ғар» — он қанат және «сол ғар» — сол қанат болып билік басында жоғарғы көсемге бағынатын, «жауке», «дуки» (данышпан) деген атақтары бар екі көсем тұратын.
Ғұндардың жоғарғы көсемі «тәңрі» немесе «тәңрі-құт», шаньюй (кытайша айтылуында таньғой) деген атақпен аталды. Тәңрі-құт пен 24 тайпаның көсемдері мемлекеттік басқарудың өзегі болды.
24 тайпалық көсемнің әрқайсысының бағыныштылығында мыңбасы, жүзбасы, онбасылар болып, бұлар атқарушы биліктің міндеттерін орындады. Әр тайпа көсемінің қарауын — 10 000 салт атты болды
Ғұн тайпасы тарихы :

Адамзат тарихындағы өнер туындысының ең бағалысы көшпенділердің аңдық стилі. Иә, көне заман көшпенділері, әлемде теңдесі жоқ, алабөтен, тың жанр – аң стилін өмірге әкелді. Аң стилінің басты ерекшелігі – жан-жануарды әрекет үстінде, кейде апатия жағдайында, енді бірде мифтік тұрғыда бейнелеп, бедерлеуінде.


Ежелгі мәдениетті зерттеу, көне түркі мәтіндерін тәржімелеу, ежелгі түркілердің мифологиясын еуропалық үлгілермен салыстыра зерделеу барысында
Жер шары халықтарының мәдениеті ортақ, барлық халықтың мәдениеті, әдебиеті мен өнері бір - бірін өзара байытады деген ойға келесің
Әлемдік мәдениеттің аса қызғылықты құбылысы – скифтердің «аң мәнері» - көрші халықтардың өміріне елеулі ықпал жасап, батыс елдеріне өтіп, еуропалық өнерде, фольклорда, әдебиетте көрініс тапты.
«Аң мәнерінің» басты жұмбағы – мифтік жануарлар, арыстан текті бүркіттер, қанатты бұғылар, Эдип патша мен қарапайым адамдарға сұрақ қоюшы дана сфинкстер
Жаратылыста беймәлім, құпия мақұлықтардың қисапсыз алтын һәм қола мүсіншілері нені аңғартуы мүмкін :
Қанатты арыстандар мен ілбісіндер жылқылар мен бұғыларды шайнап жатқан суреттер скиф және сақ тайпаларының өзара теке-тіресін көрсетеді деген болжамдар айтылды.
Егер осы пікір шын болса, бұл оқиғалар көне жылнамаларда көрініс табар еді. Айдаһардың атқа шабуылы ғұндар мен үйсіндердің бір - бірімен шайқасын білдіріп тұрғанын бағзы заман жазушылары жазып қалдырар еді.
Өйткені, ғұн тәңірқұттарының туында айдаһар бейнеленген, ал ат – көшпелілердің басты қазынасы. Бірақ мұндай деректер, мысалы, Қытай жылнамаларында айтылмаған, Күлтегін мен Тоныкөк жайындағы ежелгі түркі мәтіндерінде, тіпті, ишара да жасалмайды. Сондықтан, тайпалар мен рулар арасындағы тайталас және оның «аң мәнерінде» көрініс табуы жөніндегі болжам расталмаған күйінде қалды.
Ақтөбе қаласы маңындағы құрылысқа қажетті құм өндірілетін орындардың бірінен ғұн дәуіріне жататын көне қабір табылды.
Көне ескерткішті археологтар емес, құм өндіріп жүрген жұмысшылар тапқан. Үш метр тереңдіктен алдымен — адам сүйектері, соңынан түрлі бұйымдары шыққан. Алғашында абдырап қалған жұмысшылар дереу ес жиып, құм өндірілетін карьердің учаске бастығы ДанатБақыт ішкі істер органдарына хабар беріпті. Олар өз кезегінде археолог және тарихшы мамандарды шақыртқан.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет