E өзін бақылап жүрген акушер-гинеколог шешеді



Дата22.12.2023
өлшемі27,61 Kb.
#142996
Байланысты:
акау


Экстрагениталді патологиясы жоқ, жүктілігі физиологиялық жағдайда өткен жағдайда жүкті әйел консультацияға неше рет келу керек.
A) 4 рет
B) 7 рет
C) 10 рет
D) 12 рет
E) Өзін бақылап жүрген акушер-гинеколог шешеді
ANSWER: B
Ұрық жүйке трубкасы дұрыс қалыптасу үшін әйелге жүктіліктің 12 аптасына дейін қандай препарат тағайындау керек.
A) минералді-витамин кешені
B) жақсы тамақтану
C) фолий қышқылын
D) йод препараттарын
E) ұйқы және демалу режимін сақтау
ANSWER: C
Жүктіліктің 10-13 аптасында жүргізілетін екілік тест деп аталатын пренаталды биохимиялық скринингте қандай эмбрионспецификалық белоктар зерттеледі.
A) альфафетопротеин, бос эстриол
B) β-ХГЧ, бос эстриол
C) альфафетопротеин, ингибин А
D) альфафетопротеин, ПАП-А
E) β-ХГЧ, ПАП-А
ANSWER: E
Ана қанындағы эмбрионспецификалық белоктар концентрациясы анықталатын пренаталды скрининг қалай аталады.
A) цитогенетикалық скрининг
B) УД скрининг
C) молекулярлы скрининг
D) иммунологиялық скрининг
E) биохимиялық скрининг
ANSWER: E

Жүктіліктің 16-21 апта мерзімінде жүргізілетін үштік тест деп аталатын пренаталды биохимиялық скринингте қандай эмбрионспецификалық белоктар зерттеледі.


A) β-ХГЧ, альфафетопротеин, бос эстриол
B) ПАП-А, альфафетопротеин, ингибин А
C) β-ХГЧ, альфафетопротеин, ПАП-А
D) β-ХГЧ, ПАП-А, бос эстриол
E) ПАП-А, ингибин А, бос эстриол
ANSWER: A

Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында бос эстриол гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеудің аналық себебіне жатпайды.


A) пиелонефрит
B) гемоглобинопатия
C) тамақтанудың жеткіліксіздігі
D) ГКС қолдану
E) гипотрофия
ANSWER: E

Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында бос эстриол гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеудің ұрықтық себебіне жатпайды.


A) ОЖЖ даму ақаулары
B) ЖҚЖ даму ақаулары
C) Даун синдромы
D) гипотрофия
E) гемоглобинопатия
ANSWER: E

Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында бос эстриол гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеу себебіне жатпайды.


A) көпұрықты жүктілік
B) ірі ұрық
C) бүйрек жетіспеушілігі
D) жүктілік мерзімі
E) Эдвардс синдромы
ANSWER: E

Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында β-ХГЧ гормонының жүктілктің ІІ үшайлығында концентрациясының қалыптыдан жоғарылау себебіне жатпайды.


A) ҰҚІДК
B) ФПЖ
C) резусқайшылықты жүктілік
D) гестоз
E) ұрықтың трофобластикалық ауруы
ANSWER: E

Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында β-ХГЧ гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеу себебіне жатпайды.


A) мерзімі өткен жүктілік
B) ұрықтың антенаталды өлімі
C) созылмалы ФПЖ
D) түсік қаупі
E) резусқайшылықты жүктілік
ANSWER: E

Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында альфафетопротеин гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеу себебіне жатпайды.


A) Даун синдромы
B) Эдвардс синдромы
C) анэнцефалия
D) бүйректің даму ақаулары
E) гастрошизис, омфалоцеле
ANSWER: E

Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында альфафетопротеин гормонының концентрациясының қалыптыдан жоғарылу себебіне жатпайды.


A) түсік қаупі
B) ұрықтың антенаталды өлімі
C) көрұрықты жүктілік
D) гастрошизис
E) анэнцефалия
ANSWER: E

Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында ПАП-А гормонының концентрациясының қалыптыдан төмендеу себебіне жатпайды.


A) ұрық гипотрофиясы
B) жыныс хромасомаларының анеуплоидия және триплоидиясы
C) анадағы қант диабеті
D) ананың гипертониялық ауруы
E) көпұрықты жүктілік
ANSWER: E
Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында ПАП-А гормонының концентрациясының қалыптыдан жоғарылау себебіне жатады.
A) ұрық гипотрофиясы
B) жыныс хромасомаларының анеуплоидия және триплоидиясы
C) анадағы қант диабеті
D) ананың гипертониялық ауруы
E) көпұрықты жүктілік
ANSWER: E

Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында β-ХГЧ гормонының концентрациясының қалыптыдан жоғарылау себебіне жатады.


A) ұрықтың трофобластикалық ауруы
B) жатырдан тыс жүктілік
C) дамымай қалған жүктілік
D) түсік қаупі
E) созылмалы ФПЖ
ANSWER: A

Пренатальды биохимиялық скринингте ана қанында β-ХГЧ гормонының концентрациясының төмендеу себебіне жатады.


A) Эдвардс синдромы
B) Даун синдромы
C) кеш гестоз
D) резусқайшылықты жүктілік
E) көпұрықты жүктілік
ANSWER: A

Босанып үйіне келгеннен кейін дәрігер нәрестені тексеріп келесі өзгерістерді көрді: Жалпы жағдайы қанағанаттанарлық, кіндігінің айналасы қызарған, жарасынан аз мөлшерде серозды-іріңді бөлінділер байқалады. Дәрігердің болжамалы диагнозы.


A) баланопостит
B) коньюнктивит
C) отит
D) кіндіктің грыжасы
E) омфалит
ANSWER: E

Босанғаннан 12 тәуліктен кейін әйелдің дене қызуы 380 дейін көтеріліп, қалтырау, сүт бездерінде ауыру сезім пайда болды. 2 тәуліктен кейін дәрігерге көрінді. Жалпы тексеру кезінде бір жақ сүт безінде ауыру сезімді, көлемі 2х3 см. инфильтрат пальпацияланды. Диагноз.


A) іріңді мастит
B) лактостаз
C) сероздық мастит
D) инфильтративтік мастит
E) флегмоноздық мастит
ANSWER: D

Босанғаннан кейін жатыр өзінің қалыпты өлшеміне қай уақытта келеді.


A) 8 аптадан кейін
B) 10 аптадан кейін
C) 16 аптадан кейін
D) 20 аптадан кейін
E) 22 аптадан кейін
ANSWER: A

«Босанудан кейінгі кезеңі» деп аталады.


A) бoсанғаннан кейінгі 42 күн
B) нәрестені емізіп болғанша
C) босанғаннан кейін бірінші етеккір келгенге дейін
D) босанғаннан кейінгі бір ай
E) босанғаннан кейінгі 2 апта
ANSWER: A

Қалыпты жүктілік барысында жүкті әйелдерде RW, ВИЧ инфекциясына талдауды қай аптада жүргізіледі.


A) 12, 30-32 аптада
B) 12, 36 аптада
C) 12, 24-25 аптада
D) 12, 38-40 аптада
E) 12, 16-20 аптада
ANSWER: A

Ұрықтың жүрек жиырылуының базальды жиілігі дегеніміз.


A) 10 мин және одан жоғары уақыт аралығында өзгеріссіз сақталатын ЖЖЖ
B) толғақ барысында жатырішілік қысымның жоғарылауындағы ЖЖЖ
C) зерттеу барысында 10 мин ішінде пайда болатын осцилляция
D) босану үрдісі басталғанға дейінгі болатын ұрықтың жүрек соғу жиілігі
E) толғақ әсерінен жатырішілік қысымның төмендеуі кезіндегі ЖЖЖ
ANSWER: A
Жүктіліктің ІІ үшайлығында ультрадыбысты скрининг жүргізуде мына көрсеткіш бағаланбайды.
A) ұрық фетометриясы көрсеткіштері
B) плацента жағдайы
C) ұрықтың дұрыс дамуы
D) АСИ көрсеткіші
E) жатыр мойны жағдайы
ANSWER: E

Жүктіліктің ІІІ үшайлығында ультрадыбысты скрининг жүргізуде мына көрсеткіш бағаланбайды.


A) тыныс алу жиілігі және индексі
B) қимыл белсенділігінің жиілігі
C) жүрек қызметі
D) фетометрия көрсеткіштері
E) құйымшық-төбе өлшемі
ANSWER: E
Жүктіліктің І үшайлығында жүктілік мерзімін анықтауда ең нақты мәлімет беретін биометрия параметрі.
A) ұрықтың орта диаметрі
B) эмбрионның құйымшақ-төбе өлшемі
C) жатыр өлшемі
D) эмбрион денесінің диаметрі
E) бипариетальды өлшем
ANSWER: B

Шағымы: іштің төменгі жағында күшті ауырсыну, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, дизуриялық бұзылыстар, іштің кебуі, жыныс жолдарынан патологиялық бөліністің бөлінуі. Анамнезінде: созылмалы сальпингоофорит, 4 жылдан бері ЖІЗ қолданады. Тексеруде: ішастар тітіркену белгісі оң мәнді. Қынаптық тексеруде: жатыр қосалқылары ұлғайған, ауырсынады. ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. БҚА: С реактивті белок оң мәнді. ЖЗА: өзгеріс жоқ. Жүктілікті анықтауға арналған тест теріс мәнді. УДЗ нәтижесі: жатыр артқы кеңістігінде бос сұйықтық анықталады, жатыр қосалқылары ұлғайған, жыныс жолдарынан патологиялық бөліністер. Сіздің диагнозыңыз.


A) жедел аппендицит
B) хирургиялық перитонит
C) жатырдан тыс жүктілік
D) аналық без кистасының бұралуы
E) жедел сальпингоофорит
ANSWER: E

Шағымы жыныс мүшелерінің қышуы, күдіру сезімі, жыныс жолдарынан бөліністің бөлінуі. Кольпоскопияда: вульва және қынап шырышты қабатының тегістелуі, жұқаруы, контактылы қан кету, вульва және қынап эпителиінің жұқаруы, Шиллер сынамасында біркелкі емес боялуы. Қынаптық бөліндіні цитологиялық зерттеуде базальды және парабазалды қабат жасушаларының анықталуы. Сіздің диагнозыңыз.


A) атрофиялық вульвовагинит
B) бактериялық вагиноз
C) трихомонадты вульвовагинит
D) кандидозды вульвовагинит
E) жедел бартолинит
ANSWER: A
Науқасты тексергенде келесі өзгерістер байқалды: қынап бөлінділерінің рН 4,5 жоғары, шырышты қабатының гиперемиясы, аминді тест -оң, микроскопиялық зерттеу кезінде жағындыдан "кілттік жасушалар" байқалды. Диагноз.
A) бактериялық вагиноз
B) бейспецификалық вагинит
C) кандидозды вульвовагинит
D) трихомонадты вульвовагинит
E) қынапқа түскен бөтен заттан болған вагинит
ANSWER: A

25 жастағы тұрмыс құрмаған әйелдің шағымдары: жыныс жолдарынан аз мөлшерде бөлінділер, жыныстық қатынастан кейін – қанды бөлінділер, оң жақ қабырға доғасының астындағы аймақтағы ауыру сезім, жалпы әлсіздік. Бір айдан бері жаңа жыныстық серіктесімен тұрады. 2 жыл бұрын бір жүктілік болған – аборт жасалған. Гинекологиялық тексеру мәліметтері: қынаптық бөлінділері шырышты, цервикал канал бөлінділері – ірің тәрізді. Жатыр мойынында көлемі кішкентай эктопиясы байқалады. Бимануалді зерттеу: жатыр мойыны ауыру сезімді. Жатыр қосалқылары, оң жақ қабырғаларының асты пальпация кезінде ауырады. Болжам диагноз.


A) жатыр қосалқыларының бейспецификалық қабынуы
B) трихомониаз
C) хламидиоз, гонорея
D) цитомегаловирус, жай ұшық вирусы
E) туберкулездік сальпингит, эндометрит
ANSWER: C

Жасөспірімдерде ювенилді жатырдан қан кетудің жиі кездeсетін себебі.


A) гиполютенизм
B) фолликулдар персистенциясы
C) фолликулдардың атрезиясы
D) гиперпролактинемия
E) қан ұюы жұмысының бұзылуы
ANSWER: C

Пременопауза кезеңінде дисфункционалдық жатырдан қанкетуді тоқтататын негізгі әдіс.


A) синтетикалық эстроген-гестагендік препараттар
B) қан тоқтататын және жатыр бұлшықеттерін жиырылтатын дәрі-дәрмектер
C) андрогендер
D) 17-оксипрогестерон капронатын (17ОПК) үздіксіз енгізу
E) цервикал канал және жатыр қуысын бөлек диагностикалық қыру
ANSWER: E

Біріншілік дисменореяның эндометриоздан ажырату белгілері.


A) етеккірдің ауырсынып келуі, ауырсыну менархеден кейін бірнеше жылдан соң дамиды, қынаптық тексеруде, жатыр ретропозияцияда, қозғалысы шектелген, ассиметриялы, етеккір алдында көлемі ұлғайған
B) етеккір кезінде іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуы, іштің төменгі бөлігінің тұрақты ауырсынуы, қынаптық тексеруде жатыр біртегіс емес
C) іштің төменгі бөлігінде тұрақты ауыру белгісі, қынаптық тексеруде жатыр қосалқылары ұлғайған, ауырсынады
D) етеккірдің ауырсынып келуі, іштің төменгі бөлігінде тұрақты ауырсыну, етеккір қаны мөлшерінің және келу күнінің азаюы, анамнезінде медициналық түсіктер, жатырішілік манипуляциялар, қынаптық тексеруде: өзгеріс жоқ
E) етеккірдің ауырсынып келуі, етеккір қаны мөлшерінің көбеюі және күнінің ұзаруы, анамнезінде ЖІЗ енгізілуі, қынаптық тексеруде жатыр мойын өзегінен ЖІЗ мұртшаларының анықталуы
ANSWER: A

Біріншілік дисменореяның cозылмалы сальпингоофориттен ажырату белгілері.


A) етеккірдің ауырсынып келуі, ауырсыну менархеден кейін бірнеше жылдан соң дамиды, қынаптық тексеруде, жатыр ретропозияцияда, қозғалысы шектелген, ассиметриялы, етеккір алдында көлемі ұлғайған
B) етеккір кезінде іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуы, іштің төменгі бөлігінің тұрақты ауырсынуы, қынаптық тексеруде жатыр біртегіс емес
C) іштің төменгі бөлігінде тұрақты ауыру белгісі, қынаптық тексеруде жатыр қосалқылары ұлғайған, ауырсынады
D) етеккірдің ауырсынып келуі, іштің төменгі бөлігінде тұрақты ауырсыну, етеккір қаны мөлшерінің және келу күнінің азаюы, анамнезінде медициналық түсіктер, жатырішілік манипуляциялар, қынаптық тексеруде: өзгеріс жоқ
E) етеккірдің ауырсынып келуі, етеккір қаны мөлшерінің көбеюі және күнінің ұзаруы, анамнезінде ЖІЗ енгізілуі, қынаптық тексеруде жатыр мойын өзегінен ЖІЗ мұртшаларының анықталуы
ANSWER: C

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет