Ең үздік ғылыми жоба «Мәшһүр Жүсіптің көріпкелдігі» Орындаған: Мұқатай А



бет1/14
Дата09.05.2022
өлшемі51,67 Kb.
#33160
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Документ Microsoft Word (3)


Ең үздік ғылыми жоба «Мәшһүр Жүсіптің көріпкелдігі» Орындаған: Мұқатай А.

Мәшһүр Жүсіптің көріпкелдігі Қазақ әдебиеті тарихында Мəшһүр Жүсiп Көпейұлының алар орны айрықша. Бала кезінен мұсылманша хат таныған Жүсіп Көпейұлы шығыс жауһарларымен сусындап өскен. Орыс тiлiн жетік меңгеріп, Батыс өркениетімен де танысқан ол тарих, этнология, фольклористика, əдебиет, тiл тарихы, этнография, философия, медицина, космология сияқты  ғылым салаларына арналған көптеген еңбектерді жазып қалдырды. Мәшһүр Жүсіп 1858 жылы Баянауылдағы Қызылтаудың Найзатас деген жерде дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Адам. 7 жасар кезінен-ақ халық әдебиеті үлгілерін жинаумен айналыса бастаған.Он бас жасынан бастап ақындық жолға бой ұра бастайды.  Мұса Шорманұлы ауылына қонақ болып келгенде кішкене баланың өнеріне тәнті болыпты.  Ақын баланың әкесіне  «Сопы, мына балаңа мұнан былай бас киіміне үкі тақтырып қойыңыз. Көз-тілге шет болмасын! Бұл өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен! — деп айтқан екен. Содан кейін «Жүсіп» — деген атына  «Мәшһүр» аты қосақтала бастайды. Біраз уақыт ауылда бала оқытып, қаржы жинайды.  Білімге ұмтылып, 1886 жылы Бұхараға келіп, діни жоғары оқу орнында оқиды. Ары қарай оқуын Ташкентте жалғастырып, Орта Азияны аралайды. Осы сапарында түрколог — академик В.В. Радловпен танысып, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жинап бастыру ісімен айналасады. Осылайша қазақ фольклорының жүйелі жинақтаушысы болды. 1907 жылы басылып шыққан оның кітаптары  1912 жылы патша әкімшілігінің сынына ұшырайды. Патша билігіне қарсы мақсатта жазылған деп айып тағылып, 12 000 сом айыппұл салынып, баспаханадағы 14 кісіні жауапқа тартылады. Мәшһүр Жүсіп ғұмырының соңғы кезеңі туралы ел аузында түрлі әңгімелер көп. Ақын 1931 жылы өзінің туған ауылында дүниеден қайтады. Көзі көрген адамдардың айтуынша ақынның көріпкелдік, әулиелік қасиеті болған. Ол өлерінен бір жыл өзіне күні бұрын бейіт тұрғызып, өзінің көзі тірісінде жаназасын шығарып өзіне ас бергізеді. «Жетпіс үшке шыққанша балталасаң да өлмеймін, жетпіс үшке шыққан соң сұрасаң да тұрмаймын, мен өлген соң ас бермек түгілі бақа-шаян теріп кетесіңдер», – деген сөзі тура келеді. 1931 жылы қызыл қырғын ашаршылықтың басталғанын ескеретін болсақ, таңданбасқа шара жоқ. Осы әңгіме ел арасында аңыз боп тарап, ауыл адамдары өлгеннен кейінгі жерде Мәшһүр Жүсіпті әулие тұтып, басына келіп тәуап етіп, түнейтін болған. Оның зиратын қырық жылдан соң қайта ашып көргенде сүйегі сол қалпы сақталған-мыс. Бұл жайлы 2000 жылы Қызылжардан шыққан «Мәшһүр Жүсіп өмірі» (аңыз бен ақиқат) атты кітапта мынадай мәліметтер берілген. «1929 жылы Ескелдідегі қыстауын бастап, 1930 жылы аяқтап, бір қыстайды. Осы жылдың жазында зират үйін де салдыруды қолға алады. «Әуелі «Жатар орнын» дайындатады. Үлкен келіні Ақ Зейнептің Дұсжан деген інісіне қаздырып, өзі үнемі басында отырады екен. Енін, көлденеңін, биіктігін екі жарым кез етіп алдырады да, ол біткен соң көңілі әлдебірденеңеге дауаламағандай балдызына тағы да біраз тереңдету керектігін айтады. Күндегі әдетінше ертеңгілік тағы да басына келіп отырады да, дұға етеді. Бұл кез Дұсжан бірыңғай қиыршық тас жер үйіндісінің астынан тұтасқан бір ақ күлгін түсті тастың белгі бере бастағанын байқайды. Сөйтеді де: – Моллеке, мына жердің тасының түсі өзгере бастады, әрі тұтас жатқанға ұқсайды, енді не істейін, бөлектеп уақтайын ба, – деп жоғары қарайды. – Жоқ, Дұсжан. Менің де күткенім сол болса керек. сындырмай тұтас ал да жоғарыға шығар, – деп тағы да дұға оқиды. Биіктігі бір жарым, ені бір кезге таяу, қалыңдығы 20-30 сантиметр бұл тасты аты-жөнін жазып, басына белгі етіп қойғызған екен тірісінде. Ол тастың қалдығы әлі сақтаулы. Ал Мәшекең зират-үйін екі бөлмелі етіп салдырған да, төргі бөлмесіне өзін ашық қоюды өтінеді. Ауызғы бөлмеге ыдыс-аяқ, кітап-құрандарын, ер-сайман, кілем, үккіш т.б. пайдаланған заттарын түгел қойғызады. Насыбай шақшасына әрдайым дайын насыбайды толтырып кетіп отыруды өсиет етеді. – Қысы бар, жазы бар, әрі-бері өткен жолаушылар келіп түнеп қалса, барлық мүлкімді пайдалансын. Бірақ жуып-тазалап қайыра орын-орындарына қойып кететін болсын. Қорықпасын, мен көрден тұрып ешкімге да бас салмаймын, – деп тапсырады. Бұл жерде Мәшһүрдің: – Мен өлгеннен кейін де қырық жылға дейін денем бұзылмайды. Тірі адам көзі көреді, серт етем. Тек жаздың ыстық айлары ақіретімді айырбастап отырыңдар, қыс керегі жоқ. Сонда көздерің жететін болады, – деп, үлкен баласы Шәрәпиденге шырақшылықты өсиет етеді» Ақын мұрасы кеңестік идеологияның құрығына ілініп, ұзақ жылдар бойы зерттеп-зерделенуге, жарыққа шығуға шектеу қойылып, әдеби мұрасы шет қалды. Тәуелсіздік таңы атып, ақын мұраларын кеңінен насихаттала түсуге мүмкіндік алды. Ақын атында  Мәшһүртану мен Мәшһүр Жүсіп оқулары ұйымдастырылып, жылдағы дәстүрге айналды. 2001 жылы Қызылжар  қаласында Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіт ашылса, 2003 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алдындағы алаңға қолдан бюст-ескерткіші орнатылған. Ал 2006 жылы ақын Мәшһүр Жүсіптің  зиратының басына зәулім кесене тұрғызылған.

Заман болжауы

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

II-бөлім


Әуелгі атым еді Адам Жүсіп,

Сүйген халқым кетті Мәшһүр десіп.

Петербург, Лондонға аты мәлім,

Айтайын мен сендерге көңлім түсіп.

Шешендер шыға алмайды тұйығына,

Баса алмаймын батпақтап ұйығымнан.

Баяғыңды ойлама енді қазақ,

Бақытыңды тайдырған иығыңнан.

Жақсы болсаң жау болар өз аулың,

Жаман болсаң жат болар өз бауырың.

Әр түрлі сөзге еріп пәле жауып,

Шірітер түрмесінде мұжық бауырың.

Тұрарда таң намыщына кер боларсың,

Шығырда шыбан жаның тер боларсың.

Кеудеңе алабота, жусан шығып,

Бір кезде аяқ басар жер боларсың.

Қалған жоқ Сарыарқа сенде қызық,

Сандалтып Сарыарқаны алды мұжық.

Қолынан келер де жоқ, өнер де жоқ,

Баласы сорлы қазақ қалдың мыжып.

Таптадың Сарыарқаны қаншама жыл,

Байың жоқ, батырың жоқ, қалғаның тұл.

Ерініп еңбек етіп, егін салмай,

Мұжыққа өала салып, болғаның құл.

Отыз екнші жыл болар сондай ауыр,

Адамдар аш-жалаңаш болып жакыр.

Кетеді айдалаға есі шығып,

Ағайын туған-туыс, суып бауыр.

Адыра тұл қалады қурап шаңырақ,

Кетеді айдалға иесі аңырап.

Тірі кісі табысар бір заманда,

Қойдай маңырап, қозыдай жамырасып.

Дүниеге жарасады күн менен ай,

Бұл заман да тұра бермес мәңгі осылай.

Мысалы, бұл дүниені мен айтайын,

Теңелер сол заманда кедей мен бай.

Өзгеріп одан кейін заман болар,

Жолына шариғатың күмән болар.

Қызығы кәрі-жастан ұят кетіп,

Тәртіпсі, ар жойылып тәмам болар.

Күншілдер көрінгенге қуғын сатып,

Ақыры кінісізге жала болар.

Үлгілі, өнегелі салты құрып,

Қаптаған айналасы қала болар.

Кедейлік болар ма, мұндай қиын,

Ойын-күлкі, ас пен қалар жиын.

Еститінің жаман сөз, суық хабар,

Жұмыртқадай шайқалар күнде миың.

Сайтан мен ел, Құдаймен жат болды ғой,

Сол себепті жұрт біткен ғад болды ғой.

Жер мен көктің кеңдігінен не пайда,

Жақсылық, тыныштық деген қат болды ғой.

Жұрт көреді Құдай ісін оңайлығын,

Қысы –жазы тығын жоқ, ыңғай шығын.

Пәнде асығып жеткенше тарығады,

Құдай өзі көрсетпесе Құдайлығын.

Мәңгі бақи бұл дүние тұрмақ емес,

Қалжыртып, қажытып бәрін тегіс.

Өлмеген құл көреді, асықпаңдар,

Бұл дүние де таусылып, болад көмес.

Өлмегенге бұл дәуір кезек тимек,

Пәнде асығып, аптығып пісіп –күймек.

Ұрған құдай пәндесін қан-қақсатып,

Құшырланып құшақтап аяп сүймек.

Жылан жылы өткізер жазды-қысты,

Жылқы жылы сапырылысып, жұр жүрісті.

Құлағың естігенді көзің көрмек,

Көрерсің өлмегенің қай бір дұрысты.

Мың тоғыз жүз қырық бесінші жыл,

Жылқы шығып, қой кірер, оны да біл.

Қойдан қоңыр замнды бір көрерсің,

Қой анасы бестен деп бусайшы бел.

Деп жүрміз, Құдай бар, деп күшті,

Сол сөзде болып кетті ау екі ұшты.

Анық көңіл бекиді қайран қалып,

Құдайлық таң қалғандай көрсетсе іст.

Ертегі емес, шын сөз ғой Құдай қауымы,

Қайда барсаң жұрт болған ғад қауымы.

Құдай жұп қылып жартқан екі түрлі,

Үшеуі ара табылмақ Һұдтың қауымы.

Бақталасты Құдай мен басты малды,

Соларға боп пәленің нақ қарсы алды.

Кейінгіге қыса ғып былшылдауға,

Аман-есен қалдырған ғой осы Мәшһүр шалды.

Үлкен тау төбе болар, тас кеткен соң,

Жақсы ауыл ұры болар, бас кеткен соң.

Ақсақал төрде отырып не болады,

Келіннен тиыш отыр, деп сөз жеткен соң.

Ер жігіт мырза болып не болады,

Қолдан дәулет, басынан бақ кеткен соң.

Ханның да қара тілін ала бермес,

Бастан тәж, астынан тақ кеткен соң.

Әкеден бала безетін күн болады,

Қуат кеміп сексен жас жеткен соң.

Үлгісіз Ата мен Ана болар,

Еркекті әйел билеп дана болар.

Ұлы арсыз, қызы ұятсыз болып,

Бала емес, пәле баққан жайы болар.

Сарыарқа сары жайлау, жер тарылып,

Өрісі жоқ жырық-жырық дала болар.

Сары қымыз сапрулы қолдан кетіп,

Сарғайтып ішетұғын шайы болар.

Қоян жылы заман тараң болар,

Ел аштық жоқшылққа тап болар.

Қоғамның жиған малы топтай түсіп,

Қысы жұт, азық қымбат, нарық болар.

Бұл сөзім өтрік емес шын расы,

Мұнан соң ұрлық қылар кәрі-жасы.

Кедейліктің исі қазақта тұр,

Оңдырар ма сәулесіз өңкей масы.

Сол заманың бір талай ұлықтары,

Ұры-қары сұмдардың жан жолдасы.

Қазақ қайтіп ел болады қарғым-ау,

Ойлайтыны ұлығының өз пайдасы.

Ұлықтардың нәсібі ұры болар,

Қолдайтын періштесі пірі болар.

Зекетсіз кедейлердің жиған малы,

Жең ішінде пармен құрып болар.

Ол заман, қай заман, ыққан заман,

Жақсы жаман келіп жыққан заман.

Ұры-қары көбейген тақыр заман,

Сол заманның адамы көп білем,-деп Дана болар.

Надандығы халыққа мәлім болар.

Шариғат пен хадиспен жұмысы жоқ,

Құранды қате оқып, күнә болар.

Оқыған ғұламалар таусылған соң,

Ақыры сол ұры-қары молда болар.

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін, https://elana.kz/ сайтына сілтеме орналастырыңыз!



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында тарихи және қоғамдық сананың ашықтығының маңыздылығын атап, рухани болмысымыздың кілті – ұлттық кодты жүйелі түрде талдап көрсеткен болатын. Ұлттық код ұлы тұлғалар өмірінің ақтаңдақтарын ашып көрсетуді, олардан алар ұлағатты тағылымды ұрпақ бойына сіңіруді құптайды. Өткен ғасырдағы қазақ тарихының көрнекті тұлғасы – ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, көрнекті ақын, публицист әрі этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының біз біле бермейтін қырлары өте көп.

Бұл жайлы мәшһүртанушы, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д., ҚР жоғары оқу орнының үздік оқытушысы грантының және Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет