2020 жылғы жалпы еңбек құны индексі алдыңғы жылмен салыстырғанда өсу деңгейін көрсетті және 122,8% құрады. Еңбек құны индексі жалақы қоры бойынша алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,2% артты және 122,8%-ды құрады.
Еңбек нарығы
2020 жылы жұмыспен қамтылған халықтың саны 974 мың адамға жетті. Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санында қала халқы 202,8 мың адамды (20,8%), әйелдер – 463,3 мың адамды (47,6%) құрады. Облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандардың 18,9% бейресми жұмыспен қамтылғандар. Жұмыспен қамтылғандар санының 91,9% ресми сектордағы кәсіпорындарда, 7,7% - бейресми сектордағы кәсіпорындарда, 0,4% - үй шаруашлықтарында жұмыс істеді. Бейресми жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 58,3% жалдамалы қызметкерлерлер, 41,7% өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер құрайды. Өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлердің жалпы санының 71,8% - ресми жұмыспен қамтылғандар.
Жоғары білімділердің жалпы санының 92,5 %-нан көбі экономиканың ресми секторында жұмыспен қамтылған. Ресми жұмыспен қамтығандар саны арасында жоғары білімі барлар 33,2%, орта кәсіптік (арнаулы) 34,1%, жалпы орта – 25,9%. Бейресми жұмыспен қамтығандар саны арасында жоғары білімі барлар 11,6%, орта кәсіптік (арнаулы) 26,4%, жалпы орта – 51,7%. Қоғамдағы кризис кезіндегі персоналды басқару күрделі үрдіс, өйткені басқару шешімінің сауаттылығы мен жан-жақтылығы кәсіпорынды толық сақтап қалуда әсері зор. Елдегі ахуалға сай карантиндік шектеу аяқталып, өндірістік ұйымдардың қызметі қайта жанданған тұста еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныста өзгеріске ене бастаған. 2021 жылдың мамыр мен маусым айларындағы мемлекеттегі бос еңбек орындары мөлшері 2,8 есеге ұлғайған. Мәлімет бойынша бұл кризистік мерзімге дейінгі көрсеткіштерден асып кеткен, себебін жұмыс күшіне сұраныстың артуымен түсіндіруге болады, атап айтсақ, өндіріс, транспорт және құрылыс салаларындағы жұмыстың қаурыт өсуімен сипатталады.
Қорытынды
Еңбек нарығын талдай келе, біз жалпы жұмыссыздықтың деңгейін төмендету, жұмыспен қамту және жұмыс күшіне сұранысты тұрақтандыруға бағытталған мемлекеттің ісәрекеттері көрсетілуі қажет екенін алға тартамыз. Өйткені жұмыс күшіне сұраныс мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге деген сұранысты ынталандыра алатындай дәрежеде болу маңызды. Жұмыс күшіне сұранысты ынталандыруға бағытталған еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің кең таралған шараларына мыналар жатады: қоғамдық жұмыстардың нақты бағдарламаларын әзірлеу; жұмыспен қамтуды субсидиялау; еңбек нарығын қаржылық қамтамасыз ету. Осы шаралардың жүзеге асуы еліміздегі еңбек нарығының әлеуметтік-еңбекқатынастары бойынша бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл мемлекет тарапынан жасалатын шаралар деп ұсынсақ, екінші жағынан кәсіпорын деңгейіндегі шаралардың да маңыздылығы да орасан зор. Әлемдік озық тәжірибеледі қолдану, атап айтқанда жапондық еңбек нарығы моделі, оның айрықша белгісі – жұмысшылардың бүкіл еңбек ету мерзіміне кепілдік беретін «өмір бойы жұмыспен қамту жүйесі».