Фольклортану ғылымы
туралы түсінік және объектісі
мен негізгі міндеттері.
Орындаған: Серікболқызы А.
Қабылдаған: Сыздықов С.
Фольклортану
Фольклортану – халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін
классикалық ғылым саласы. Қазақ фольклортану ғылымы
– қазақ фольклорының жиналу, жариялану тарихы мен
табиғатын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.
V–VIII
ғасырларда
тасқа
жазылған
көне
түркі
жазуларында алуан түрлі шешендік сөздер, тарихи
оқиғалар мен эпикалық сюжеттер сілемдері, жоқтаулар,
қанатты сөз үлгілері кездеседі
фОЛЬКЛОРТАНУДЫҢ ЗЕРТТЕУ
ОБЬЕКТІСІ МЕН МІНДЕТТЕРІ
&
Фольклор теориясы ең
алдымен оның әр
кезде атқаратын
әртүрлі қоғамдық-
тұрмыстық міндеті мен
танымдық, тәрбиелік
және эстетикалық
функцияларынан,
мақсаттарынан
туындайтын
мәселелдерді
қарастырады.
Фольклордағы дәстүр
- бұрынғы тәжірибені
өзгертпей кабылдау
әрі жалғастыру, ал
әдебиеттегі дәстүр -
бұрынғыны сол қалпы
ала салу емес, соны
езгерте дамыту.
Фольклордың үш
сипаты бар:
а) фольклор
ежелгі
дүниетаным
және көне
мәдениет
ә) фольклор-
тұрмыстың бір
бөлшегі
б) фольклор
сөз өнері
Фольклордың көп
қырлылығы және әдет-
ғұрыппен байланыстылығы.
Р.Бердібайдың фольклортанушылық еңбегі эпос жанрымен
шектелген жоқ. Оның жалпы фольклор туындыларының басты
ерекшеліктері, атап айтсақ, көпқабаттылығы, көпнұсқалылығы, көп
қырлылығы (синкреттілігі), халық тұрмысымен байланыстылығы,
дәстүрлілігі, образ жасау жолдары жөніндегі мақалаларының
ғылыми ғана емес, публицистикалық мәні де зор.
Жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде «Халық ауыз
әдебиеті» пәнін бүгінгі фольклортану жетістіктері деңгейінде оқытуға
мүмкіндік беретін оқулық қат болып тұрған қазіргі кезде бұл жоқтың
орнын толтырған да ғалымның «Ғасырлар толғауы» (1977), «Сарқылмас
қазына» (1983), «Кәусар бұлақ» (1989), «Эпос – ел қазынасы» (1995), «Эпос
мұраты» (1997), «Ел боламыз десек» (2000) сияқты ғылыми еңбектері
фольклор туындыларының осындай көп қырлы сипаттарын ашып
көрсететін сенімді құрал десек, артық айтқандық болмас еді.
Фольклор туралы ой пікірлер
«Фольклордың теориясы, ең алдымен, оның әр кезде атқаратын әр түрлі
қоғамдық-тұрмыстық міндеті мен танымдық, тәрбиелік және эстетикалық
функцияларынан, мақсаттарынан туындайтын мәселелерді қарастырады»
Б.Н Путилов
«Бұрынғы дана қыздарын, бұрынғы батыр ұлдарын, бұрынғы бәйге тұлпарын
қазақ халқы жырымен жеткізді бізге. Бүгінгі дана қыздарын, бүгінгі батыр
ұлдарын, бүгінгі жүйрік тұлпарын өзіміз көріп отырмыз. Жаңарған ел, жасарған
дүние жаңа жыр күтеді. Қазынасына қазына қосып кейінгі ұрпаққа, сыншыл
талғампаз ұрпаққа ұялмай ұсын дейді»
Ғ.Мүсірепов
Қазақ фольклорының тарихы деген
ұғым мен зерттеу дәл өз
мағынасында осы уақытқа дейін
арнайы түрде күн мәселесіне
қойылған емес. Оның бірнеше
себебі болды.
Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі
бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп
түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну
орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы -
әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді.
Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы
әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың
теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды
пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ,
бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады
Екіншіден,
Үшіншіден,
Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге
бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге
жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму
жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді,
жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді.
Назарларыңызға
рақмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |