Еңбек қорғау мен еңбек жағдайын жақсартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор



Дата06.01.2022
өлшемі24 Kb.
#13822
Байланысты:
IV


IV. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

4.1. Жалпы түсінік


Қоғамымыздың басты мақсаты – еңбекті адамның бірінші кезектегі өмірлік қажетіне айналдыру. Ал, тиімді еңбек ету үшін еңбекшілерге қажетті жағдай жасау, олардың денсаулығын сақтау, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби сырқатты және өндірісте зақымдануды болдырмау қажет. Еңбек қорғау ғылымы – осы мәселелермен, яғни еңбектің зиянсыз, қауіпсіз жағдайларын жасаудың мәселелермен айналысады.

Қысқасы, еңбек қорғау дегеніміз тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтуады қамтамасы ететін, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық және емдеу – алдын алу шараларын білдіреді.

Еңбек қорғау мен еңбек жағдайын жақсартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Ол еңбекшілердің еңбекке қатысу мерзімін ұзартуға, кадрларды тұрақтандыруға ықпал етеді және түрлі жағдайларға байланысты жұмсалатын шығынды азайтады.

Мысалы, қазір еліміз бойынша жыл ішінде пайдаланылмаған барлық жұмыс күнінің 60–80 проценті еңбекшілердің түрлі себептерімен науқастануынан болады. Егер осы жұмысқа уақытша жарамсыздық жылдық орташа көрсеткіші бір күнге кемітілсе, онда еліміздің халық шаруашылығы қосымша 68 миллион жұмыс күнін сақтаған болар еді. Мұның өзі ұлттық табысты 1,3 миллион теңгеге арттыруға және әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын бюджеттік шығынды 550 мың теңгеге азайтуға мүмкіндік берер еді.


4.2. Өндірістік санитария


Өндірістік санитария – еңбек гигиенасының талаптарына сүйене отырып, еңбек жағдайының еңбекшіге дұрыс және зиянсыз болуын қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық – гигиеналық, емдеу профелактикалық және ұйымдастыру – техникалық шараларын жасайды. Оған қоса, әрбір адам өндірісте өзінің жеке гигиенасын да сақтай білу тиіс. Жұмыс уақытының, тамақтанудың, демалудың, тазалық сақтаудың, өзін - өзі күте білудің, тағы сол сияқты жеке гигиеналық шаралардың дұрыс орындалуы өндірісте зақымдану мен сырқаттануды болдырмаудың өте қажетті шарттары. Өйткені, жеке гигиенаның бұзылуы тек қана сол адамның денсаулығына емес, басқа бірге жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына зиян келтіру, тіпті жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан, өндірістік гигиенамен қатар әр адамның өзінің жеке гигиенасын сақтаудың маңызы зор.
4.3. Жұмыс орнының микроклиматы және оның

көрсеткіштерін тұрақтандыру


Адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілетіне метеорологиялық жағдайдың өндірістік ортаның микроклиматы, яғни ауаның температурасының, ылғалдылығы және қозғалу жылдамдығының үлкен әсері бар.

Сыртқы ауаның өзгеруіне қарамастан адам денесінің температурасы 36–37 градус аралығында тұрақты сақталады.

Ауаның ылғалдылығы 70–75 процентке жетіп, температурасы жоғарылай бастаған кезде адамның денесі қыза бастайды. Өйткені, бұл жағдайда дененің жылу алмасу қиындайды.

Керісінше, адамның температурасы төмендеген кезде денеден бөлінетін жылудың мөлшері көбейіп, адамның денесі тоңази бастайды.

Сондықтан да, жыл мезгілінде, жұмыстың ауырлығына, жұмыс орнына бөлініп шығатын қосымша жылудың мөлшеріне қарай температураның, ылғалдылықтың және ауаның қозғалу жылдамдылығының стандартты нормалары белгіленген.

Бұл көрсеткіштерді тұрақтандыру үшін төмендегідей шаралар іске асырылуы тиіс:

-табиғи және жасанды ауа алмастырғыштарды пайдалану;

-технологиалық жабдықтарды жылу өткізбейтін заттармен қаптау арқылы олардан бөлінетін жылудың мөлшерін азайту;

-жылу өткізбейтін материалдардан қорғану экранын орнату;

-кондиционерлерді пайдалану.

Адам организміне ауаның қысымы да әсер етеді. Атмосфералық қысымның мөлшері 760 мм сынап бағанасына тең болғанда организмнің ішкі және сырткы қысымдары теңеседі. Ал қысымның өзгеруі – адамда әлсіздік пайда етіп басын айналдырады, жүрегін алып, мұрнынан қан ағуы мүмкін.
4.4. Өндірістік жарықтандыру және оны тұрақтандыру
Адамның өмір сүруі үшін қажетті жағдайдың бірі – жарық. Жарықтың көзге әсер етуінен онда электромагниттік толқындар пайда болды. Сол толқындардың шамасына қарай оның адам организміне әсер етуі де түрліше болады. Жақсы жарық адамның көңіл – күйін жақсартып, нерв жүйесінің қызметін қалыптастырады, еңбек өнімділігінің артуына адам шаршаған болады, жиі қателеседі, тіпті көзді нашарлатып, қайғылы оқиғаға ұшырауына себеп болуы мүмкін.

Сондықтан өндірістік жарықтылыққа төмендегідей талаптар қойылады:

-жұмыс орнының жарықтылығы мен оның құрамы күннің жарығына жақын болуы тиіс;

-жарықтылықтың деңгейі нормаға сай жұмыс жасауға жеткілікті дәрежеде болуы тиіс;

-жарықтың бір қалыпты және тұрақты болуы тиіс;

-жарықтың деңгейі шамадан тыс жоғары болса, жұмыс орнындағы заттарды жылтыратып, көзге кері әсер жасауы мүмкін.

Өндірістегі жарықтандыру екі түрлі жолмен, яғни табиғи және жасанды жарықтармен атқарылады. Табиғи жарықтың деңгейі оның коэффициентімен бағаланады.

Жарықтылық бөлме қабырғасының және бөлмедегі жабдықтардың түсіне байланысты болады. Мысалы, ақ қабырғадан жарықтың 80 проценті қайталаса, көк қабырғадан тек 2 проценті ғана қайтады. Сондай – ақ терезенің, лампалардың шаңын сүртіп тұру қажет.

Жасанды жарық кәдімгі шамдардан және шырақтармен жасалады. Лампалардың қуаты, қойылатын орны есептелуі тиіс.
4.5. Ауа алмастырудың есебі
Өндірістік бөлмелерде табиғи және жасанды жолмен ауа тазарту жұмыстары іске асырылады. Жасанды жолмен ауа алмастыру бөлмелердің санитарлық талаптарына сәйкес ауаны сағатына үш реттен артық тазарту қажет болған жағдайда қолданылады.

Жасанды ауа алмастыруды төмендегідей жолмен есептейді. Алдыменен өндірістің қайсы учаскісінде жасанды желдеткіш қажет және ол жерде ауаны сағатына неше рет алмастыру қажет екендігін анықтап алады. Шаң, газ, бу бөлініп шығатын жұмыс орындарында жергілікті суырып ауа тазарту әдісі жобаланады, ал басқа бөлмелерде жалпы ауа алмастыру әдісі жобаланады. Желдеткіш өнімділігін төмендегідей формуламен анықтайды:

Wж = Vб *K,

Бұл жерде Vб – бөлменің көлемі, м2



К-ауа алмастырудың саны.

Желдеткішті айналдыруға қажетті электроматордың қуатын төмендегідей формуламен анықтайды:

Nж= Wж*HжK,BT

3600*102*ήж

Бұл жерде Нж-желдеткіштің ағыны, кгс/ м

Wж-желдеткіштің өнімділігі, м3 /сағ;

ήж-желдеткіштің пайдалы әсер коэфициенті;

β -қуат қорының коэфициенті (β=1,2…1,5).

Осы анықталған электроматордың қуатына сәйкес желдеткіштің типі мен маркасы және оның жұмыс көрсеткіштері қабылданады (Ф.А.Бабриков «Курсовое и дипломное проектирование», 1975ж, 150- кесте).

Табиғи ауа алмастыру үшін фрагма мен форточканың размері еденнің, ауаның 2-4 пайызы мөлшерінде қабылданады.

Мысалы: Колледждің компьютер класының ауаны 50м2 , ал көлемі 200м3. Бір сағатта 2 рет ауа алмастырылып тұруы тиіс.

Демек, Wж = Vб *K= 200*2=400 м3/сағат.

Nж= Wж*Hж*β =0,26 кВт

3600*102*ήж

Таблицадан қарап, винтелятордың техникалық сипаттамасын қабылдаймыз.

Желдеткіш N 2.

Айналу жиілігі-3000 айн/мин.

Өнімділігі-400 м3/сағат.

Арыны-95 кг/м2 .

Желдеткіш ПӘК-0,45.

Электрондық типі-АО-31-2.

Ал қажетті форточколардың жалпы ауданы.

Fф =Fп *0,04=0,2 м2
4.6. Зиянды сәулелену және одан қорғану жолдары
Қоршаған ортаның сәулесі – сыртқы сәуле көзінің әсерінен, немесе организмнің іші арқылы және аралас жағдайда әсер етуі мүмкін. Әрине, өндірісте мүмкіндігінше сәуле көздері жабық жағдайда пайдаланылады. Оған қоса, радиоактивті заттармен жұмыс жасағанда төмендегідей талаптар орындалуы тиіс:

- радиоактивті сәуле көздері қоршаланып қойылады;

- сәулені жерге немесе адам жоқ жаққа бағыттау керек;

- сәуле көзін адамнан қашық жерге орналастыру керек;

- сәуле жанында адамдардың көп жүремеуін қадағалау керек;

- сәуледен қорғадыратын экрандарды пайдаланған дұрыс.

Мұндай жұмыстарға жасы 18-ден асқан адамдар дәрігерлік байқаудан өткеннен кейін жіберіледі. Жүкті әйел ондай жұмыстардан босатылады.

Осы айтылған сәулелер – иондандыратын сәулелер, яғни зарядталған атомдарды пайда ететін сәулелер деп аталады. Ондай сәулелерге: космостық сәулелер, ядролық реакторлар, рентген қондырғылары, сондай-ақ бөлшектерді дефектоскопия мен түрлі автоматтандырылған қондырғылар шығаратын сәулелер жатады. Сондықтан ондай жерлерде жұмыс істегенде арнайы киімдер мен қорғану құралдары пайдалануы тиіс.

Кәдімгі люминесцентті лампалар сынап болғандықтан, олардың жарамсыздарын сындырып, шұқырға көму қажет. Теледидар, радио, термоэлектро өңдеу жасайтын қондырғылар да инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер шығарады. Оның электромагнитті өрісі адам организміне зиянды әсер етеді. Олардан қорғану үшін түрлі экрандар пайдалану қажет.
4.7. ЭЕМ-дегі оператор жұмысының қауіпсіздік талаптары
ЭЕМ оперторы ретінде жасы 18-ге толған, электр құрылғыларды пайдаланудың техникалық тәртібін меңгерген техника қауіпсіздігі ережелері бойынша емтихан тапсырған, жұмыс орындарында нұсқаудан өткен, дәрігерлік байқаудан өткен, мамандығы бойынша орындалатын жұмыстардың қауіпсіз тәсілін меңгерген адамдар істей алады. ЭЕМ-де және ЭЕМ құрамына кіретін қосымша құрылғылармен жұмыс жасау кезінде төмендегідей қауіпті және жағымсыз факторлардың шығуы мүмкін.

- Электр тізбегіндегі кернеу мәнінің көтерілуінен, адамның тоқ өткізгіш бөліктердің ашық жерін ұстауынан немесе электр өткізгіштердің изоляциясының бұзылуынан;

- Машинаның айналмалы бөліктерінің, винтеляциялық және де ЭЕМ құрылғыларының ақауларынан;

- ЭЕМ-нің құрылғыларына техникалық қызмет көрсету жұмыстарына пайдаланатын тез жанатын сұйықтарды сақтау кезіндегі ережелерді бұзудан;

- Есептеу орталықтарында шу деңгейінің көтерілуінен;

- Экран құрылғыларымен жұмыс істегенде көз жанарына әсер ететін жұмыс бетінің дұрыс жарықтанбауынан және көзге сәйкес экранның дұрыс орналаспауынан.



ЭЕМ операторы жұмыс кезінде өте мұқият болуы қажет, басқа жұмыстармен айналысуға болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет