1. «Сыбызғы» - күшпен ерінді алға қарай созу.
2. «Дөңгелекше»- жоғарғы және төменгі еріндерді сүйірлету, тістердің арасын ашу.
3. «Тентек тіл» - жымиып, жеңіл түрде тілдің ұшын тістейміз.
4. «Күрекше» жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып 10-15 секунд ұстап тұру керек. Тілді қимылдатпай ұстап тұруын қадағалау керек.
5. «Алтыбақан» тілді жіңішкертіп ұстап кезекпен мұрынға, иекке қарай созу. Бірақ ауызды ашып ұстау керек. Осылайша 15 рет қайталау қажет.
6. «Кесе» ауыз кең ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай тілдің жандары мен ұшын «кесе» формасында жоғары көтеріп 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.
7. «Жоғарғы жоғарғы тістерді тазалаймыз» - жымиып, ауызды ашып, тілдің ұшымен жоғарғы тістердің ішкі жағын “тазалаймыз”. Қимыл жоғары-төмен және оңға-солға болады.
8. «Төбені сырлаймыз» – ауызды ашып, тілдің ұшын артқа-алдыға қарай бағытта қатты таңдайда жүргіземіз.
9. «Қоңырау» - алақанның сыртқы жағын тамаққа орналастырамыз. Кезекпен ұяң және қатаң дыбыстарды айттырамыз. Ұяң дыбыстарды айтуда дауыс қатпарларының дірілі білінеді, ал қатаң дыбыстарды айтуда діріл болмайды.
Ескерту: автоматизация дыбыс қойылғаннан кейін жүргізіледі, сондықтан дыбыс қате айтылған жағдайда баланың есіне салып, дыбысты жөндеп отыру қажет.
[Ж] дыбысын автоматизациялау
Буындарды қайталау
ЖА – ЖА – ЖЫ ЖЫ – ЖЫ – ЖА ЖҰ – ЖҰ – ЖО
ЖҰ – ЖУ – ЖУ ЖА – ЖЫ – ЖЫ ЖЫ – ЖА – ЖА
ЖҰ – ЖО – ЖО ЖО – ЖҰ – ЖУ
ЖА – ЖЫ – ЖА ЖЫ – ЖА – ЖЫ ЖО – ЖУ – ЖO
ЖУ – ЖУ – ЖҰ
жа – жа – жа – жаса жа – жа – жа – жап
жа – жа – жа – жақ жа – жа – жа – жан
жа – жа – жа – жаман жа – жа – жа – жақсы
жа – жа – жа – жады жа – жа – жа – жапа
жа – жа – жа – қожа жа – жа – жа – жауын
жа – жа – жа – жауқазын жа – жа – жа – жабын
жа – жа – жа – жабы жа – жа – жа – жатыс
жа – жа – жа – жаһан жа – жа – жа – жас
жа – жа – жа – жат жа – жа – жа – жамбы
жа – жа – жа – жаға жа – жа – жа – жағдай
жа – жа – жа – жақын жа – жа – жа – жаңа
жа – жа – жа – жаңғақ жа – жа – жа – Жанна
жа – жа – жа – жаңқа жа – жа – жа – жантақ
жа – жа – жа – Жақан
жа – жа – жа – бажа