1917 жылға дейін қазақ жерінде 3 түрлі мектеп өмір сүрді:
Қадым мектебі
Жәдит мектебі
Медреселік білім беру жүйесі
Қадым, жәдит мектептерінің көздеген мақсаты: арабша тілін сындыру, құран сүрелерін жаттату, молда, мүриттер дайындау. Оның толып жатқан кемшіліктері мен жетімсіз жақтары болады.
Қадым, жәдит мектептерінің көздеген мақсаты: арабша тілін сындыру, құран сүрелерін жаттату, молда, мүриттер дайындау. Оның толып жатқан кемшіліктері мен жетімсіз жақтары болады.
Медреселік білім беру жүйесінің прогресшіл жақтары: халықтың сауатын ашу, көңілін ояту, жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеу. Әсіресе, бұл салада ағартушы ұстаз, тарихи тұлға Ы. Алтынсариннің еңбегі ерекше.
1933 жылы қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде секция құрылды. Оның міндеті бастауыш және орта мектептер үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен бағдарламалар, төл сұрақтар жасау. Сол мақсатта 1933 жылы бірнеше ғылыми экспедициялар жасақталды. Құрамында Б. Майлин, М. Әуезов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин сияқты ірі қалам қайраткерлері балаларға лайық әдеби нұсқалар, фольклорлық шығармалар жинақтады.

1934 жылы 5-7 сыныптарға арналған бағдарлама басылып шықты. Осы бағдарлама бойынша 5-7 сынып оқулық-хрестоматиялар жасалды
1934 жылы 5-7 сыныптарға арналған бағдарлама басылып шықты. Осы бағдарлама бойынша 5-7 сынып оқулық-хрестоматиялар жасалды
1939-40 ж. Шайқы Кәрібаев әдіскерлерді, мұғалімдерді қатыстырып, 5-7, 8-10 сынып бағдарламалар жасады. 5-7 әдебиеттік оқу; 8-10 сынып бағдарлама жасады. 5-7 әдебиеттік оқу; 8-10 тарихи-әдеби курс болып бөлінді.
Қ. Жұмалиев 8-10 сыныпқа арналған «Әдебиет теориясы» оқулығы жарық көрді.
1941 жылы Ш. Кәрібаевтың «Әдебиеттік оқу әдістемесі» (9) кітап болып басылып шықты.
1953 жылы «Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс оқу»;
1957 жылы С. Тілешованың «5 сынып көркем шығарманы оқып үйрену»;
1957 ж. Ә. Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту әдістемесінің очерктері»,
1966ж «Әдебиетті оқыту әдісі» деген еңбектегі
1958ж А. Көшімбаевтың «Сегіз жылдық мектепте әдебиетті оқыту әдістемесі»
1969ж «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» атты іргелі еңбектері басылды.
1991 ж. бастап ғылыми-зерттеу жұмыстары екі бағытта (болашақ және қазіргі мектеп) және де бірнеше тақырыптар бойынша жүргізілді.
Қазақ мектептеріндегі қазақ әдебиетінің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін жаңарту – ғылыми-зерттеудің негізгі бір бағыты. Бұл зерттеу бойынша білім мазмұны мен құрылымын жаңартудың принциптерін концептуалдық бағыттары мен жолдарын, шарттарын ғылыми негіздейтін «Әдеби білім тұжырымдамасы» жасалды.