Сабақ №4 Тақырыбы: «Онкологиялық кабинет мейіргердін жұмысының негізгі бағыттары»



бет1/3
Дата08.03.2023
өлшемі104,04 Kb.
#72493
түріСабақ
  1   2   3

Аудиториялық сабақ № 4
Тақырыбы: «Онкологиялық кабинет мейіргердін жұмысының негізгі бағыттары »


Білімділік (оқыту): білім беру, оқу-машықтану дағдыларын қалыптастыру, алған ақпараттарды нақтылау, студенттің жаңа білімді игеру, қабылдау жолдарын жетілдіру және т.б.
Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, сыни тұрғыдан логикалық және клиникалық ойлау дағдыларын дамыту, топтың белсенділігін арттыру, өзін-өзі жетілдіруге үйрету. Түрлі жағдаяттар мен қосымша сұрақтар арқылы студенттердің нақты білімділігін айқындау.
Тәрбиелік: студенттердің адамгершілік, қөзқарасын, эстетикалық қасиетін, өз пікірін қорғауды, тәртіп пен еңбекқорлық қабілеттерін дамыта отырып тәрбиелеу.
ДӘРІС МАЗМҰНЫ:
1.Онкологиялық кабинет мейіргердін міндеттері:
-ауруларды тіркеу құжаттары,
-есепке алу,
-сан-эпид . тәртіпті ұстану,
-патронаж.
2.Мастэктомиядан кейін еңбекке жарамды ету шараларын өткізуіне қатысуы


Онкологиялық кабинет медбикесінің міндеттері:

  • ауруларды тіркеу құжаттарын жүргізу;



  • амбулаторлық жағдайлардағы оперативті араласуларды жүргізуге қатысу және оларды есепке алу журналын жүргізу;

  • басқа ЕАМ медициналық қызметкерлерін обырдың ерте кезеңдегі көзге көрінетін белгілерін анықтау үшін алдын алу тексерістерін жүргізуге үйрету;

  • санитарлы-эпидемиялы тәртіпті ұстану;

  • тоқсан сайын учаскелік медбикелермен онкологиялық аурулар бойынша құжаттамаларды салыстырып,тексеру;

  • ауруханаға жатқызылған науқастарды,цитологиялық және гистологиялық зерттеулерді,түрлі зерттеулерге жолдамаларды (УДТ,ренгтенография және т.б)есепке алу журналдарын жүргізу.

Онкологиялық диагноз расталған жағдайда№030-бу формасы (1-қосымша)толтырылады. «Диспансерлік бақылау картасы(ОНКО)».Онда келесі ақпаратттар белгіленуі керек:

  • мекен-жайы;бұл параметр,бұл онкопатологияның пайда болуының,әсіресе,экологиялық себептерін зерттеу үшін қажет;

  • ұлты;кейбір сырқаттар көбінесе белгілі популяцияға жататын генотиптерде пайда болады.Мысалы:тері меланомасы көбінесе солтүстікте тұратын,пигменті аз адамдарда кездеседі;

  • жынысы;асқазан ісігі ер адамдарда 1,5 есе жиірек кездеседі және ер адамдар осы аурудың даму қаупінің себебі;

  • мамандығы;сирек кездесетін ісік-плевраның қатерлі мезотелиомасы 70-80%жағдайларда ұзақ уақыт асбестпен жұмыс істейтіндердің кәсіби ауруы;

  • диагноздың қойылуына дейінгі айларға созылған зерттеу ұзақтығы;бұл ақпарат онкологиялық ауруларға көрсетілген диагностикалық көмектің сапасын білу үшін қажет;онкологиялық ауруларды тексеруге берілетін мерзім – алғашқы дәрігерге көрінген күннен арнайы емдеуді алғанға дейін 1 ай;анус жолының қатерлі кезінде тік ішекті саусақпен зерттеуді қажетсінбеген жағдайда бұл мерзім 3 айдан 1 жылға дейін созылуы мүмкін;

  • диагнозды қою мерзімі мен растау тәсілі;

  • клиникалық топты анықтау;

  • Іа – онкологиялық ауруға күдікті науқастар;

  • Іб – ісікалды сырқаттары бар науқастар (түйінді мастопатия,адематозды асқазан полипі және т.б);

  • ІІ – арнайы ем жүргізілетін қатерлі ісіктері бар науқастар;

  • ІІа – радикалды ем жүргізілетін қатерлі ісіктері бар науқастар;

  • ІІІ – қатерлі ісіктен айыққан (қайта өршуі және метастаздары жоқ)сау адамдар;

  • ІV – қатерлі ісіктің соңғы кезеңінде тек симтоматикалық ем ғана жүргізілетін науқастар.(Науқастарды клиникалық топтарға жіктеу диспансерлік есепке алу жұмысын жеңілдетеді.Емдеу және бақылау кезінде бір клиникалық топтан екінші топқа ауыстырылуы мүмкін).

  • жүргізілген ем жайлы ақпарат.

  • №030-бу формасының жоғарғы жағында келесі шифр жазылады:мекен-жайы(қала-Қ,ауыл-А),АХЖ-10 бойынша ауру коды,жынысы,жасы.

Егер IV немесе ІІІ кезеңдегі науқаста көзге көрінетін ісік анықталған жағдайда №027-2/у «Науқаста қатерлі ісіктің асқынған түрінің анықталуының хатттамасы(ІV клиникалық топ)»(2-қосымша) толтырылады.Барлық жағдайлар дәрігерлер конференциясында қарастырылады және аурудың асқынуының себептері туралы ұйымдасқан шешім шығарылады.Қосымшада берілген хаттаманың ұйымдасқан шешім шығарылады.Қосымшада берілген хаттаманың беткі парағын медбике толтыра алады.Хаттама 2 данадан толтырылып,1 данасы онкологиялық диспансерге жіберіледі.
Онкологиялық ауру диагнозі расталғаннан кейін үш күннің ішінде,сол аймақтағы халыққа қызмет көрсететін онкодиспансерге №090/у «Науқастың өмірінде алғаш рет анықталған қатерлі ісік немесе басқа қатерлі жаңа түзіліс диагнозы жайлы хабарлама»(3-қосымша)жіберілуі қажет.Хабарлама арнаулы және жүйелі тексерулер,медициналық куәландыру,күндізгі емдеу бөлімшесіндегі тексерулер,операция,мәйітті ашу кезінде және т.б. анықталған науқастарға толтырылады.Онкологиялық мекемелерде бұл құжаттарға арнайы код қояды.Ісік қаупі және ісікалды аурулар бар науқастарға хабарлама толтырылмайды.№090/у формасы ұқыпты және түсінікті етіп толтырылу керек,жазулар арнайы ақпаратқа код қойылатын шаршыларды баспауы қажет.1,5,8 және 9-тармақтарда керекті ақпараттың астын сызады. «Қаралау мерзімі»жолында науқастың қандай да болсын емдеу мекемесіне сырқаты бойынша алғаш рет қаралған күні,айы,жылы белгіленеді.4-тармақта науқас өмірінің көп мерзімі бойында атқарылған мамандығы көрсетіледі.Егер науқас зейнеткер болса,бұрын атқарған мамандығын жазу керек.6,7-тармақтарда тұрақты (уақытша емес)мекен-жайы көрсетіледі.11-тармақта науқастың диагнозын анықтау үшін жасалған зерттеу түрлерінің асты сызылады.12-тармақта науқастың әрі қарай тексерілуге және емдеуге жолданған емдеу мекемесі көрсетіледі.ІІ клиникалық топ науқастары арнайы емдеуді және ауруханаға жатқызылуы қажет етеді.
Хабарламада осы топ науқастарының ауруханаға жатқызылмауы жағдайында себебі көрсетіледі:жалпы қарсы көрсетілімдер,емделуден бас тарту,т.б.
Отбасылық дәрігерді қатерлі ісігі бар науқасты мекен-жайы бойынша қарау қажеттілігі,симптоматиялық емдеу үшін жеңілдікпен немесе басқа жағдайда дәрігерлер беру,т.б бойынша ақпараттандыру үшін хабарлама толтырылады(4-қосымша).
Егер кеңес беру немесе арнайы емдеу орындарында оперативті емдеу,жоспар құру,жаңа дәрілер тағайындалу қажет болса науқас онкологиялық диспансерге жолданылуы мүмкін.Бұл жағдайда арнайы жолдама рәсімделеді(5-қосымша).
Мүгедектікті белгілеу үшін,мүгедекке арналған жек оңалдыру бағдарламасын құру үшін медиіиналық – әлеуметтік сараптамаға жолданып,№088/у формасы рәсімделеді(6-қосымша).Бұл құжатта емделуші ауруының клиникалық болжамы нақты көрсетілуі тиіс,себебі,бұл мәлімет мүгедектік тобын анықтауға әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет