«Әдемі гүлдер» (ашық оқу қызметі) Күні



Дата04.12.2022
өлшемі47,78 Kb.
#54739

«Айналайын бөбекжай-бақша» КМҚК




«Әдемі гүлдер»
(ашық оқу қызметі)

Күні: 05.04.2022
Тобы: Қонжықтар кіші топ
Тәрбиеші: Тәліп Ұ

2021-2022 оқу жылы



«Қонжықтар» кіші тобы
Күні: 06.04.2022ж
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Әдемі гүлдер»
Мақсаты: Тірі табиғатқа қызығушылық танытуды қалыптастыру. Көктем гүлдерімен танысу.
Көрнекі құралдар: Көбелектер, қызыл, сары, жасыл, көк гүлдер.
Билигвалды компонент: гүл-цветы
Барысы:
-Балалар қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келіпті. Кәнекей орнымыздан тұрып көңіл-күйімізді көтеріп қонақтарымызбен сәлемдесіп алайық.
Сәлем-сәлем
-Жарайсыңдар балалар орындарыңа отырыңдар.
-Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?
-Көктем мезгілінде әдемі гүлдер шыға бастайды. Олай болса балалар бүгін сендермен біз әдемі гүлдермен танысатын боламыз.
(тарсылдаған дыбыс шығады)- Балалар қараңдаршы мына әдемі қораптың ішінен шығып жатырған секілді ашып көремізбе?
Ғажайып сәт: (қорап ішінен көбелек ұшып шығады)
-Балалар бұл не екен?
- Көбелек : Сәлеметсіңдер ме? Балалар мені шығарғандарыңа рахмет! Мен сендердің топтарыңа келе жатып, қорап ішінен әдемі гүлдерді көріп қонған едім қамалып қалдымғой. Сендерді гүл ханшайымы өзінің гүлдер саябағына шақырған еді.
- Көбелек біз де балалармен бірге гүлдер жайлы айтқалы жатыр едік. Олай болса бәріміз бірге гүлдер саябағына саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар?. Біз саяхатқа шығу үшін немен барғанымыз дұрыс? (балалар өз жауаптарын айтады)
- Ия балалар біз саяхатқа поезбен барамыз, ендеше балалар бәріміз қатарласа тұрып, бір-бірімізді жібермей саяхатқа шығайық. Мен сендердің паравоздарың болайын.
Балалар қараңдаршы қандай әдемі гүлдер саябағы екен.
-Билингвалды компонент: гүл-цветы.
-Ғажайып сәт: Әдемі әуен естіліп, гүлдер арасынан гүл ханшайымы шығады.
-Балалар қараңдаршы біздің гүл ханшайымымызда келді.
Гүл ханшайымы: Сәлеметсіңдерме әдемі балақайлар! Менің саябағыма қош келдіңдер, менің гүлдерім сендерге ұнап жатыр ма?(балалар жауабы)
-Ия ханшайым гүлдеріңіз сондай әдемі екен. Балалар қараңдаршы бұл бақ-бақ гүлі оның күлтесінің түсі сары, сабағы мен жапырағының түсі жасыл. Ал бұл қызғалдақ гүлі оның күлтесінің түсі қызыл, сабағы мен жапырағының түсі жасыл. Гүл әдеміліктің белгісі. Гүлдер әдемі болу үшін не қажет? Балалар біз гүлдерге күнделікті су құйып баптап отырсақ ол әдемі болып өседі екен. (балалар гүлдерге күтім жасайды.)
-Гүл ханшайымы: Балалар мен сендерге қызықты ойын дайындап қойдым. Мен сендерді өзімнің ойын алаңқайыма шақырайын.
Балалар ойын алаңқайына бармас бұрын бір серігіп көңіл-күйімізді көтеріп алайық.
Сергіту сәті: «Көңіл күй жақсы болса ұр шапалақ».
Гүл ханшайымы: Балалар көңілдерің көтеріңкі болса мен сендерге әдемі түрлі-түсті көбелектерімді табыстайын сендер көбелек болып ұшып гүлдердің түстеріне қарай көбелектерді қондырыңдар.
-Балалар олай болса көбелек болып ұшып, қолымызды көтеріп бір,екі,үш көбелек болып ұш .Оң қол сол қол кезек-кезек сермейік.
Қимылды ойын: «Гүлге көбелектерді қондыр»
Мақсаты: Түстер туралы білімдерін бекіту.
Шарты: Әр гүлге түсіне сай көбелекті орнату.
-Жарайсыңдар балалар сендер сондай ақылды екендеріңді көрсеттіңдер.
Гүл ханшайымы: Жарайсыңдар балалар сендерге рахмет менің саябағыма келіп тұрыңдар. Менің саябағымнан сендерге естелік ретінде әдемі гүлдерге толы себетімді апайларыңа табыстайын.
-Балалар енді пойыз болып қайта тобымызға қайтайық.
-Балалар себеттегі гүлдерге қараңдаршы бүгін біз танысқан гүлдерге ұқсайды екен. Кәне кім айтып береді мынау қандай гүл? Түсі қандай? (балалар жауабы)
Ия дұрыс айтасыңдар. Ендеше балалар гүлдерімізді екіге бөліп құмыраның түсіне қарай гүлдерді салып шығыңдар.
Ойын: «Құмыраға гүлдерді орналастыр»
-Жарайсыңдар балалар!
-Біз қайда бардық?
-Біз кімді көрдік?
Жарайсыңдар балалар олай болса, келген қонақтармен қоштасайық.
Сау-саламат болыңыздар!
Күтілетін нәтиже: Гүлдердің атын атай алады.
Түстерін ажырата алады.
Тірі табиғатқа қызығушылық танытады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет