Әдептілік адам бойындағы жағымды қасиет. Бұл жайында ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби «Әдептілік әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы» деп бағалаған



Дата26.10.2022
өлшемі17,92 Kb.
#45391

Әдептілік – адам бойындағы жағымды қасиет. Бұл жайында ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби «Әдептілік – әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы» деп бағалаған.
Әдеп – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп тұрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді.
Әдептілік – адам бойына үйдегі тәрбиемен, өзін қоршаған ортаның қарым-қатынасымен берілетін қасиет. Ең алдымен әдептілік сәлемнен басталады.
Сәлемдесу – ізеттіліктің белгісі. Ал, ізеттіліктен туатын қағида – әдептілік. Көпшілік орынға келгенде «Сәлеметсіздер ме?» немесе «Ассалаумағалейкум» деп жалпылама сәлемдескен жөн. Құшақтасып, бет сүйісіп сәлемдесу ер азаматтар үшін ерсі қылық. Ер адам алдымен қол созбаса, әйел адамның ер кісіге қол беріп сәлемдесуі де әдепке жат.
Ізеттілік пен сыпайылық, әдептілік, әдемілік бәрін адам отбасындағы тәрбиеден алады. Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, қорғаны – сабыр, жолдасы – кәсіп, қорғайтын қорғаушысы – мінез, бәрін тәртіпке реттейтін – әдептілік. Біздің халқымыз әр кезде де нақыл сөзді «қазынам», өнегені «өрісім» деп таныған.
Көпшілік орында сағыз шайнау, қарқылдап дауыс шығарып күлу, қоқыстарды көрінген жерге тастай салу, жасы үлкендерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, балалы немесе жүкті аналарға орын ұсынбау, ұялы телефонмен дауыстап сөйлесу және тағы басқа қылықтар адамның әдепсіздігін көрсетеді. Кез келген ортада эмоциясын тежей білу немесе шыдамды болу арқылы әдептілікке қол жеткізуге болады (Қарсы келген үлкен кісіге жол беріп өткізіп жіберу, өтіп бара жатып тайып кеткен кісіге сүйеу болу, біреудің аяғын басып кетсе, сыпайы түрде кешірім сұрау, ал, егер өзінің аяғын басып кетсе, ашуға бой алдырмау және т.б.).
Көшеде жүріп-тұрудың өз тәртібі бар. Аяқ киімнің тазалығы, шашының таралғандығы сырткөзге әдептілік айнасы іспетті. Келе жатып танысыңызды кездестіріп қалсаңыз, онымен көшенің қақ ортасында тұра қалып сөйлеспеңіз. Танысын кездестіргенде әйел кісі жымиып танығанын білдіргені дұрыс. Ал, ер кісі ұзақтан арсалаңдап, қолын созып, амандасуға асықпағаны жөн. Қазіргі әлемді шарлаған коронавирус пандемиясы кезінде қол алыспай сәлемдесу өзінің ғана емес, өзгенің де денсаулығына зиянын тигізбеудің кепілі. Қоғамдық орындарда міндетті түрде бетпердемен жүру – аты жаман кеселдің алдын алуға қосқан әрбіріміздің азаматтық үлесіміз.
Ары-бері өтіп жатқан жүргіншілерге кедергі жасамас үшін кездестірген танысыңызбен көшенің бір шетіне шығып, амандық-саулық сұрасқан орынды. Әйел кісі ер азаматтың оң жағында жүреді. Жолды жауып, өзгелердің өтуіне мүмкіндік бермей жүру ерсі көрінеді. Бағдаршамнан өтерде міндетті түрде «жасыл көздің» жануын күтіңіз. Көшенің арғы бетіне кез келген жерден жолды қиып өту өз өміріңіз үшін қауіпті. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақты жол (зебра) белдеуінен өткен дұрыс. Гүлзар бақты, көгалды жерді баспауды, көшедегі жарықшамдарын сындырмауды, саябақтардағы орындықтарға аяқ киіммен шықпауды, түкірмеуді және тағы да басқа жағымсыз іс-әрекеттерге бармауды отбасында үнемі айтып отыру – ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-ананың міндеті.
Қоғамдық көлікке кіргенде мүгедектерді, балаларды, егде адамдарды, әйелдерді алдымен өткізеді. Егер бір есіктен кіріп шығатын болса, әуелі адамдардың шығуына мүмкіндік беріңіз. Қоғамдық көлікте қатты сөйлеудің, тамақ жеудің ыңғайы жоқ. Түшкіргенде және жөтелгенде қол орамалды пайдаланып, ауызыңызды жауып отырыңыз. Вагон ішінде өзінің үсті-басын тәртіпке келтірмейді, тырнағын тазаламайды, құлағы мен тісін шұқыламайды, бет бояу немесе шаш жөндеу де жөнсіз. Газет оқығыңыз келсе, оны бүктеп оқыңыз. Көршінің оқып отырған газетіне, журналына үңілу, жолаушыларға қадала қарау әдепсіздік. Қатты күлу де орынсыз. Вагон ішінде үй іші мен қызметтегі істер жайында сөйлеспейді, өзгелердің әңгімесіне құлақ салмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет