Ризашылық пен алғыс. Алғыс айту күніне арналған мерекелік кеш



Дата12.05.2023
өлшемі20,97 Kb.
#92202

Ризашылық пен алғыс. Алғыс айту күніне арналған мерекелік кеш


Мақсаты:
Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру
Білім алушылардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Білім алушыларды үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылық қарым -қатынасқа, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, слайд, бейнеролик.
1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен білім алушылар !
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты достар!
1-жүргізуші: 1 наурыз-Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық пен алғыс» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Достым, біз бүгін ризашылық,алғыс туралы сөз қозғап жатырмыз.Осы сөздердің мағынасын қалай түсінесің?
1-жүргізуші: Несі бар мен ойымды айтып көрейін
-Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
-Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі.
2-жүргізуші: Рахмет достым .Маған да менің құрбы достарыма да түсінікті болды деп ойлаймын.
1-жүргізуші: Қазақстан халқы 2016 жылы тұнғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, №173 жарлыққа қол қойған болатын
2-жүргізуші: Алғыс айту күні- бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығынуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз коныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпашылықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды
жүргізуші: Алғыс айту күні-күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.
2-жүргізуші: Қазіргі таңда елімізде қазақ тілін құрметтеп, қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілдерінің саны артуда. Бұл дегеніміз Отанымызға деген құрмет пен сүйіспеншілікті білдіріп қана қоймай, ұлтаралық достықты нығайта түсуде. Ендеше, дәл осы сөзімізге мысал ретінде ұсынылып отырған мына бір видеороликке назар аударайық.
(Тақтада видеоролик қосылады)
Жүргізуші: Сонымен, көріп отырғанымыздай Қазақ жерін ерекше қадір тұтатын қаншама жанның елімізге деген махаббаты дархан даламыздай екен.(Слайд)
Жүргізуші: Ендеше, құрметті білім алушылар! Сіздермен бір қызықты ойын ойнасақ.(Кахот ойыны)
1-жүргізуші:  « Өмірге риза болып, алғыс айт» деп халық даналығында айтылғандай адам өзінің өмірге келегніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді , өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады. Ендеше, бір- бірімізді бағалап, қадірімізді біліп, ризашылығымызды білдіріп алдғыс айта жүрейік!
2-жүргізуші: Кешімізді қорытындылауымыз үшін барлығымыз бірге Қарақат Әбілдинаның «Алғыс» әнін хормен шырқайық!
(«Алғыс» әні)
1- жүргізуші: 1 наурыз- алғыс айту күні. Бүгінгі күнде мейірім қалай төгілсе, алдағы бар ғұмырларыңыз да дәл осылай нұрлана берсін! Береке- бірліктеріңіз тасысын, баршаңызға деген алғысымыз шексіз, сіздерге Алланың рахметі жаусын.
2- жүргізуші: Осымен бүгінгі 1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық пен алғыс» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше, күн нұрлы болғай!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет