.
Ұлтымыздың тарихында асқан батырлық-ерлік істерімен, асқақ сипатты, тапқырлық даналық, шешендік сөздерімен, әділетті билік-кесімдерімен жарқын із қалдырған заңғар тұлғалардың бірі — Сырым Датұлы.
Объектінің, пәннің өзіндік сипаты жөніндегі білім – әдіс атаулының теориялық негізі, оны қолданудың дұрыс жолын көрсететін, ғылыми зерттеу ісінде әсерлі, тиімді тәсілге айналдыратын күш. Пәннің, объектінің негізгі сипаттарын, заңдылығын білмей тқрып, оны зерттеуге қандай әдіс – тәсілдерді қолдануға болатынын айқындау да мүмкін емес. Мысалы, тілдің заман өткен сайын өзгеріп, дамып отыратын тарихи құбылыс екендігін, тілдердің өзара туыстас болатынын білмей тұрған заманда тіл білімінде салыстырмалы – тарихи әдіс те болмады. Оны тіл білімінің зерттеу әдісі етіп қалыптастыру әрекеті – айтылған жайттар белгілі болғаннан кейін ғана мүмкін болды. Міне, осы білік – салыстырмалы – тарихи әдісті дүниеге келтірген әрі теориялық, материалдық, әрі тілдік негіз болып есептеледі. Әдістің теориялық, материалдық немесе тілдік негізі дегендерден осындай жайттарды түсінген жөн.
- ӘДІСНАМА – ол жалпы ғылыми әдіс немесе жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым. Әдіснама зерттеудің жалпы ғылымдық бағыт-бағдарын көрсетеді.
- ӘДІС– қойылған ғылыми мақсатқа жетудің жоспары. Әр ғылымның тек өзіне тән зерттеу әдістері болады. Әдіс әдіснамаға тәуелді болады, соған бағынады. Өйткені әдіснама зерттеудің жалпы ұстанымдарын белгілейді.
- ТӘСІЛ – зерттеушінің зерттеу материалын қарастырудағы нақты іс-әрекеті. Бұл соңғы мақсатқа жету үшін қолданған тәжірибелік амал.
ТІЛ БІЛІМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫ – БҰЛ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ТІЛДІ ОБЪЕКТИВТІ ӘЛЕМНІҢ ҚҰБЫЛЫСЫ РЕТІНДЕ ТАНЫП БІЛУДІҢ АМАЛДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ. ОНЫҢ НЕГІЗГІЛЕРІ МЫНАЛАР:
1) Синхрониялық-диахрониялық ұстанымдар. Олар тілді қазіргі даму кезеңінде немесе тілдің тарихи дамуындағы өзгерістерді зерттеумен байланысты;
2) Интралингвистикалық-интерлингвистикалық ұстанымдар (гр.intra –ішкі, inter – аралық) жеке алынған бір тілді іштей, басқа тілдермен салыстырмай зерттеумен байланысты, немесе жалпы адам тілі заңдылықтарын зерттеумен байланысты;
3) Микролингвистикалық-макролингвистикалық ұстанымдар. Микролингвистиканың зерттеу негізіне сөйлем, одан шығатын оның бірліктері, оның тіркесім ережелері жатады. Ал макролингвистика – сөзжасамның барлық факторларының өзара әсерін тілдік қарым-қатынаспен байланыста қарастырады;
4) Семасиологиялық – ономасиологиялық (гр. semasia – таңбалау, onoma – ат) ұстанымдар. Семасиология – формадан ұғымға апарады. Мысалы: қоян, келесі мағынаға ие: ұзын құлағы бар жануар; қорқақ (қоян сияқты). Ал ономасиологиялық тәсілде суреттеу ұғымнан формаға бағытталады. Мысалы: ұзын құлақты, кеміргіштер класына жататын үлпілдек жүні бар кішкене аң;
5) Логикалық-эксперименталды әдіс. Логикалық әдісте сөз құбылыстарын бақылау, оларға логика заңдылықтары бойынша (анализ – синтез – салыстыру) талдау жасау. Ал екінші жағдайда тілді, онымен байланысты құбылыстарды әртүрлі арнаулы таным құралдарын (тесттер, анкеталар) қолдана отырып зерттеу. Зерттеу барысында таңдап алынған ұстаным зерттеу әдісіне негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |