Әдістемелік бірлестік - білім мекемесінің әдістемелік қызметі құрылымындағы негізгі бөлім болып табылады. Бірлестік бір немесе туыстас бірнеше пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, зерттеу-тәжірибелік және сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асырады.
Бір пәннен немесе бір білім аймағынан сабақ беретін мұғалімдер саны бестен көп болған жағдайда әдістемелік бірлестік құрылады. ӘБ мен ондағы мұғалімдер саны білім мекемесінің алдына қойылған кешенді мақсат, міндеттерді шешу қажеттілігімен анықталып, мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
ӘБ жұмысы мектеп директоры бекіткен жылдық жоспар негізінде жүргізіледі Әдістемелік бірлестіктер – бұл мектепте мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырудың ең көп көлемдегі таралған түрі. Әдетте, бастауыш сынып мұғалімдерінің, қоғамдық пәндер , математика- жаратылыстану мұғалімдерінің , орта және жоғарғы сынып жетекшілерінің бірлестіктері құралады. Толық сыныпты мектептерде пәндік әдістемелік бірлестіктері немесе кафедралар жұмыс жасайды.
Әдістемелік бірлестіктің ерекше қамқорлығы – ол тиімді, нәтижелі, белсенді әдісті, тәсілді сабақтың міндетіне қарай оқыту мен тәрбиелеу құралдарын, оқу материалдарының мазмұны мен жұмыс жағдайын мұғалімдердің шығармашылықпен меңгеруін ұйымдастыру.