Егерде әлеуметтануды ғылым ретінде қарастырсақ, онда оның объектісі мен пәні бар. «Әлеуметтану» термині екі сөзден құралған: латынның societas «қоғам» және де, гректің logas «сөз», «түсінік», «ілім» деген сөздерінен



Дата01.03.2023
өлшемі64,82 Kb.
#70687

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті




Факультеті «ФФИП»
Кафедрасы «Дінтану»

СӨЖ
Тақырыбы:Стратификация зерттеудің әртүрлі бағыттары
Орындаған:Ильяс Дияс Олжасұлы
Тексерген:Омарова Асем Тұрдыбековна


Алматы 2023ж


Стратификация зерттеудің әртүрлі бағыттары

Егерде әлеуметтануды ғылым ретінде қарастырсақ, онда оның объектісі мен пәні бар. «Әлеуметтану» термині екі сөзден құралған: латынның societas – «қоғам» және де, гректің logas – «сөз», «түсінік», «ілім» деген сөздерінен. Әлеуметтану «қоғам туралы ғылым» немесе «қоғам туралы ілім» дегенді білдіреді. Әлеуметтанудың қоғамды зерттейтін айырмашылығы оның пәнінде болады.
Әлеуметтану ол қоғамның құрылымын, және де топтардың байланыстарын зерттейді. Тарихқа жүгінсек, социологтардың бәрі дерлік осы ғылымның пәнін анықтауға тырысқан болатын.
Алғаш рет Огюст Конт «әлеуметтік» сөзін 1839 жылы «Позитивті философия курсының» (IV том) 47 - дәрісінде қолданған болатын. Конт бойынша, дербес әлеуметтік ғылым жасаудағы ең басты шарт – басқа ешбір ғылымдарда зерттелмеген ерекше шындықты айқындау болатын. Осы шындықты көрсету үшін ол түрлі терминдерді қолданған болатын «қоғам», «әлеуметтік организм», «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құбылыс», және де, «әлеуметтік тіршілік». Конт әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінген болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет