Әңгімелесу пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Педагогикадағы әңгімелесу оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі



Дата05.05.2023
өлшемі15,1 Kb.
#90028

Әңгімелесу — пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Педагогикадағы әңгімелесу — оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі. Әңгімелесу кезінде оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу материалын пысықтап, ой қорытады. Әңгімелесу әдісі — оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты. 2. Психологиядағы әңгімелесу — белгілі жоспар бойынша, бақылауға алынған адамның ерекшеліктеріне, білім деңгейіне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар арқылы жүргізіледі. Зерттелінушіге күдік тудырмау үшін әңгімелесукөбіне жанама түрде ұйымдастырылып, оның жауабы жазылып алынады, кейін мұқият талданып, тиісті қорытындылар шығарылады. Әңгімелесу әдісі әлеуметтік медицина, бала психологиясы тағы басқа салаларда жиі қолданылады. Мұны «тәжірибеге кіріспе», не «психотерапиялық әдіс» деп те атайды.
Әңгімелесу (выступление) - 1960 жылдың басында теледидардан жиі көрінетін жанрлардың ең карапайым түрлерінің бірі. Алғашқы жылдары Қазақ теледидары эфирге тікелей шығатын. Хабар кейіпкерлері ақпаратты көбінесе қағаз бетіне қарап оқитын. Лос-Анжелес университетінің профессоры Альберт Меробянның зерттеуі бойынша теледидар ақпараты «әңгімелесу» хабарының өзінде 7% сөз арқылы, 38% интонация мен дауыс, 55%-ы адамдардың бетінің кескіні мен ишарасына байланысты беріледі екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет