Л. С. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты



бет1/4
Дата03.04.2023
өлшемі25,64 Kb.
#78615
  1   2   3   4
Байланысты:
Л. С. Выготский бойынша, ыры ты зейін ымдарды , т сініктерді


Зейін

  1. Зейін туралы жалпы ұғым

  2. Зейіннің физиологиялық негіздері

  3. Зейіннің негізгі түрлері

  4. Зейіннің қасиеттері

Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады.


Зейін — сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнелеуін қамтамасыз етуі. Зейін – адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бір бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт — объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
П.Я.Гальпериннің тұжырымы бойынша: зейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады.
Л.С.Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты.
С.Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы— бағдарлық-зерттеудің бастамасы.
В.И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет