Әке – отбасының қорғаны



бет1/4
Дата27.03.2023
өлшемі24,14 Kb.
#76422
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

Әке – отбасының қорғаны

Мақсаты: әкенің жағымсыз қылықтарымен айналысуының балаға қалай әсер ететіндігін ұғындыру, пікірлесу; баланың ішкі ойын, пікірін әкеге жеткізу; әкелердің мектеппен байланысын нығайту; педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын жүзеге асыру.


Бағдарламасы:
І. Кіріспе (2 минут).
ІІ. Негізгі бөлім (36 минут).
• «Жіп орамасы» тренингі (1 минут).
• «Ауызша волейбол» тренингі (2 минут).
• Ситуациялық сұрақтар (8 минут).
• Мақал-мәтелдердің жалғасын табу (10 минут).
• Кубизм әдісі арқылы тақырыпты ашу. (10минут).
• Оқушылардың пікірін жеткізу. (5 минут).
ІІІ. Тренинг (5 минут).
ІҮ. Қорытынды. (2 минут).
І. Кіріспе сөз:
• Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасынан алады. Отбасы әр жеке тұлға үшін алтын бесік, қанатын қатайтып, бұғанасын бекітіп үлкен өмірге аттандыратын мейірімді биік тұғыр. Бала әке өмірінің жалғасы. Баланың қоршаған ортаға көзқарасын туғызып, жақсымен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу әкенің бұлжытпай орындайтын міндеті.
• Бала дегеніміз бойы ғана кішкентай үлкен кісі екенін есте ұстаған жөн. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата-ана өз баласының алдында өнегелі ұстаз, адамгершілік пен әділеттіліктің үлгісі ретінде танылуы бала үшін өте маңызды. Әсіресе әке тәрбиесі бала үшін ерекше орын алады. Әкеге баласы имандылығын, тазалығын, ұқыптылығын, еңбексүйгіштігін көрсете білсе, ол- әкенің қуанышы, бақыты. Сіздің өміріңіздің шын мәні бала, сәні бала, салтанаты бала, махаббат та, мәртебесі бала, өйткені баланың өсуі оның ұядан ұшқандағы алған тәрбиесі отбасының көрмесі. “Жақсы әке балаға өмірлік азық, жақсы ұл әулетке өмірлік қазық”- деген.
• Сондықтан бала тәрбиесі, мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Мен сізге маман педагог ретінде, сіз маған баланың ең басты тәрбиешісі, әрі айнадай үлгісі ретінде бір-бірімізге кеңес берейік, кездесейік, сөйлесейік бірігіп. Біздің мәпелеген талымыз түзу өссін! Сізге көлеңкесі,бізге ізгілігі қымбат!
Біздің «Әке – отбасының қорғаны» атты тренингтік – дискуссиямызға қош келдіңіз. Бүгінгі біздің әңгіме қылатын тақырыбымыз–зиянды заттар мен зиянды әдеттер жөнінде болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет