Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Желілік инфрақұрылымды құру. Модуль/пән атауы



бет1/4
Дата07.09.2023
өлшемі151,06 Kb.
#106418
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
№1 сабак-лек

Оқу сабағының жоспары №1


Білім беру ұйымының атауы:

14 колледж

Сабақтың тақырыбы:

Кіріспе. Желілік инфрақұрылымды құру.

Модуль/пән атауы:

КМ. 05. Желілік жабдықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Педагог :

Алипбаев Т.Н.




Курс:

3




Топ:




























Мерзімі:




























Сабақтың түрі:

Аралас




Мақсаты, міндеттері:

802.1 x стандартының талаптарын қанағаттандыратын желілік инфрақұрылымды құру кезеңдерімен танысу, топологияның негізгі үш түрінің жұмысын үйрену.




Күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар:

Білімгерлердің ойлау қабілетін арттыру, практикалық жұмыс жасау кезінде тиянақтылығын, ұқыптылығын дамыту. Практикалық сабақта желілік инфрақұрылымды құру кезеңдерімен жұмыс жасай алу.




Қажетті ресурстар:

Интерактивті тақта, компьютер, интернет желісі, әлеуметтік желілер, ақпараттық сілтемелер. Оқу құралдары: базалық кітаптар, мамандық бойынша кітаптар,оқулықтар.





Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мазмұны

Әдіс-тәсілдері

Қолданылатын көрнекіліктер және ТОҚ

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, сыртқы келбетіне зер салу, оқу-құралдарын тексеру, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

3

ІІ. Сабақтың жоспары мен мақсатын таныстыру. 802.1 x стандартының талаптарын қанағаттандыратын желілік инфрақұрылымды құру кезеңдерімен танысу.

3

III. Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау

Берілген үй тапсырмасын тексеріп бағалау.

Үй тапсырмалары бойынша сұрақ-жауап

Плакаттар,
слайдтар

10

IV. Оқушылардың білімдерін бағалау: Білім алушыларды білім деңгейіне сай бағалау.

2

V. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсатын айқындау, жазу (тақтада және дәптерде): желілік инфрақұрылымды құру кезеңдерімен танысу, топологияның негізгі үш түрімен жұмыс жасау.

5

VI. Жаңа материалды түсіндіру:

IEEE 802.X стандартының тобы жеті деңгейлік OSI үлгісінің екі төменгі деңгейін, кадрлар форматтарын, CSMA/CD тарату ортасына рұқсат әдісін, Ethernet технологиясының физикалық спецификацияларымен танысу, жұмыс істей алу.


Ethernet технологиясының физикалық спецификацияларымен танысу

Плакаттар, интерактивті тақта,
оқулықтар
слайдтар

50

VII. Жаңа материалды бекіту

Желілік инфрақұрылымды құру кезеңдері туралы толық ақпарат алу.

1. Сұрақ жауап 2.Өзіндік (топтық) жұмыс

Таратпа материалдар,
плакат, слайдтар

10

VIII. Сабақты қорытындылау

Желілік инфрақұрылымды құру кезеңдері туралы белсенділік танытқан білім алушылардың білімдерін бағалап, өтілген сабаққа қысқаша шолу жасау және қорытындылау. Түсінбеген сұрақтарына жауап беру.

5


ІХ. Үйге тапсырма беру:
1) Остроух А.В. Компьютерлік желілерді орнату және тексеру.Оқулық-Алматы «Қазақ-Британ техникалық университеті» . 2017 жыл. – 11 бет

2



Оқытушы______________ Алипбаев Т.

1 Сабақ


Тақырыбы: 802.1 x стандартының талаптарын қанағаттандыратын желілік инфрақұрылымды құру кезеңдері

Жергілікті есептік желі деп барлық элементтері салыстырмалы түрде үлкен емес аумақта орналасқан желіні атаймыз. Әдетте бұндай желі бір кәсіпорын немесе ұйымның ақпаратын жинау, тарату және бөлінген өңдеу үшін арналған.


Локальды есептеуіш желісі (ЛЕЖ) құрылымы қызмет көрсетілетін ұйымның құрылысын белгілі шектелген шамада көрсетеді, сондықтан жиі иерархиялық құрылымда болады. ЛЕЖ-да цифрлық сигналдар тасушы жиіліктің (телефондық сымдар бойынша кең жолақты тарату үшін қолданылатын) модуляциясыз физикалық арнаға (қосушы кабель) түсетін дискретті ақпаратты тура тарату қолданылады.
ЛЕЖ архитектурасының негізіне OSI үлгілісі қолданылады. ЛЕЖ жұмысы OSI үлгісінің алғашқы екі – физикалық және арналық деңгейінде суреттеледі. Топологияның негізгі үш түрі бар: "шиналық", "жұлдыз" және "сақина".
Ethernet - бүгінгі күні ең көп таралған стандарт. IEEE 802.1 стандарттарының 1 - суретте көрсетілген жеткілікті түрде айқын құрылымы бар.

1 сурет - IEEE 802.1 стандарты құрылымы


IEEE 802.X стандартының тобы жеті деңгейлік OSI үлгісінің тек екі төменгі деңгейін – физикалық және арналықты ғана алып жатыр.


MAC деңгейі. Сол немесе басқа байланыс стансаның басқаруындағы белгілі алгоритммен сәйкес жалпы ортаға тура үйлесімді қолдануды қамтамасыз етеді. Ортаға рұқсат алған соң, оны одан да жоғары деңгей қолдануы мүмкін - мәліметтерді, транспортты қызметтің әртүрлі деңгейі бар ақпарат кадрларының логикалық бірліктерін таратуды қамтамасыз ететін LLC деңгейі.
LLC деңгейі әртүрлі деңгейлі сенімділігі бар түйіндер арасында мәліметтер кадрын таратуға жауап береді, сондай-ақ интерфейс пен оған қосымша желілік деңгейдің функциясын іске асырады. LLC деңгей асты логикалық арнаны басқарудың екі типін қолдайды:

  • біріншісі қосылуды орнатпау және жеткізуді растаусыз мәліметті таратуды қамтамасыз етеді;

  • екіншісі қосылуды орнату кезінде мәліметті жеткізуді, олардың бүтіндігін және мәлімет ағынын басқаруды растаудан кейін мәліметті таратуды қамтамасыз етеді, яғни келесі кадрды тарату алдыңғы кадрды алғанды растаудан кейін ғана жүреді.

Басқарудың бірінші типі мәліметті таратудың кең түрде хабарлауын қамтамасыз етеді және Ethernet типті, ал екіншісі Token Ring, FDDI типті желілерде қолданылады.
Кадрлар форматтары. Кадрлар форматтындағы айырмашылықтар кейде тек бір стандартқа ғана есептелген аппаратураның үйлесімсіздігіне әкелуі мүмкін, бірақ көптеген желілік адаптерлер, көпірлер және маршрутизаторлар Ethernet технологиясының практикада қолданылатын барлық кадрлар форматтарымен жұмыс жасай алады.
Төменде Ethernet кадр тақырыптарының барлық төрт модификациясы көрсетілген (соның ішінде кадр тақырыптарына арналық деңгейге жататын барлық өріс жиынтығы кіреді):

  • 802.3/LLC кадры (немесе Novell 802.2 кадры);

  • Raw 802.3 кадры (немесе Novell 802.3 кадры);

  • Ethernet DIX кадры (немесе Ethernet II кадры);

  • Ethernet SNAP.

802.3/LLC кадрының тақырыбы 802.3 және 802.2 стандартарында анықталған кадрлар тақырыптар өрістерінің бірігу нәтижесі болып табылады.
2 - суретте негізгі кадр форматтары көрсетілген.

2 сурет– Екі негізгі MAC кадр форматы


Өрістердің төмендегідей міндеттері бар:

  • преамбула: 7 байт, оның әрқайсысы бір мен нөлдің алмасуын көрсетеді 10101010. Преамбула қабылдау жағында биттік синхрондауды орнатуға мүмкіндік береді;

  • кадр бастамасын шектеуші (SFD, start frame delimiter): 1 байт, тізбектелу 10101011, ары қарай кадрдың ақпараттық өрісі жүретінін көрсетеді. Бұл байт преамбулаға жатуы мүмкін;

  • қабылдаушы адресі (DA, destination address): 6 байт, стансалардың МАС-адресін көрсетеді (станцияның MAC-адресі), олар осы кадрлерге белгіленген. Бұл жеке физикалық адрес (unicast), топтық адрес (multicast) немесе кең түрде хабарлау адресі (broadcast);

  • жіберуші адресі (SA, source address): 6 байт, кадр жіберетін стансаның МАС-адресін көрсетеді;

  • түрі немесе кадр ұзындығы өрісі (T or L, type or length): 2 байт. Екі негізгі кадр форматы бар: Ethernet – Ethernet-II және IEEE 802.3, әртүрлілігі қарастырылып отырған өрісінде жатыр. Ethernet-II кадры үшін осы өрісте кадр түрі жайлы ақпарат бар;

  • мәліметтер (LLC Data): LLC деңгей астымен өңделетін мәліметтер өрісі. Жалпы алғанда, IEEE 802.3 әлі аяқталған емес, осы өрістің алдыңғы бірнеше байтының мәніне байланысты осы IEEE 802.3 кадрының үш соңғы форматы болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет