1. Әкелер кеңесінің құрамымен және ережемен таныстыру.
2. Әкелер кеңесінің жұмыс жоспарымен таныстыру. Арыс аудандық ардагерлер үйі жанындағы «Әкелер мектебі» кеңесінің төрағасы Иман Қалиев
3. «Әке – баланың қорғаны немесе қазақ отбасындағы әкенің орны»
4. «Теміржол қауіпті – аймақ».
І. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Д.Бейсембаев сөз сөйледі.Келген қонақтармен оның құрамымен таныстырды.ДТІЖО Ә.Шекербеков сөз алып жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жұмыстарын нығайту мақсатында, жанұялық құндылықтарды күшейту, бала тәрбиесіндегі ата-аналар қауымдастығының, әкелер жауапкершілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңын,білім бөлімінің бұйрығын негізге ала отырып, әкелер кеңесі құрылған болатын. Мақсаты әкелердің отбасындағы бала тәрбиесіндегі ролін арттыру, ұстаз, ата-ана және оқушы арасындағы байланысты нығайту. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру. Бала тәрбиесіне қатысты видеоролик көрсетілді.
ІІ. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Арыс аудандық ардагерлер үйі жанындағы «Әкелер мектебі» кеңесінің төрағасы Иман Қалиев сөз сөйледі.
Кеңес төрағасы Әкелер кеңесінің жұмыс жоспарын таныстырып, кеңес мүшелерін белсене ат салысуға шақырды.Ол өз сөзінде аудандық әкелер мектебі жиналысының қатысу көрсеткішіне талдау жасап,түрлі- тәлім тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтылды.
ІІІ. Үшінші мәселе бойынша «Әкелер мектебінің» мектепішілік төрағасы Оңалбаев Ержан сөз алды. Әкелер кеңесін құрудағы негізгі мақсат- бала тәрбиесіне деген әкелердің көзқарастарын кеңейту; ұстаз – оқушы – ата-ана өзара қарым-қатынастарын жақсарту; бала тәрбиесінде отбасы өнегесін, әкелер мен ер-азаматтардың мәртебесін нығайту; отбасында және қоғамда әкенің рөлін биіктету керек екенін атап өтті.Содан соң Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қ.Сманова сөз алып,әр отбасында баланың тәрбиесіне әкенің тікелей жауапты екенін,әке отбасында қандай тәлім-тәрбие беру керек екенін атап өтті.Әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Бұдан күтілетін нәтиже: мектепке әкелердің жаңаша көзқарасын қалыптастыру; мектеп өміріне әкелерді тарта отырып, байланысты нығайту, белсенділігін арттыру.
ІV.Төртінші мәселе бойынша Арыс ст. ЖПБ Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Абсалиев Нуркен Сабуртаевич және Шағыр станция бастығы Қарынтаев Бахытжан Арапбайұлы сөз сөйледі.
Темір жолда адамдардың,малдардың жарақаттану жағдайларының көп болуына басты себеп, олардың қауіпсіздік ережелерін білмеуі, сақтамауы, асығыс жүріп, арнайы аспа көпірді пайдаланбауы және балалардың бұзақылық істерге барып, ойын ойнауы жатады.Бір қарағанда өздігінен тұрған вагондар қауіп төндірмейтін сияқты болып көрінеді. Алайда, оған жақындауға, астынан өтуге тыйым салынады. Өйткені, стансада тұрған әрбір вагон жұмыс үстінде тұр деп есептеледі, әр секундта ол қозғалысқа келуі мүмкін. Вагоннан шығыңқы әрбір зат киімге ілініп қалса, адамды дөңгелек астына тартып әкетеді. Сондықтан, темір жолда уақытты қысқартамын деп өзіңе ыңғайлы жерден өтуге болмайды. Тек арнайы белгіленген орындардан ғана өту керек. Мысалы, аспа көпір, егер жоқ болса, темір жолды кесіп өтуге арнайы төсемелерді пайдаланған жөн. Бұл бағытта Арыс стансасының желілік полиция бөлімі тарапынан ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. . Мұндағы мақсат – жаяу жүргіншілерді темір жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру, сақтық шараларына шақыра отырып, жолда жүру мәдениетіне тәрбиелеу. Иә, адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ.Соңғы кездері ауыл маңына таяу орналасқан теміржол бойына шығып кететін жеке иеліктегі малдар көбейді.Ірі қараның жолды бөгеуіне байланысты пойыздар жедел тежегішті басып тоқтауға мәжбүр.Шұғыл тоқтату вагондағы адамдардың жарақат алуы мен жүктің соқтығысуына әкеледі.Адамдар теміржолға жақын маңда мал жаю ережесін сақтамайды.Бұл қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан, темір жолдың қауіпті аймақ екенін ұмытпайық, әрдайым сақтық шараларын сақтайық, өз өмірімізді өзіміз қадірлейік.
Қаулы етті:
- Әкелер кеңесінің жұмысы жоспарға сай жүйелі түрде жүргізілсін;
- Темір жол бойындағы қауіпсіздік ережелері қатаң сақталынсын;