Сабақ Өткізілетін күні: 13. 12. 2023 ж Уақыты: 15. 00-16. 00



бет1/5
Дата26.12.2023
өлшемі102,53 Kb.
#143615
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жасымбекова Назира Муратбековна Зейін жобасы


«Зейін» жобасы аясындағы тәжірибе алмасу


Тақырыбы: Оқу мақсаттарын негізге ала отырып,тапсырмалар құрастырудың тиімділігі.


Түрі: Шеберлік сабақ

Өткізілетін күні: 13 .12.2023 ж
Уақыты: 15.00-16.00


Тәжірибемен бөліскен: Жасымбекова Назира Муратбековна Қарқаралы ауданы Ә.Бүркітбаев атындағы №12 ЖББМ КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Шеберлік сабақтың мақсаты:
Оқу мақсаттарын негізге ала отырып,тапсырмалар құрастырудың тиімділігін көрсету.


Шеберлік сабақты өткізудегі әдіс-тәсілдер:

  1. Zoom платформасы арқылы онлайн байланыс орнату.

  2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы ойлау туралы ойлануға ықпал жасауы арқылы тәжірибе алмасады.

  3. Жұмыс соңында кері байланыс орнатылады.

Ресурстар: Zoom платформасы, презентация


Өткізілу барысы:



Шеберлік сабақ кезеңдері

Жүргізушінің
іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

І.Шеберлік сабағының мақсат-міндеттерімен, барысымен таныстыру.
ІІ. Оқу мақсаттарын негізге ала отырып,тапсырмалар құрастырудың тиімділігін көрсету.

ІІІ. Рефлексия.



Ұйымдастыру

Қымбатты, әріптестер! Сабақ – мақсат қою мен мақсатты жүзеге асыру үдерістерін орындау барысы екені бәрімізге мәлім. Ал, мақсат – адам болашақта белгілі бір іс-әрекет негізінде қол жеткізетін алдынала жоспарланған нәтиже. Ендеше, оқу мақсаттарына байланысты тапсырмалардың дұрыс іріктелуі білім алушының сапалы білім алуына кепіл бола алады.


Оқу бағдарламасы – пәнінің мазмұнын және меңгеруге тиісті білім, білік, дағды, құзырет көлемін анықтайтын бағдарлама.
Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Демек,біз оқу мақсаттарына байланысты тапсырмаларды өз білім алушыларымыздың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, іріктеп алып құрастыруымыз қажет.
Ол үшін:

  • Оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін құрастыру;

  •  Тапсырмаларға сай дескрипторлар құрастыру;

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тапсырманы ескеру;

  • Оқу материалының жеткілікті көлемі қамтылуы тиіс;

  • Шығармашылық сипатта болуы керек;

  • Оқушыға түсінікті және қызықты болуы тиіс;

Тапсырма – бұл бағалау құралы.Тапсырманың орындалу деңгейіне қарай оқушының білімі бағаланады.Оқушы білімі оқу бағдарламасына сәйкес болу үшін, біздің беретін тапсырмамыз сол күнгі сабақта қарастырылатын оқу мақсаттарына қол жеткізетіндей сәйкес болуы керек.
Оқу мақсаттарына байланысты тапсырмаларды іріктеуде басты назарды оқу мақсатының етістігіне аудару керек.
Оқу мақсаты:5.2.1.1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет