Тәрбие сағатын талдау



Дата28.03.2023
өлшемі15,68 Kb.
#76655
түріСабақ
Байланысты:
самоанализ (копия)


Тәрбие сағатын өзіндік талдау

Сыныбы. 1 «Ә»


Сыныптағы оқушы саны 26. Қатысқаны: 24
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жолда жүру ережесің сақтаймын»
Мақсаты: Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру;Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу; көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу;
Сабақты өткізу формасы – Дәстүрлі емес.
Сабаққа дайындық деңгейі – Оқушылар сабақта белсенді қатысты, оқушы мен педагогтің қарым-қатынасында кері байланыстар жүріп отырды, сабақ жақсы деңгейде өтті.
Тәрбие сағатын өткізу барысында қолданылған әдістер, көрнекіліктер, техникалық құралдар, оларды қолдануда қандай дәрежеде – «Кубизм» әдісін, «Сұрақ жауап» әдісін, «Дұрыс бұрыс» әдісін және рефлексия кезінде, кері байданыс ортану мақсатыңда «Бағдаршам» әдісін қолдадым. Және де АКТ құралдары, презентация, бейнебаян, сабақта жақсы дәрежеде қолдандым.
Тәрбие сағатының тақырыбы мен мазмұны оның мақсатына сәйкестігі – Сынып сағатының тақырыбы «Жолда жүру ережесін сақтаймын» тақырып сабақтың мақсатына сәйкес және қойылған презентация мен бейнеролик тақырыпқа сай болды.
Тәрбие сағаттарының міндеттері өткізіліп отырған сынып ұжымының жас ерекшелігіне сәйкестігі – Берілген тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болды, тапсырмаларды оқушылар онайлықпен жасай білді.
Оқушылардың сабақ барысындағы қызығушылығы мен белсенділік деңгейлері – Сабақ барысында оқушыларға «Кубизм» әдісі бойынша тапсырмаларына қызығушылықпен қатысып, белсенділіктері жақсы деңгейде болды.
Тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысындағы кемшіліктер – Оқушылардың назарын аудара алмаған жағдайда, шулап кетуі, тыңдамауы.

Қорытынды талдау және ұсыныс ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Сабақты талдаушы: Байкадамова Д.О


Сабақтың өткен күні: 24.02.2023

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет