Әкелер кеңесінің ережесі Жалпы ережелер



бет1/3
Дата06.09.2022
өлшемі30,44 Kb.
#38523
  1   2   3

Әкелер кеңесінің ережесі
1.  Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Білім туралы» Заңдарының негізінде баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау мектепте мынадай бағыттар бойынша қалыптастырылады: − балалардың құқықтары мен заңды мүдделері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау; − ата-аналар, оқушылар, мектеп мұғалімдері үшін кеңестер, тренингтер, диагностикалық жұмыстар; − сапалы білім беру және балаларды дұрыс тәрбиелеу үшін әлеуметтік жағдайлар жасау; − әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу; − балалардың бос уақытын ұйымдастыру − тиісті ведомстволармен (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Балалардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау, қорғаншылық және қамқоршылық комитеті, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия) тығыз байланысты қолдау 
2.  Мақсаты мен міндеттері
2.1. Әкелер кеңесін құрудың мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.
2.2. Өз қызметінде Әкелер кеңесі келесі міндеттерді шешеді:
2.2.1. Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету.
2.2.2. Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау
2.2.3. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру.
3.  Әкелер кеңесінің құзіреті
3.1  Әкелер кеңесі құзіретіне кіреді:
- оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру;
- өмірлік қиын жағдайға тап болған ата-аналармен, оқушылармен қоғамға жат әрекеттер мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсініктеме жүргізу;
- педагог қызметкерлерге ішімдікке, темекі тартуға, қоғамға қарсы жат мінез құлықтар көрсетудің алдын алу шараларын ұйымдастыруда көмек көрсету;
- кеңеске жергілікті басқару мекемесінен, қоғамдық ұйымдардан өкіл, жеке кәсіпкерлерді, бұқаралық ақпарат қызметкерлерін шақыру;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет