Ортаңғы "Нұрлы әлем" тобында өткізген ата-аналар жиналысының хаттамасы. Хаттама №1 Қатысқан ата-аналар саны: 3 Қатыспаған ата-аналар саны: Қаралатын мәселелер: «Бал мекенім балабақшам»



Дата10.11.2022
өлшемі19,23 Kb.
#49207
Байланысты:
ата-аналар жиналысы хаттама1


«Нұр-Жібек» бөбекжай балабақшасы ЖШС
ортаңғы "Нұрлы әлем" тобында өткізген ата-аналар жиналысының хаттамасы.
Хаттама №1
Қатысқан ата-аналар саны: - 23
Қатыспаған ата-аналар саны:2
Қаралатын мәселелер:

  1. «Бал мекенім балабақшам» ата - аналарға балабақшаның жылдық мақсатымен, күн тәртібімен таныстыру.Ата – аналар комитетин сайлау.\Тәрбиеші Асылбекова А.Т.\

  2. «Балабақшамен ата ананың бірлігі» баяндама.

  3. \Тәрбиеші Асылбекова А.Т.\

  4. Ата - аналармен тренинг. \психолог \

Бірінші мәселе бойынша тәрбиеші Асылбекова Аягөз Талдыбайқызы сөз бастады.
Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар біздің «Нұр-Жібек» бөбекай балабақшамызға қош келдіңіздер! Сіздерден өтініш орындарыңыздан тұрып бір - бірімізбен танысу шеңберіне келсеңіздер.
Қолымыздағы ойыншықты бір - бірімізге бере отырып, өзіміз жайлы айтып кетейік.
Барлығымыз бір- бірімізбен танысып болсақ орындарыңызға жайғасып отырыңыздар. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі міндеттерді іске асырушылар балабақша мен отбасы.
2015-2016 оқу жылының міндеттемелері
1. "Денсаулық" саласы:
Міндеті: Балалардың денсаулығын нығайту мақсатында денешынықтыру
жаттығуларын саналы түрде түсініп, меңгеруін және қимыл-
қозғалыс дағдыларын дамыту.
2. "Қатынас" саласы:
Міндеті: 1. Балалардың тілін дамыту жұмысын, дидактикалық ойындар мен
театрланған көріністерді пайдалану арқылы дамыту.
2. Балаларды өз құрбыларымен және үлкендер мен дұрыс қарым-
қатынас жасауға үйрету жұмысын жалғастыру.
3. Балалардың қызығушылық қабілетін ойындар арқылы дамыту.
Таңертеңгі 08-00-ден бастап кешкі 18-00-ге дейін бала тәрбиешінің қарауында болады. Балабақшадағы бала тәрбиесінің күн тәртібі 12-сағатқа шамаланған.
Ата-аналарды күн тәртібі мен таныстыру, ондағы ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттері бойынша мағлұмат беру. Білім салалары мен білім бөлімдерін толық таныстыру.
Әдіскер: Ата-аналарға әр-бір баланың өз "Портфолиосы" болу қажеттілігін айтты.
"Портфолио"-бұл балалар жұмысы және оның өзінің жеке жетістік портфелі. Тәрбиеші ата-аналармен бірлесіп жеке папкаға балалардың салған суреттерін, шығармашылық жұмыстарын, фотоларын, түрлі қызық пікірлерін және қуанышты хабараламаларын жинастырады. Бұл материалдар бала тұлғасының, өсу динамикасының жағымды өзгерістерінің көрнекі үлгісі болып табылады.
Ата-аналар әдіскермен келісетіндерін және балаларының портфолиосын жасап беретіндерін айтты.

Ендігі мәселе: Ата-аналар арсынан өз өтініштерімен ата-аналар комитетін сайлайық.


Ата-аналар өзара келісе отырып ата-аналар ұйымын сайлады, олар:
1. Ширинбек Ақмейірдің анасы Изеева Гүлдарияны
2. Лесбек Нұрдәулеттің анасы Абилханова Балжанды
3. Темірбай Нұрсаяның анасы Арипбаева Жадыраны


Екінші мәселе бойынша оқулықтар қажеттілігі жайлытәбиешіАсылбекова Аягөз Талдыбайқызы «Балабақшамен ата - ананың бірлігі» тақырыбында баяндама оқыды.
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы\ өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі , ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру \ қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Републикасының \\\\жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Бала тәрбиесі ана сүтінен бастап , өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс . Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып , балабақшамен
Үшінші мәселе бойынша балабақшамыздың психологы Айгерим
ата -аналармен бірге тренинг өткізді.
Ата-аналар жиналысының шешімі:



  1. Ата-аналар балаларды таңертең балабақшаға уақтылы алып келу.

  2. Балаларды себепсіз балабақшадан қалдырмау.

  3. Ата - аналар балалар портфолиосын дайындап беру.

  4. Балаларды бірлесе отырып тәрбиелеу.

Әдіскер: _____________________ Дүйсембек Фәрида Әкімқызы.

Тәрбиеші:____________________Асылбекова Аягөз Талдыбайқызы.



Хатшы:_____________________Салтуреева Шынзия Сағдатқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет