Әкімшілік құқықтың субьектілері ретінде азаматтардың құқықтық мәртебесі



Дата06.01.2022
өлшемі49,5 Kb.
#13380
Байланысты:
Нұрман Қымбат


Нұрман Қымбат

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

 

Әкімшілік құқықтың субьектілері ретінде азаматтардың құқықтық мәртебесі



 

Азаматтың құқықтық мәртебесі – қоғамның  әлеуметтік құрылымымен, ондағы демократияның және заңдылықтың дәрежесімен тығыз байланысты, әрі аса маңызды саяси-құқықтық санаттарының бірі болып табылады.Адамның және азаматтың қоғамдағы мемлекеттегі құқықтық мәртебесі өзімен күрделі және көпжақты конституциялық құқықтық механизмді құрайды. Ал мемлекет пен азаматтар арасындағы және азаматтардың өз араларында пайда болатын байланыстарды мемлекетпен реттейді. Егер жеке тұлға құқықтық жүйенің бір орнын алмастырса немесе қатардағы азаматтың мүддесі мемлекет мүддесінен төмен тұрса азаматтық құқықтық қоғам құру мүлдем мүмкін емес болар еді.

Адамдардың өркениет жүйесінің негізін құрайтын үш негіз бар-адамның құқықтары мен бостандықтары, жеке меншік құқығының басымдылығы және мықты, әрі тәуелсіз сот деген [1].

Жеке тұлға мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастар белгіленген тәртіппен реттелуді қажет етеді.Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі Конституция және басқа да нормативтік құқықтық актілерде мемлекетпен бекітілген.Азаматтардың құқықтық мәртебесі, міндеттері мен құқықтарының табиғаты әр түрлі салалар мамандарының назарына ілініп отыр. Өйткені, азаматтың құқықтық мәртебесі кешенді құқықтық институт болып табылатындығында.Сонымен бірге әр азамат құқықтық қатынастардың субьектісі болып табылады.Сондықтан да, оның құқықтық мәртебесі әр түрлі салалардың нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Конституцияға сәйкес, азамат, оның құқықтары мен бостандықтары ең басты құндылық, ең басты қазына  болып табылады.Бұл пікір Конституциямыздың 1-б-да бекітілген.Адамдар мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мойындау мен қорғау-мемлекеттің міндеті. Қазақстанның әр азаматы Қазақстан Республикасының аумағында Конституциямен бірдей құқықтар мен бостандықтарға ие болып, бірдей міндеттер атқарады.Бұл конституциялық ережелер адамның әкімшілік құқықтық мәртебесі үшін негіз,яғни бастама болады.Азаматтарға құқықтар мен бостандықтарды беру мен басқару саласындағы міндеттерді жүктей отырып жәнеде мемлекет алдындағы жауапкершілікті айқындай отырып,азаматтың мәртебесін әкімшілік, конституциялық және басқа да құқық салаларының нормаларымен анықтайды.

Басқару саласындағы адамның құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік өмірдегі азаматтың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігінен табиғаты бойынша ерекшеленбейді. Қазақстанның барлық азаматтары әлеуметтік, мүліктік жағдайына нәсілдік және ұлтына, жынысы, тілі, біліміне,дінге көзқарасына, қоғамдық қауымдарға қатысуына, тұрғылықты мекен-жайына және басқа да жағдайларға байланыссыз заң алдында тең [2, 122 б.].

Азаматтардың негізгі құқықтары, міндеттері мен бостандықтары Қазақстан Республикасының  Конституциясымен және азаматтығы туралы 1991 жылғы20 желтоқсандағы  заңында  оған енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы заңдар анықталған.Сондай ақ әкімшілік және басқа да заңнамаларда толық айқындалған.Айталық, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі, оған енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы заңдар  «Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы» 1991 жылғы 5-ші маусымдағы заң , «Мемлекеттік қызмет туралы»  заңы 23 шілде 1999жыл. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарымен және Үкіметінің нормативтік актілерімен де реттеледі. Мысалы Қазақстан Республикасының Президентінің 2003жыл 19 – наурыздағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы  Адам құқығы жөніндегі комиссия туралы Ереже».Тұлғаның жалпы әкімшілік-құқықтық мәртебесін азаматтың мәртебесі деп анықтаған жөн.1992 жылға дейін заңтанушы ғалымдар азаматтардың 3 түрін айқындаған-КСРО азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар. Бірінші қайнар көзге жүгінсек,біріншілік құқықтық негіз болып, адамның конституциялық құқығы, содан соң нормативтік құқықтық актілермен және заңдармен реттелген құқықтары тұр. Осыдан әкімшілік нормаларда белгіленген азамат құқықтарын 2 топқа бөлуге болады:

1. Айқындайтын, дамытатын конституциялық құқықтардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін.Олар конституциялық құқықтарға қарағанда екінші орында,сондықтан да оларды әкімшілік,конституциялық деп шартты түрде атауға болады.

2. Тек әкімшілік құқықтармен ғана реттелетін құқықтар, олар әкімшілік құқықтың қайнар көздерінде белгіленген.

Азаматтардың негізгі құқықтарының көпшілігі әкімшілік-құқықтық қамсыздандыруды қажет етеді.Ал егер олар әкімшілік-құқықтық нормалармен белгіленбесе, олар «жақсы ережелер,әдемі уәделерге» айналады.Конституциялық құқықтарды жүзеге асыру үшін әкімшілік арызға, қаруға, шетелдік төлқұжатқа, мектеп пен ЖОО-на түсуге,мемлекеттік қызметке, жедел жәрдемге, ақысыз дәрі-дәрмектерге азаматтардың әкімшілік құқықтары бекітілген.Азаматтың әкімшілік құқықтары қатарына аңшылық, балық аулау,көлік жүргізу,  Қазақстан Республикасының азаматтық төлқұжатын алу немесе ауыстыру,әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша құқықтық қорғау және т.б.жатқызылады.Әкімшілік құқық азаматтың жекеленген санаттарының құқығын қорғайды.Мысалы: босқындар, студенттер, жетім балалардың, полиция қызметкерлерінің, әскерилердің және т.б.

Құқықтың пайда болуы мен берілетін тұлғалар қатарына байланысты,жалпы және арнайы құқықтар болып бөлуге болады. Арнайы құқықтар болып, көбінесе жеңілдіктер болып табылады.Олар мынандай белгілер бойынша беріледі:

1. Әлеуметтік демографиялық (ауруларға, көп балаларға, мәжбүрлі қоныс аударғандар  ) т.б.

2. Қоғамға пайдалы қызметке (ардагерлерге, әскерилерге, Қазақстан Республикасының қаһармандарына, мемлекеттік қызметкерлерге т.б)

Мән мағынасы бойынша азамат құқықтары келесі топтарға бөлінеді:

- әлеуметтік-саяси белсенділікке мемлекет істеріне қатысуға. Бұл мемлекеттік қызметке ұсыныстар жасау, ақпаратты белгіленген нысанда алу, қоғамдық қауымдарды ұйымдастыруға, қатысуға, шығуға, құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмаудың алдын алу және т.б.

- құзырлы органның көмегімен мемлекеттің қатысуына. Мысалы : ақысыз тегін кітапханалармен пайдалану, ұйымдастырушылық (жұмысқа орналасу), техникалық санитарлық - эпидемиологиялық, медициналық көмекке- қорғауға.Жүзеге асуының негізгі нысандары:

1. әкімшілік арыз

2. сотқа талап-арыз

3. әкімшілік-юрисдикциялық өндірісте қорғау

4. қажетті қорғаныс

5. мемлекеттік емес мекемелердің көмегіне(адвокаттар коллегиялары,тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдары, кәсіподақтар)

Субьектілер арасындағы әкімшілік – құқықтық  міндеттерді абсолютті және қатысушылық болып бөлуге болады. Абсолютті – белгілі  бір жағдайларға байланысты емес, олар барлығына бірдей жүктеледі(жол жүру ережелерін сақтау).Қатысушылық міндеттер әрекеттерден пайда болады:

Пайдаланушының міндеті (мемлекеттік кітапхананың оқырманы, мемлекеттік жоғарғы оқу орындарының студенті т.б). Белгілі бір әрекеттерге,мүлікті иеленуге рұқсат алған тұлғаның міндеттері (жүргізуші, меншік газды қаруы)

Құқыққа қайшы әрекеттерден шыққан, пайда болатын міндеттерді келесі үш топқа жатқызылады:

-билік өкілдерінің заң талаптарын орындау міндеті(құжаттарды көрсету;АІІБ бару)

-мәжбүрлеу шараларына мойынсыну міндеті (қамауға алу,мүлікті тәркілеу,құқықтан айрылу)

-өкілетті субьекті қолданатын басқа да әсер ету шараларын орындау міндеті (айыппұл төлеу,залалды өтеу,кешірім сұрау).

Әкімшілік құқықтың субьектісі ретінде азамат нормативтік құқықтық актілерде көрініс тапқан белгіленген құқықтар мен міндеттерге ие болған қоғамдық қатынастардың қатысушысы.Азаматтың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;оның құқықтарының мәртебесін құрайды.

Әкімшілік құқықтың субъектісі – бұл әкімшілік құқықтық қатынастың нақты қатысушысы, яғни ол бұл қатынасқа өз қалауымен қатысады немесе өзіне арнайы құқықтық нормалармен жүктелген  міндеттеменің күшінде қатысады. Мысалға айталық, атқарушы органдардың қабылдаған қаулылары азаматтардың өздеріне тиесілі құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірді деп санаса сотқа шағымдана алады.

Әкімшілік құқықтың субъектісі - әкімшілік құқықтық мәртебесімен әкімшілік құқықтық қатынастың нақты қатысушысы бола алады.Ал азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі  олардың құқықтары, бостандықтары, оларға кепілдіктер, міндеттер, құқықтықшектеулер мен жауапкершілік көлемімен анықталатын күрделі құрылым болып табылады.

Азаматтың әкімшілік – құқықтық  мәртебесі күрделі заңды құрылым болып табылады. Ол ірі төрт элементтен тұрады:

Біріншісі, ең маңыздысы әкімшілік құқықтың субьектісі ретінде адамның, тұлғаның құқығы мен міндеттері айқындалады. Қазақстан Республикасының  Конституциясында айтылғандай: адамның, тұлғаның құқықтары мен бостандықтары ең басты құндылық болып табылады.Оларды қорғау мемлекет міндеті. Азаматтың құқықтық мәртебесін құрайтын негізгі құқықтары мен бостандықтарына мысалы: өмір сүруге құқық, жеке басқа қол сұғылмаушылық  пен бостандығы, жеке үйге қолсұғылмаушылық, жеке өмірге қолсұғылмаушылық,жеке немесе отбасы құпиясына, ар-намысы мен атын қорғау, еркін жүріп-тұру, тұрғылықты жерін таңдау, ҚР тыс аумағынан тыс жерге еркін шығу және Қазақстан Республикасына қайта оралу.Адам құқықтарын жариялай отырып, Конституциядағы міндеттерді адамға белгілейді.Мысалы: заңда көзделген тәртіппен салықтар мен төлемдерді төлеу,қоршаған орта мен табиғатты қорғау,табиғи байлықтарды үнемді пайдалану,монополизацияға бағыттан экономикалық қызмет түрімен айналысу:

Екіншісі, әкімшілік-құқықтық мәртебесінің құрамдас бөлігі - азаматтық мәртебесі.Әкімшілік құқықтың субьектілері ретінде әр азамат өзінің азаматтық құқықтық мәртебесіне ие. Азаматтың құқықтық мәртебесін анықтайтын әкімшілік құқық нормалары, оның мемлекеттік және қоғамдық қызметтеріндегі құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Мемлекет істеріне араласу, қатысу жөніндегі нормалар; ереуілдер мен жиналыстар, демонстрациялар мен шерулер жүргізуге құқығы. Әскери қызмет атқару, ары қарай азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, оның шаруашылық, еңбек қызметін анықтайтын нормалар. Мысалы: жеке меншікке құқық, соның ішінде жерге жеке меншік құқығы, еңбекке құқық, өз иелігіндегі меншіктен, тек сот шешімі бойынша ғана айрылады, өз білімі мен қабілетін және мүлкін заңда тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға жұмсауға құқылы. Тегін өзгерту, ғылыми-техникалық ізденіс, сурет өнері мен әдеби шығармашылыққа т.б  азаматтардың құқықтары бар.

Жеке тұлға азамат мәртебесін алғаннан кейін, оған әкімшілік құқық мәртебенің үшінші элементі-әлеуметтік мәртебе қосылды. Әскери борышын атқару, білім алу, белгілі кәсіби еңбек қызметімен айналысуға қажет элемент. Бұл орайда азаматтың әкімшілік – құқықтық  мәртебесінің әлеуметтік элементі ретінде зейнеткердің, студенттің, қызметкердің, жұмысшының құқықтық мәртебесін айтсақ болады.

Төртінші әкімшілік құқықтық мәртебенің ерекше элементі азаматтың жеке өзінің қажеттілігін өз қалауын, өз мүддесін қанағаттандырудан туындайтын жеке басының қалауымен, өз ынтасымен ғана ие бола алатын құқықтар мен міндеттерді айтуға болады. Айталық, туристер, кәсіби емес спортсмендер, әуесқой аңшылар және  т.б. Бірақ  олардың барлығы таңдаған ісімен өз қалауларымен шұғылдануы, айналысуы үшін ресми құжаттар алады (мысалы арнайы рұқсат қағаз немесе виза т.с.с.), сонымен бірге әрбір ерекше субъектіге бір топ құқықтар мен міндеттер белгіленеді, тағайындалады.

Жеке адамның демократиялық құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ олардың міндеттерінің кешенін тек бір ғана ресми түрде жариялау азаматтың құқықтық мәртебесінің мәселелерін әлі толығымен шешпейді.Бұл мәртебе күнделікті өмірде іс жүзінде жүзеге асыруды, әрі оның шынайы кепілдіктерін қажет етеді [4, 99.б.].

Конституцияда бекітілген тұлғаның құқықтық жағдайы дүние жүзінің көптеген мемлекеттері үшін жалпы танылған болып табылады.

 

Әдебиеттер тізімі:



1.                 Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж.: КР 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтін

2.                 Д.Н. Бахрах. Административное право М., 2000.

3.                 Ю.М. Козлов; Л.Л. Попов. Административное право.

4.                 Е.Баянов. Әкімшілік құқық  Алматы 2007ж.



 

 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет