Лекция Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет1/37
Дата19.05.2023
өлшемі145,18 Kb.
#95235
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Дәріс


Лекция 1.
Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
Жоспары:
1. Саясаттану пәні мен объектісі
2. Саясаттанудың қызметтері
3. Саясаттанудың әдіс-тәсілдері.


1. Саясаттану пәні мен объектісі
Саясаттану ұғымы гректің (политик) және (логос) деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Демек саясаттану дегеніміз – қоғамның саяси өмірінің қалыптасу мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштері, он ұйымдастыру жолдары, тәсілдері принциптері, халықаралық саяси қатынас туралы ғылым. Дәлірек айтқанда, саясаттану – саясат сана мен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері туралы логикалық тұрғыдан негізделген біртұтас ілімдердің жиынтығы.
Саясаттанудың негізін қалаушы ретінде данышпан ғалым Аристотельді айтады. Өйткені , ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің саяси жүйесін зерттеген. Дегенмен, ол саясатанудың пәнін қазіргі біді түсінігіміздегідей басын ашып бере алмады.
Саясаттану ұғымына қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Николко Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық тұрғыдан арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді.
Саясаттану объектісі- қоғамдағы саяси қатынас болып табылады. Қоғамның саяси қатынасы өзіне биліктің әрекет ету процесі мен дамуын, бұқараның билікке қатысуын қамтиды. Басқа сөзбен айтқанда, саяси қатынастар саласы саяси қызмет объектісінің барлық саласы. Сондықтан саяси қатынастар басқа да ғылымдардың философия әлеу-меттану, құқық, тарихты зерттеу объектісі болады, бұл ғылымдардың әрқайсысы өзіндік зерттеу пәніне ие болады. Саясаттанудың зерттеу пәні саяси билікті қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әдістері болып табылады.
Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым- қатынастары туралы жинақталған ғылым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет