Әкімшілік мәжбүрлеу түсінігі мен түрлері. Әкімшілік бұлтартпау шаралары



Дата31.12.2021
өлшемі0,91 Mb.
#23398

Әкімшілік мәжбүрлеу түсінігі мен түрлері. Әкімшілік бұлтартпау шаралары.

  • Әкімшілік мәжбүрлеу басқару әдісі ретінде адамдардың санасына және мінез –құлықтарына психикалық, материалдық немесе физикалық ықпал етуді білдіреді. Мемлекеттік басқару сферасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қорғау құралы, амал – тәсілі ретінде пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады.

Әкімшілік – мәжбүрлеудің белгілері:

  • 1) Заңның негізінде қолданылады. Құқық нормасымен мыналар реттеледі: қандай шаралар, қандай жағдайда, қандай тәртіпте, кім қолдануы мүмкін. Мәжбүрлеу шараларының айқын регламентациясы жеке басқа, тұрғын жеріне және азаматтардың жеке меншігіне қол сұғылмаушылық қағидаларын сақтау үшін қажет;
  • 2) Юрисдикциялық (іс жүргізушілік), құқық қолданушылық актілері арқылы жүзеге асырылады;
  • 3) Жеке тұлғаларға арналған, яғни әкімшілік – құқықтық нормаларды бұзған нақты құқық субъектілерге ғана қолданылады;
  • 4) Әкімшілік мәжбүрлеуге соттан тыс қолдану тәртібі тән. Әкімшілік
  • мәжбүрлеу шараларын қолдану оларды сотқа бармай –ақ тікелей жүзеге асыратын тиісті атқарушы органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзырылығына берілген.
  • ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік мәжбүрлеу шараларының жекеленген шараларын соттар пайдаланады (аса қатаң әкімшілік жазаларға тартқанда);
  • 5) Ведомстволық шектеулері болмайтын (жол жүру қауіпсіздігі ережелері,
  • санитралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету) мемлекеттік басқару сферасында жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерін қалыптастыратын әкімшілік – құқықтық нормаларды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
  • Мәжбүрлеу деп - белгілі объективтік физикалық немесе психологиялық жағынан әсер етуді айтады. Мәжбүрлеуді өкілеттілердің құқық бұзушылыққа қарсы санкциялар мен құқықтық нормаларда көрсетілген шараларды мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғалар мен қауым құрамындағы субъектілердің санасы мен мінез-құлқына процессуалдық тәртіп бойынша әсер ету арқылы іске асырады.
  • Мүліктік тұрпаттағы бұлтартпау шаралары, көбінесе, мүлікке жасалған құқыққа қарсы зардапты алғашқы қалпына келтіру үшін қолданылады. Жалпы теориялық әдебиеттерде тыйым салушы шаралар мен процессуалдық-қамтамасыз ету функциясындағы тиым салушылық арасында шектеу шекараларын айырып көрсетуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет