ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ
ҒЫЛЫМДАРЫН БІРІКТІРУ» секциясы
Секция «ИНТЕГРАЦИЯ ЕСТЕСТВЕННЫХ НАУК В ФОРМИРОВАНИИ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ ГРАМОТНОСТИ
ШКОЛЬНИКОВ»
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ҰРПАҚ
ТӘРБИЕЛЕУ ҰСТАНЫМДАРЫ.
Елизекова Н.А.
№65 мектеп-гимназиясы. Астана қаласы
nea0124@mail.ru
ХХІ ғ. Инновация мен индустрияның заманында тәрбие мен білім
берудің негізі – адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жетілдіру жүйесінде
экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор болып табылады.
Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі дүниежүзі
халықтарының, ғалымдарының, педагогтерінің, саясат қайраткерлерінің
назарын аударып отыр. Қазіргі кезде жер шарында жаппай экологиялық
апаттың таралуы және оның алдын алу мақсатында табиғатты қорғау
жұмыстарын түбірімен жаңа негізде жетілдірудің қажеттігі экологиялық
мәселенің өзектілігін көрсетеді. Ғалым эколог И.Д.Зверовтың пікірінше,
экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты мен мәні – қоршаған ортамен,
табиғатпен
қарым-қатынастың
барлық
түрлерінде
оқушылардың
жауапкершілікпен қарайтын көзқарасы мен сенімін қалыптастыру. Ал
А.Н.Захлебныйдың пікірінше экологиялық білім берудің мақсаты – қоршаған
ортаға құқық нормалары мен моральдік ұстанымдарынан туындайтын
жауапкершілік қатынастың негізінде экологиялық мәдениет қалыптастыруға
болатынын айтады.[1] Адам баласының табиғатпен үйлесімді байланысын
қалыптастыру үшін берілетін экологиялық білімнің маңызы зор. Биология
сабақтарында экологиялық бағыттағы білім мен тәрбие беруде жүргізілген
ғылыми жұмыстың пайдасы ерекше.
Экологиялық білім мен тәрбие беру қоғамның әрбір мүшесіне
бағытталып, жалпы халыққа табиғатты қорғау және көбейту шарасын
үйретуді көздейді, мұның түпкі мақсаты – табиғат байлықтарына
жауапкершілікпен қарайтын, экологиялық тұрғыда саналы жеке тұлғаны
қалыптастыру. Ол үшін:
-балаға экологиялық білім беру;
-алған білімін табиғатты қорғау, көгалдандыру ісіне бағыштай білуге
тәрбиелеу қажет.[2]
Экологиялық білім мен тәрбие жас жеткіншектердің экологиялық
санасының дамуын қамтамасыз етіп, жеке тұлғаның экологиялық
мәдениетінің негізін қалайды.
Басты назарда «табиғат аясы», «қоршаған орта» немесе «табиғат әлемі»
мәселесінің тұру қажеттігі ұстанымды мәселелерге ие болды. Экологиялық
білімнің («табиғатқа қоршаған ортадай көзқараспен») дәл осы бағдары,
әлемде көбірек кеңістікке ие болып және халықаралық дәрежеде көлемді
қолдау тауып отыр. Солай бола тұра соңғы уақыттары мамандардың
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ
ҒЫЛЫМДАРЫН БІРІКТІРУ» секциясы
Секция «ИНТЕГРАЦИЯ ЕСТЕСТВЕННЫХ НАУК В ФОРМИРОВАНИИ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ ГРАМОТНОСТИ
ШКОЛЬНИКОВ»
көпшілігі экологиялық білімді «табиғат әлеміне» келмейінше экологиялық
дағдарыс мәселесін кешенді түрде шешу мүмкін емес деген түсінікке келе
бастады. Алайда «Біздер қарапайым да қажетті деп саналатын: ағаштар,
құстар, шөп, қоңыздардан еш уақытта аттап өтіп кете алмаймыз. Біз
оқушыларды осы әлемге аяқ бастыруға, оларды өсімдіктермен,
жануарлармен мәдениетті түрде қарым-қатынас жасауға үйрете білуге
тиіспіз» деген қағида туындайды. Қазіргі ғылыми-техниканың даму
жағдайында қоршаған ортаны қорғау адамның табиғатпен үйлесуі басты
мәселе. Осыны ескеріп ғалымдардың бірқатар аймақтардағы табиғи хал-
жағдайына, экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен жұртшылықтың
жерге, оның байлықтарына, көлдер мен өзендерге, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесіне ұқыптылықпен қарау туралы мәселе қоюлары дұрыс.
Ғаламшарымыз экологиялық қиыншылық жағдайында тұрғанда, әсіресе
біздің тәуелсіз республикамыз үшін көкейкесті мәселе.[3]
Республикамыздың табиғи жағдайы қолайсыз бағытта өзгеруде, өзгеріп
те барады, оның себептері ашылды, бірақ өзгерген қажетті табиғи жағдайды
қалпына келтіру біліктілікті де, уақытты да қажет етеді.
Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-
мағынасы ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге,
нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға
болады. Сонау ерте замандардан бері талай-талай ғұламалар, ойшыл
педагогтер табиғатты тәрбие құралы деп қарап, орасан зор еңбектер
қалдырғаны осының айғағы. Шығыстың екінші ұстазы Әл-Фараби,
Ш.Уәлиханов,
Ы.
Алтынсарин,
А.Құнанбаевтың
мұралары
мен
А.Байтұрсынов, А. Аймауытов, М.Жұмабаев еңбектері орасан зор қазына.
Қазақстан атырабында тұңғыш балабақшалардың ашылуына атсалысқан
Н.Құлжанованың мақалалары мен талаптары да назар аударарлық. Арғы-
бергі ұлы педагогтердің қай-қайсысы болмасын ақыл-ойдың, тілдің
дамуындағы табиғаттың алатын орнын айрықша бағалаған. Солардың бәрі
ұрпақ тәрбиесі дейтін ұлы мұратты жүзеге асыруда бізге жол сілтейді дейді.
Экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттерін шешуде төмендегідей
түпкі негіздерге сүйену қажет: табиғи ортаны оқып үйрену мен оны көркейту
мақсатындағы оқыту үрдісі кезінде таным мен практикалық әрекеттердің
бірлігін қамтамасыз ету. Ал, бұл жүйе үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие
беру барысында жүзеге асырылады. Оқытушы білімгерлердің әрқайсысының
табиғатты қорғауға тәрбиелеуде дәрістер, табиғатты қорғау туралы
әңгімелер, сол сияқты табиғатқа саяхат, экология үйірмесі, қосымша сабақтар
және
тәрбие
жұмыстары
білімгерлердің
азаматтық
борышын
қалыптастыратын ғылыми білім болып табылады. Қазіргі кезде биология
білімгерлеріне экологиялық білім мен тәрбие беруде көбірек қолданылатын
өзіндік жұмыс түрлеріне ашық тәрбие сағаттары мен ғылыми тақырыптық
кездесу кештері жатады.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ
ҒЫЛЫМДАРЫН БІРІКТІРУ» секциясы
Секция «ИНТЕГРАЦИЯ ЕСТЕСТВЕННЫХ НАУК В ФОРМИРОВАНИИ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ ГРАМОТНОСТИ
ШКОЛЬНИКОВ»
Білімгерлерге экологиялық тәрбие беру мақсатында өткізілетін ғылыми
жұмыстардың ішінде танымжорық пен экологиялық соқпақтың өзіндік орны
бар.
Табиғатта жасалған танымжорықтың міндеттерінің бірі – табиғатты
қорғау, табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарау мәселелерін барынша
насихаттау. Мысалы, жануарлар дүниесіне саяхат жасалатын болса, онда
танымжорыққа шығар алдында аңшылардың ережесі броконьерлермен күрес
жолдары, жануарлардың құс пен балықтардың «Қызыл кітапқа» жазылған,
құрып бара жатқан түрлері таныстырылады.
Жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып,
экологиясын қорғауға үлес қосуға тәрбиелеу мақсатында өткізілген ашық
тәрбие сағатында «Табиғат – алтын бесік», «Табиғат сені сүйеміз, өзіңе бас
иеміз», «Табиғат тазалығы – тіршілік саулығы», т.б. қанатты сөздер, ақындар
өлеңдерінен үзінділер, «Табиғат тамашалары» папкасы, «Экология әліппесі»
бүктемелі кітапша, «Табиғатын аялайық», «Қазақстанның өсімдіктері мен
жануарлары », «Табиғат сырлары» кітапшалар мен өсімдіктер, құстар,
жануарлар бейнеленген ашық хаттар, балалар салған суреттер көрмесі,
сынып ұраны, тірек-сызбалар, табиғат сұлулығы бейнеленген суреттер,
мақал-мәтелдер, жұмбақтар көрнекіліктерін пайдаландық.
Оқушыларға жаңа педагогикалық технология бойынша экологиялық
білім беру қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі. Сондықтан, экологиялық
білім мен тәрбие берудің орталық ядросы – сабақ болып табылады.
Мектептегі әрбір пәннің өзіндік ерекшелігі болатындығы тәрізді биология,
химия, физика, география сияқты пәндердің өзіндік байланысы арқылы
оқушыларға экологиялық білім беруге және сол бағытта тәрбие берудегі
маңызы зор. Осыған орай, пәнаралық байланыс арқылы экологиялық білім
мен тәрбие беру мақсатында жүргізіліп жүрген биология сабақтарының
кейбір мүмкіндіктеріне тоқталайық.
Мектеп оқулықтарындағы, әсіресе, биологиядан түрлі тақырыптарды
жаңа сабақ ретінде өткізгенде халқымыздың бай тәжірибесін қолдануға
болады. Мысалы: 11-сыныптың биология пәнінде «Экология негіздері»
тарауында экологияның қазіргі жағдайына тоқтала келіп, қазақ халқының бар
өмір салты табиғатпен тағдырлас болғанын және өзін сол табиғаттың
туындысы деп ұғынып, оның байлығын , тазалығын сақтау қажеттілігі
жайында нақты материалдар арқылы оқушылар адамдардың кейбір жөнсіз іс-
әрекеттерінің негізінде ауаның ластанып, топырақтың су мен жел эрозиясына
ұшырайтындығын түсініп, экологиялық білім алады.
Жаңа педагогикалық технология арқылы экологиялық білім беру табиғат
ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді
әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып,
белсенділігін көтеруде үлкен рөл атқарады.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ
ҒЫЛЫМДАРЫН БІРІКТІРУ» секциясы
Секция «ИНТЕГРАЦИЯ ЕСТЕСТВЕННЫХ НАУК В ФОРМИРОВАНИИ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ ГРАМОТНОСТИ
ШКОЛЬНИКОВ»
Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты
мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқаратын,
дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау. Сонымен
қатар Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту
тұжырымдамасының басты мақсаты – терең білім, кәсіби шеберлік, өзін-өзі
дамыту, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдайтын бәсекеге
қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Биология сабақтарында
білімгерлерді экологиялық білім беру жұмыстарына баулудың маңызы зор.
Себебі биология пәнінде экологиялық білім беру жұмыстарын ұйымдастыру
мен жандандыруға мүмкіндіктер көп.
Экологиялық білім беру оқушылардың табиғат пен қоғамның
үйлесімділігін жете танып сезінуіне, оның заңдылықтарын ой електерінен
өткізіп, түйсіне білуіне және оған ғылыми шығармашылық көзқараспен
қарап, еңбек ізденімпаздыққа, ұлтжандылыққа, туған жерін, Отанын сүйетін
азамат болуға баулиды.
Әдебиет
1. Душина И.В. Географияны оқытудың жаңа технологиялары.
«География мектепте», 2001, №3.
2. Бейсенова Ә., Смақова С., Есполов А., Шілдебаев Т. «Экология және
табиғатты пайдалану». «Ғылым».2004.-б.3-24
3. Мендаяхова Қ., Экологиялық білім мен тәрбие беру. «Биология және
салауаттық негізі», ,2011- №3 -б.6
Достарыңызбен бөлісу: |