Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.
Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады
Экономикалық саясаттың қаржылық механизмі
Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге — қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады. Ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегіңде қаржы механизмі құрамды және ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.
Қаржы механизмі — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кірістіреді.
Мемлекеттік қарыз деген – алған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік займ, сонымен бірге заңнамалық актілерге сәйкес ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі (ҰБ) алған қарыздық міндеттемелер немесе мәслихаттардың шешімімен өзара талапты есепке алмастан жергілікті атқарушы органға берілетін қарыз.
Сыртқы мемлекеттік қарыз – мемлекеттің шет мемлекеттер, азаматтар, заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдар алдындағы барлық міндеттемесі. Ішкі мемлекеттік қарыз – мемлекеттің өз елінің азаматтары мен заңды тұлғалары алдындағы барлық міндеттемесі.
Ішкі мемлекеттік қарыз – Мемлекет мұндай қағаздарды шығарып, онда бұл қағазды иесі осындай мерзім өткеннен кейін мемлекеттен белгілі бір көлемде ақша алады, оған қоса үстемесін алады деп жазылады. Бұл қағаздарды орталық банк екінші деңгейлі банктерге (коммерциялық банктерге), халыққа және бизнеске сатады.
Әлеуметтік саясат (ағылш. social politicy; лат. socialis - общеатен; адамдар өмірімен байланысты)- халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігіі
Әлеуметтік саясат – бұл түпкі мүдделерді және белгіленген халық топтарының ұзақ мерзімді мүдделері мен қоғам мақсаттарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қоғамдық өнімді құру мен бөлу бойынша әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар арасындағы қатынастармен байланысты мемлекеттің немесе (және) қоғамдық институттардың іс-әрекеті. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – еңбекке жарамды азаматтарға өзінің еңбегімен ауқаттылығын сақтап қалу үшін жағдай жасау және еңбекке жарамсыздарға-кепілденеген әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету жолымен қоғамдық-саяси жүйенің серпінді дамуын қамтамасыз ету.