Глоссарий 1 апта Саясат



бет1/8
Дата15.11.2023
өлшемі28,23 Kb.
#122401
  1   2   3   4   5   6   7   8

Глоссарий
1 апта

  1. Саясат - (гр. politika — мемлекетті басқару өнері) мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдіреді.

  2. Саясаттану - қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым.

  3. Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.

  4. Бихевиоризм - жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.

  5. Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.

  6. Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат-мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.

  7. Бейсаясаттық – азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы.

  8. Саясаттану объектісі – қоғамның саяси саласы, онда болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер.

  9. Саясаттану субъектісі - қоғамның үлкен әлеуметтік топтары, таптары, жеке адам.

  10. Еркіндік - адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы.

  11. Әділеттілік - aдамдық қатынастардың заңға, моральдық-этикалық тәртіптерге, құқықтарға және т.б. нормаларға, талаптарға сәйкес келуі.

  12. Егемендік - мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.

  13. Демократия - халық билігін, заңдылықты мойындап азаматтардың теңдігі, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қоюын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуы, адамдардың экономикалық және саяси қозғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі.



  14. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет