Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ОБщЕСТВЕННЫЕ И ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
SOCIAL SCIENCES AND HUMANITIES
ӘОЖ 811.512.122’ 373.21
Ф.Р. АХМЕТЖАНОВА, С. ҚАНАШЕВА
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
Өскемен қ., Қазақстан
ТУЫНДЫ ТҰЛҒАЛЫ ҚАЗАҚ ЕСІМДЕРІ
Қазақ халқының дәстүрлі есімдері, олардың жасалу амал-тәсілдері және мән-
мағынасы мақаланың негізгі зерттеу нысаны болып табылады.
Түйін сөздер: қазақ есімдері, антропоним, туынды тұлға, сөзжасам амалдары.
СТРУКТУРА ПРОИЗВОДНЫХ КАЗАХСКИХ ИМЕН
Объектом исследования являются традиционные имена собственные казахского
народа, способы их оформления и их семантика.
Ключевые слова: имена собственные, производный антропоним, способы
словообразования, семантика.
STRUCTURE OF DERIVATIVES KAZAKH NAMES
The object of research is the traditional proper names of the Kazakh people, the ways of
their registration and their semantics.
Keywords: proper names derived anthroponym, ways of word formation, semantics.
Тіл білімінде жалпы және жалқы есімдерге біршама анықтамалар берілген
[1, 139]. Мысалы, Суперанская А.В. «Общая теория имени собственного»
еңбегінде: «Жалқы есім – жеке адамның есімін, заттың, жер-судың, тағы
басқаның атауын білдіретін есім сөздер тобы. Жалқы есімге кісі есімдері
(антропонимдер), жер-су атаулары (топонимдер), ру, тайпа, халық аттары
(этнонимдер), әулие, әнбие, пайғамбар есімдер (теонимдер), үй хайуанаттарына
қойылған есімдер (зоонимдер), жұлдыздар мен ғарыштық нысандар атаулары
(космонимдер), өсімдіктерге қойылған жеке атаулар (фитонимдер), тарихи
оқиға атаулары (хронимдер), материалдық мәдениет нысандарының атаулары
133
134
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
(хрементонимдер), тағы басқа жатады деп көрсеткен [2].
Қазақ тілтанымында зат есімдер семантикалық сипаты жағынан жалпы
есім және жалқы есім деп аталатын негізгі екі топқа бөлінеді. Жалпы есім деп
бір-біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың жалпылама
атаушы, ортақ атауы ретінде жұмсалатын сөздерді атайды да, жалқы есім деп
жеке адамдарға, дүниедегі жеке заттар мен құбылыстарға атауыш болып келетін
сөздерді айтады. Дерексіз ұғымды, жиынтық ұғымды білдіретін зат есімдердің
дені де жалпы есімдер. Қазақ тілінде жалқы есімдердің төмендегідей топтары
анықталған:
1 Кісінің аты-жөні мен лақап аты: Мұқтар, Ғабит, Әлия, Мәншүк, Жаяу
Мұса, Балуан Шолақ (шын аты – Нұрмағамбет), Алдар Көсе, Қожанасыр.
2 Географиялық атаулар мен әкімшілік-аумақтық атаулар, кәсіпорындар
мен мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың аттары: Ұлытау, Торғай, Маңғыстау,
Сарыарқа, Терісаққан, Сыр, Қарқаралы, Шымкент, «Қайрат» (футбол
командасының аты).
3 Әдебиет, өнер және ғылым шығармаларының аты: «Абай жолы», «Ер
Тарғын», «Елім-ай», «Саржайлау», «Қыз Жібек», «Ақ желкен».
4 Аспан, ғарыш әлеміндегі денелердің жеке аты (астрономиялық атаулар):
Ай, Күн,Үркен, Жетіқарақшы, Ақбозат.
5 Тарихи оқиғалардың аты: Ақтабан шұбырынды (1723 жылғы оқиға),
Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жылдардағы оқиға).
6 Сәйгүлікке, аңға түсетін құсқа, құмай тазыға қойылған аттар: Тайбурыл,
Құлагер, Көкжендет, Бөрібасар.
Қай тілді алсақ та оның лексикалық жүйесінің дамуы барысында жалпы
есімге тән сөздердің жалқы есімге, керісінше, жалқы есімге тән сөздердің
жалпы есімге ауысу әрекеті болмай тұрмайды. Әңгіме болып отырған сөздердің
екі тобының бірінен-біріне ауыс-түйіс айтылып жүрген сөздердің қазақ
тілінде талайы бар. Мысалы, әйел адамдардың аты ретінде жиі естілетін Өрік,
Мейіз, Алма, Алуа, Бота, Бәтес, Жібек, Гауһар, Маржан сияқты сөздер мен ер
адамның аты ретінде жиі естілетін Қозы, Бүркіт, Көбей, Арыстан, Әмір, Темір,
Сұлтан, Сайлау, Тілек, Жеңіс сияқты сөздердің басында жалпы есім болғанын
әрқайсымыз жақсы білеміз. Сол тәрізді ел арасында сараңдықтың, қаталдықтың
белгісі ретінде айтылатын Қарабай, Қарынбай, Шығайбай, батырлық ұғымдағы
Қаһарман, жүйріктіктің символы Дүлдүл сөздерінің басында жалқы есім болғаны
мәлім. Осы тұрғыдан алғанда жалқы есім қатарына жататын сөздер мен жалпы
есім қатарына жататын сөздердің өзара бір-біріне ауысып отыру себебін тілдегі
омонимдер пайда болуының бір жолы деп қарауға болады. Мысалы, мақпал (түгі
майда барқыт) – Мақпал (қыздың аты, әннің аты), алтын (металл) – Алтын
(әйел аты), қайрат (күш-қуат), Қайрат (ер адамның аты, футбол командасының
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
135
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
аты), кеңес (ақылдасу, пікірлесу), Кеңес (ер адамның аты) [3].
Біздің зерттеу нысанымыз – туынды тұлғалы қазақ есімдері.
Қосымшалы тілдерде синтетикалық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі
тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі қосымшалы тілдер
болғандықтан, синтетикалық тәсіл біздің тілімізде туынды сөз жасауда үлкен
қызмет атқарады [4]. Синтеткалық тәсіл арқылы туынды сөз жасаудың тілде
қалыптасқан өзіндік жолы бар. Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін оған
екі тілдік бірліктің қатысуы керек:
– лексикалық мағыналы сөз;
– сөзжасамдық жұрнақ.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауға қатысатын бұл тілдік
бірліктердің әрқайсысының өзінің атқаратын қызметі бар. Лексикалық бірлік
туынды сөздің мағынасына арқау болады, сондықтан да туынды сөз жасауға
лексикалы мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта,
ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ақ, ақыл,
бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады.
Осы негіз сөздердің мағынасы мен туынды жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор
сөздерінің мағынасы байланысты.
Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірліктерге қойылатын негізгі
талап – оның лексикалық мағынасы болуы. Ал оның тұлғасы мен құрамына
ешбір шек қойылмайды, сондықтан туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі
түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарған сөз де атқара береді. Мысалы, көгер,
түндік, айлық деген туынды сөздерге негізгі түбір сөз негіз болған. Ал егінші,
білімпаз, өнімсіз, сәнқойлық дегендерге егін, өнім, білім, сәнқой деген туынды
түбірлер негіз болған. Осы туынды сөздердің бәрінде негіз сөз қызметін түрлі
құрамды, түрлі тұлғалы сөздер атқарған. Бірақ олардың бәрі де – лексикалық
мағыналы сөздер, яғни туынды сөздерге лексикалық мағыналы сөздер негіз
болады, онсыз синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасалмайды. Сонымен
сөзжасамдық мағынаны негіз сөз бен туынды түбірдің мағына байланыстылығы
арқылы ажыратуға болады.
Туынды түбір сөз бен негіз сөздің мағына байланыстылығы, әсіресе,
сөзжасамдық ұяда анық көрінеді. Сөзжасамдық ұяға бір негізгі түбірден
өрбіген толып жатқан туынды түбірлер жатады. Мысалы, «Қазіргі қазақ тілінің
сөзжасам жүйесі» атты 1989 жылғы монографияда бас сөзінен (есім, етістік
мағынасындағы) 137 туынды түбір жасалғаны келтірілген [3]. Осы туынды
түбірлердің бәрінің мағынасы бас сөзімен байланысты.
Синтетикалық тәсілдегі екінші тұлға, екінші тілдік бірлік – сөзжасамдық
жұрнақ. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады, оның
қатысынсыз синтетикалық тәсіл арқылы ешбір туынды түбір жасалмайды.
Ф.Р. АХМЕТЖАНОВА, С. ҚАНАШЕВА. 1 (69) 2016. Б. 133-141
ISSN 1683-1667
136
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Мысалы, байпақ+шаң, сыр+лы, түн+ек, шүкір+лік, әсем+паз. Туынды түбір
жасаушы жұрнақтың да атқаратын өзіндік қызметі бар. Оның негізгі қызметі –
туынды лексикалық мағына жасау. Мысалы, ойыншық туынды түбірін жасаған
– шық жұрнағы ойын, негіз сөзінен басқа лексикалық мағына, яғни ойынға
керек ойнайтын заттың атын жасаған. Сонда, мұндағы ойын сөзінің лексикалық
мағынасы мен ойыншық туынды түбірінің лексикалық мағынасы екі басқа.
Сипатталған тәсіл арқылы қазақ антропонимдері де жасалады. Олардың
құрамынан түрлі қосымшаларды көруге болады. Мысалы, Жарық, Ұлтай,Ұлдай,
Тұрсын, Тоқтар, Өлмес, Өтеген, Қалсын, Төленді, Дәмелі, Жаңыл, Ырымтай,
Жүрсін, Сырым, Кенжетай, Тойған, Назым, Есім, Арайлым, Жеңіс, Гүлім,
Гүлден, Тастан, Ерден, Ерсін, Есендік, Естай, Амандық, Батырша, Асылым,
Нұрым, Ыбыраш, Тайлақ, Жаңбыршы, Арайлы, Аяулы, Бүркітші, Қанаш,
Жақсылық, Төленген, Дөнентай, Құлыншақ, Жылқышы, Асылдан, Айдай, Аймен,
Шаттық, Айбарлы, Талаптан, Арулан, Берген, Ерлес, Тілектес, Жарқын, Тілеген,
Аңсаған, Адасқан, Сайлан. Келтірілген антропонимдердің құрамында негіз
түбірге қосылған түрлі қосымшаларды байқауға болады. Оларды біз екі топқа
бөлдік. Бірінші топқа жаңа мағына қосатын жұрнақтарды жатқыздық та, екінші
топқа сөздің сыртқы пішінін өзгертсе де жаңа лексикалық мағына қоспайтын
қосымшаларды жатқыздық. Мысалы, Жең+іс, Есен+дік, Арай+лы, Тұр+сын,
Қуан+дық, Қайыр+ды, Айбар+лы, Талап+тан, Батыр+лан, Тілек+тес,
Оңда+сын, Аңса+ған, Сақт+ар, Сағын+дық, Өте+ген. Келтірілген мысалдарда
жаңа лексикалық мағына беретін жұрнақтар көрсетілді. Туындаған сөздер
морфологиялық тұрғыдан түрлі сөз таптарына жатады. Мысалы, зат есімге
– Жақсылық, Амандық, Есендік, Жылқышы, Шаттық. Сын есімге – Арайлы,
Дәмелі, Ұлдай, Айбарлы, Аяулы. Етістік формасындағы есімдер – Өтеген,
Төлеген, Жарасқан, Жаса, Гүлден, Жүрсін, Жадыра, Берген, Қайырған, Аңсаған,
Қуандық, Жалғас, Сұраған, Тұрсын, Қайырды. Алайда келтірілген туынды
сөздердің негізі қызметі – атау, антропоним, кісі есімі болу. Екінші топтағы
қосымшалар түрлі реңк беріп грамматикалық мағына қосады. Мысалы, Наз+ым,
Гүл+ім, Ай+ым, Ес+ім, Нұр+ым, Қуат+ым, Әл+ім деген есімдер құрамында
1-ші жақтағы тәуелдік жалғауды көреміз. Келесі мысалдар құрамында – Тастан,
Елден, Ерден, Жақсыдан, Асылдан, Қиялдан – шығыс септіктің жалғауын
көреміз. Кенжетай, Мырзатай, Айнаш, Нұраш, Димаш, Айташ, Жұмаш, Қанаш,
Серкеш, Дәмеш антропонимдерінің құрамында кішірейту, еркелету мағынасын
үстеп тұрған қосымшаларды байқаймыз.
Аналитикалық тәсіл – тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді
көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Бұл тәсіл басқа тілдердің
сөзжасамында кең орын алатын, кең тараған тәсіл. Оны дүниежүзі тілдерінің
сөзжасамына ортақ тәсіл деуге де болады. Өйткені ол түрлі жүйелі тілдерде
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
137
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
қолданыла береді. Алайда оның сөзжасамдық қызметі барлық тілдерде бірдей
емес [5]. Мысалы, жапон, қытай тілдерінің сөзжасам жүйесінде аналитикалық
тәсіл негізгі тәсіл қызметін атқарады. Қосымшалы тілдерде ол басқа тәсілдер
қатарынан орын алады, бірақ бұл аналитикалық тәсілдің қызметі ондай тілдерде
өнімсіз дегенді білдірмейді. Мысалы, неміс, ағылшын, орыс тілдерінде, түркі
туыстас тілдерде сөзжасамның аналитикалық тәсілі өте кең түрде қолданылады.
Аналитикалық тәсілде екі (я онан да көп) сөз бір-бірімен тіркесіп, жаңа лексикалық
мағыналы сөз жасайды. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөз күрделі сөз деп
аталады. Мысалы, өнеркәсіп, шекара, ортан жілік, аққу, темір жол, қызыл ала,
алпыс бес тағы басқа. Мұндағы шекара – орынның аты, өнеркәсіп – заттың аты,
аққу – құстың бір түрінің аты, ортан жілік – бір мүшенің аты, алпыс бес – санның
аты, темір жол – пойыз жүретін жолдың аты, қызыл ала – түстің аты. Келтірілген
аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің бәрі екі лексема арқылы
жасалған, бірақ күрделі сөзде олардың әрқайсысы өзінің жеке тұрғандағы мәнін
сақтамай, біртұтас мәнге көшкен. Ол келтірілген мысалдардан анық көрініп тұр.
Қазақ тілінде синтаксистік (аналитикалық) тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл
болуымен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым (біріккен туындылар),
2) қосарлау (қосарлы қос сөздер), 3) тіркестіру (тіркесті күрделі туындылар), 4)
қысқарту (қысқартылған күрделі атаулар, қысқарымдар) [6].
Аналитикалық тәсілдің сөзқосым түрі қазақ тілінде екі я онан да көп сөздің
біртұтас дыбыстық құрамға кірігіп, бір лексикалық мағына беріп, бір ұғымды
білдіріп, бір екпінмен айтылып, бір лексикалық бірлік, яғни бір сөз жасайды.
Сонда сөзқосым тәсілі арқылы құрамындағы сыңарлардан басқа дербес сөз
жасалады.
Қазақ тіліндегі сөзқосым тәсілінде сөз бен сөзді байланыстыратын
ешқандай морфема жоқ. Қырықбуын, тайбурыл, аққу сияқты сөзқосым тәсілі
арқылы жасалған сөздердің құрамындағы сыңарлар бір-бірімен еш дәнекерсіз
мағына, дыбыстық құрам жағынан жымдасқан. Сөзқосым тәсілі арқылы жасалған
туынды сөздер біріккен (кіріккен) сөздер деп аталады. Біріктіру тәсілі арқылы
жасалған сөздердің ішкі сыңарларының әрқайсысы өздерінің жеке тұрғандағы
дыбыстық құрамын толық сақтайды: қолбасы, оттегі, таусағыз, бақталас,
қаракөз, қасқыртаңдай, бойтұмар, көлбақа, көрқап, көртышқан тағы басқа.
Кіріктіру тәсілі арқылы жасалған сөздердің құрамындағы сыңарлар дербес
қолданғандағы дыбыстық құрамын толық сақталмай, олар біртұтас жымдасқан
дыбыстық құрамға көшеді. Мысалы, білек+жүзік= білезік, тұрып+кел=түрегел,
алып+бер =әпер, табан+тұрық =табалдырық, күннің+ жүзі =күндіз.
Қазіргі тілімізде қосарлау тәсілі арқылы жасалған сөздер қос сөздер деп
аталады. Тіліміз қос сөздерге өте бай. Мысалы, ата-ана, туған-туысқан, ыдыс-
аяқ, азық-түлік, ине-жіп, ойын-той, көңіл күй, жақсы-жаман сияқты күнделік
Ф.Р. АХМЕТЖАНОВА, С. ҚАНАШЕВА. 1 (69) 2016. Б. 133-141
ISSN 1683-1667
138
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
өмірде қашаннан қолданылып келе жатқан қос сөздерден бастап , сән-салтанат,
ән-күй, әділет-парасат, бақ-дәулет, билеп-төстеу, бұйрық-нарық, дәрі-дәрмек,
билік-саясат сияқты қоғамдық мәндегі қос сөздермен тіліміз үнемі толығуда [7].
Қосарлау тәсілінің тілде қалыптасқан өз заңдылығы бар. Қосарлау тәсілі
арқылы қос сөз жасауда оның сыңарлары кез келген сөзден бола алмайды.
Қосарлау тәсілі арқылы қос сөз жасау үшін оның сыңарлары бір сөз табынан
ғана болуы – міндетті шарт. Мысалы, бау-бақша, қыз-келіншек, ата-ене, аяқ-
табақ, өнеге-үлгі, ілім-білім сияқты қос сөздердің сыңарлары зат есімнен
жасалған; жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, үлкенді-кішілі сөздерінің сыңарлары
сын есімнен; алты-жеті, он-он бес, жиырма-отыз, жүз-елу сөздерінің сыңарлары
сан есімнен; келіп-кетіп, айтып-айтпай, өніп-өсіп сөздерінің сыңарлары
етістіктерінен жасалған. Сонымен бірге қосарлау тәсілі арқылы жасалатын қос
сөздердің сыңарлары мағыналас сөздерден жиі құрастырылады. Мысалы, сауыт-
сайман, бақ-дәулет, туған-туысқан, ойнап-күліп, береке-бірлік, үлгі- өнеге, өң-
түс, ақыл-өсиет, ой-өріс [8].
Аналитикалық тәсілдің тіркестіру түрі де өте өнімді. Тіркестіру тәсілінде
күрделі сөз екі дербес сөзден жасалады. Тіркестіру тәсілі арқылы жасалған
күрделі сөздердің сыңарлары тілде бөлек жазылып қалыптасқан. Олар тіркесті
күрделі сөздердің сыңарлары емле бойынша бөлек жазылып қалыптасқанымен
сыңарлары мағына дербестігін жоғалтып, біртұтас мағынаны білдіреді. Мысалы,
қызыл ала – заттың өзінше бір түсі, ол түс біртектес емес, қызыл мен басқа түс
араласқан түс, сондықтан ол қызыл ала аталған . Тоқпақ жілік – жіліктің бір
түрінің аты, суық торғай – торғайдың бір түрінің аты, су жылан – жыланның
суда жүретін түрінің аты, елу бес, алты мың отыз бес, қырық алты деген күрделі
сөздер үш түрлі санның аттары.
Тіркестіру арқылы жасалған күрделі сөздердің жоғарыдағы мысалдарда
құрамдары түрлі болғанына қарамастан, олардың әрқайсысы бір ғана лексикалық
мағына беріп, бір сөз болып саналады, бір сөздің қызметін атқарады: қайын-жұрт,
азу тіс, мүшел жас, ғарыш айлағы, жер жүзі, жер серігі, ауыз, ас үй, азат жол, жеті
ата, шыбын жан, асық жілік, жұмыр жер, ауыз қуысы, ауыз әдебиеті, күре тамыр.
Басқа тілдерде мұндай біртұтас мағыналы аталымдар бірге жазылады.
Қысқарту тәсілі бұрын қазақ тілінде кісі аттарымен байланысты ғана
қолданылған. Кісі аттарын қысқарту – дүниежүзі тілдерінде бар әдіс. Бұл әдіс
тілімізде қазір де өнімді. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы өз кезінде Ақан аталған,
оны бүкіл қазақ халқының бәрі Байтұрсынов деп түсінген. Қазір Жұмеке, Асеке,
Қанеке сияқты қысқартулармен қатар Нұраға, Сераға сияқты қысқартулар
қолданыста жиі кездеседі. Қазір осы үлгі тарай бастады.
Ал күрделі атауларды қысқартып қолдануды кеңес дәуірі кезінде тілімізде
орыс тілінің үлгісі қолданылады. Бұл да қазір қолданыста.
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
139
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
Мысалы, ШҚО, ШҚМУ, ТМД, ООС, ҰБТ, ІІМ, ҚТТС, АХАТ, МАИ,
Еуроодақ, Мемтерминком, Мемкірісмин, геосаясат, басбух, медбике, биоотын,
меммүлік, биоөріс, Мемжерком, Қазақбаспасөз. Кейбір жаңадан құрастырылып
жатқан қысқарымдарды таратып бергенді жөн көрдік: ЕАЭО – Еуразиялық
Экономикалық Одақ, АӨСШК – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім
шаралары жөніндегі кеңес; ТРМКД – Техникалық реттеу және метрология
комитетінің департаменті; БААТЖ – Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-
талдау жүйесі; ҮИИДМБ – үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың
мемлекеттік бағдарламасы; ҰҚШҰ-ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы; ЭЫДҰ-
экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы [9].
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған қазақ есімдері өте жиі кездеседі,
қазақ антропонимдер саласы үшін бұл өте өнімді тәсіл. Мысалы, Тілеуберген,
Тілеуқабыл, Сатыпалды, Ошақбай, Тәңірберген, Тұрсынгүл, Ұлжан, Ұлмекен,
Ұлболсын, Ұлтуған, Ұлбала, Орынбасар, Өмірұзақ, Меңдігүл, Қойшыбай, Жанұзақ,
Мыңжасар, Кенжегүл, Қарақат, Ботакөз, Сайлаубек, Жеңісгүл, Байбол, Айгүл,
Көпжасар, Есжан, Жетібай, Сегізбай, Тасболат, Бектемір, Ерболат, Батырбек,
Асылхан, Ханкелді, Жақсыкелді, Аманкелді, Иманғали, Дінмұхаммед, Ырғызбай,
Айсауле, Айсұлу, Айтуған, Айжан, Сұлушаш, Теңгебике, Ақмарал, Қарлығаш,
Айгерім, Жылқыайдар, Қорабай, Ақерке, Айкүміс, Теміртас, Майгүл, Гүлнұр,
Нұргүл, Жайнагүл, Ақгүл, Күнтуар, Ержан, Асылжан, Арғынғазы, Ақжол,
Ақбілек, Ақжігіт, Тілепалды, Құмарғазы, Нұржан, Жандос, Досжан, Мейрамхан,
Назарбек, Арухан, Боранбай, Еркінбек, Серікбол, Балқадиша, Бейбітгүл, Айнұр,
Бақытжан, Назерке, Алмагүл, Аружан, Еркежан, Төрекелді, Назгүл, Еламан,
Бердібек, Құлмұхаммет, Байтұрсын, Елубай, Найманбай, Керейхан, Қоразбай,
Аяужан, Сәтбай, Санагүл, Сапарғали, Гүлжауһар, Данагүл, Қуанышбек.
Құрамына қарай бұл есімдер түрлі әдіспен жасалған. Мысалы, зат есім+зат
есім үлгісіндегі антропонимдер: Ел+жан, Ес+дәулет, Ел+нұр, Ата+мұрат,
Жеңіс+гүл, Бал+шекер, Ырым+гүл, Ай+күміс, Балта+бек, Ер+қанат, Нұр+жан,
Ер+сұлтан, Сана+гүл, Ер+қайрат, Аяз+бай, Шөміш+бай, Арыстан+бек,
Төре+хан, Ай+сәуле, Гүл+нұр, Ай+жан, Ұл+бала, Жан+нұр.
Сын есім+зат есім үлгідегі кісі аттары: Асыл+жан, Әсем+гүл,
Таза+гүл,Әділ+бек, Ерік+жан, Қара+тай, Қара+қат, Қара+шаш, Сұлу+шаш,
Қара+көз, Ақ+ниет, Мөлдір+гүл, Бай+қадам, Меңді+гүл, Нұрлы+таң,
Мұңсыз+бай, Ақ+марал, Ақ+бота, Майлы+бай, Ақ+тілек, Ерке+гүл,
Нағыз+бай, Ару+жан, Ерке+жан, Тоқ+жан, Жас+ұлан.
Сан есім+зат есім үлгідегі антропонимдер: Жүз+бай, Қырық+бай, Елу+бек,
Алпыс+бек, Тоқсан+хан, Мың+бай, Бір+жан, Жеті+бай, Көп+бай.
Бұл үлгідегі екінші сыңар етістік формасында да бола алады: Көп+жасар,
Көп+болсын, Мың+жасар.
Ф.Р. АХМЕТЖАНОВА, С. ҚАНАШЕВА. 1 (69) 2016. Б. 133-141
ISSN 1683-1667
140
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Етістік үлгісіндегі қазақ есімдері: Тұрсын+бек, Тұрсын+гүл, Жайна+гүл,
Аман+келді, Бай+тұрсын, Сатып+алды, Тілеп+алды, Мал+тусын,
Төлеп+берген, Мал+табар, Тай+бағар, Аяп+берген, Тоқта+гүл, Берді+құл,
Берді+бек.
Жай сөйлем (бастауыш+баяндауыш) түріндегі есімдер: Рақым+берді,
Күн+туар, Ай+берген, Төре+келді, Хан+келді, Алла+берген, Құдай+берген,
Бақ+берген, Тәңір+берген, Бейбіт+келді, Күн+туар, Жеңіс+келді, Тілеу+берген,
Бақыт+келді, Жақсы+келді, Жұма+келді, Нұр+берген, Мырза+берген,
Төре+келді.
Зат есім+етістік формасындағы есімдер: Ұл+бер, Ұл+болсын, Ұл+туған,
Ел+сүйер, Ұл+туар, Ұл+ту, Ұл+жалғас, Ұл+табар, Ұл+берген, Ұл+тусын,
Ұл+бол, Нұр+бол, Тілеу+берген.
Сыңарлары кірігіп кеткен есімдер де байқалады: Қара ала құс=Қарлығаш,
Әй! Керемет =Әйгерім, Ұл ма екен?=Ұлмекен, Гүлдей атып өмір сүр = Гүлат,
Елу жылда ел жаңа =Жаңа ел (Жанел).
Сонымен, туынды тұлғалы қазақ есімдерінің жасалу жолдары мен
қалыптасу заңдылығы анық байқалады да еш күмән туғызбайды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі / А. Ысқақов. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б.
2. Суперанская А.В. Общая теория имени собственного / А.В. Суперанская. – М.:
Наука, 1973. – С. 346.
3. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөжасам, морфология, синтаксис. – Астана,
2002. – Б. 204, 445.
4. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты / С. Исаев. –
Алматы: Рауан, 1998. – Б. 260.
5. Ахметжанова Ф.Р. Қазақ және орыс тілдеріндегі сөзқосым. 2-і басылым /
Ф.Р. Ахметжанова, В.А. Кудрявцева. – Өскемен: Кенді Алтай, 2007. – Б. 9.
6. Ахметжанова Ф.Р. Сәрсен Аманжолов және термин шығармашылықтың кейбір
мәселелері: монография / Ф.Р. Ахметжанова. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы
ШҚМУ «Берел» баспасы, 2014. – Б. 86.
7. Қайдар Ә. Қазақ тілінегі қос сөздер: зерттеу және сөздік / Ә. Қайдар. – Алматы:
Сардар, 2013. – 456 б.
8. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1989. – Б. 93.
9. Ахметжанова Ф.Р. Аудармадағы мәдениеттанымдық құндылықтар және
күрделі құрылымдардың тәржімалау амалдары / Ф.Р. Ахметжанова, Е.М. Бекбосынова
// Шығыстың аймақтық хабаршысы. – 2014. – №4. – Б. 74, 143-150.
REFERENCES
1. Yskakov A., Qazіrgі qazaq tіlі. Almaty. Ana tіlі, 1991, 384 (in Kaz).
2. Superanskaja A.V., Obshhaja teorija imeni sobstvennogo. M. Nauka, 1973, 346 (in
Kaz).
3. Qazaq grammatikasy. Fonetika, sozhasam, morfologija, sintaksis. Astana, 2002, 204,
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
141
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
445 (in Kaz).
4. Isaev S., Qazіrgі qazaq tіlіndegі sozderdіn grammatikalyk sipaty. Almaty, Rauan,
1998, 260 (in Kaz).
5. Ahmetzhanova F.R., Kudrjavceva V.A., Qazaq zhane orys tіlderіndegі sozqosym.2і
basylym. Oskemen, Kendі Altaj, 2007, 9 (in Kaz).
6. Ahmetzhanova F.R., Sarsen Amanzholov zhane termin shyqarmashylyqtyn kejbіr
maselelerі. monografija. Oskemen. S. Amanzholov atyndagy ShQMU Berel baspasy, 2014, 86
(in Kaz).
7. Qajdar A., Qazaq tіlіnegі qos sozder. zertteu zhane sozdіk. Almaty. Sardar, 2013, 456
(in Kaz).
8. Qazіrgі qazaq tіlіnіn sozzhasam zhyjesі. Almaty. Qylym, 1989, 368 (in Kaz).
9. Ahmetzhanova F.R., Bekbosynova E.M., Audarmadaqy madeniettanymdyq kundy-
lyqtar zhane kyrdelі qurylymdardyn tarzhіmalau amaldary. Shyqystyn aimaqtyq habarshysy.
2014, 4, 74, 143, 150 (in Kaz).
УДК 351/354(574)
Достарыңызбен бөлісу: |