Экосфераның әлеуметтік экономикалық факторлары



бет1/4
Дата10.12.2023
өлшемі71,62 Kb.
#136064
  1   2   3   4

Экосфераның әлеуметтік экономикалық факторлары.

Мазмұны

  • Кіріспе
  • Қалалар мен елді мекендер.
  • Энергетика.
  • Атом электр стансалары
  • Тау-кен өндірісі.
  • Мұнай өндірісі.
  • Қара жəне түсті металлургия.
  • Химиялық жəне мұнай өңдеу өндірісі.
  • Машинажасау.
  • Құрылыс материалдарын өндіру мен құрылыс индустриясы

Кіріспе

  • Адамзат қоғамының əрекеттері геожүйелер эволюциясының ең қуатты факторы. Оның əсерінен табиғи үрдістердің қарқыны күрт күшейеді, сол арқылы ландшафт құрылымы да сапалық өзгерістерге ұшырайды, ресурстық өнімділік төмендейді. Сондықтан табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау аясында техногендік өзгерістер бағыты ыждаһатты түрде есепке алынып отырылуы тиіс. Өкінішке қарай, көбінесе, антропогенез нəтижесінде табиғи жүйелердің инварианттық күйден ауытқыған экологиялық тұрақсыздықтағы табиғи жүйелер пайда болады. Геоэкологияның міндеттерінің бірі – организмдер арасындағы (оның ішінде адамзат қауымдастығы да бар) жəне ортаның белгілі бір табиғи жүйелеріндегі экологиялық факторлардың арақатынастары мен байланыстарын зерттеу. Экологиялық тұрақсызданған табиғи жүйелердегі өзгерістер мен бағыттарды есепке алу антропогенез бен кері əсер ететін шаруашылық кешендерін міндетті түрде біріктіре қарастыруды қажет етеді. Қазақстандағы қоршаған ортаның қазіргі күйін экономиканың негізгі салалары арқылы қарастырайық.

Қалалар мен елді мекендер.

  • Тұрғындар тығыздығы – адамзат қоғамының табиғатқа əсерінің маңызды факторы. Қалалар өзі орналасқан аумақтардың ландшафттарының барлық компоненттеріне жан-жақты əсер етеді. Əсіресе, ерекше əсерге ұшырайтындары гидроклиматогендік жəне биогендік компоненттер, ол атмосфераның ластануынан, жер асты жəне жер беті суларының сарқылуынан, топырақ түзілу үрдістерінің баяулауы мен өзгеріске ұшырауынан, табиғи өсімдік жамылғысы мен биотоптың өзгеруі немесе толық жойылуынан байқалады. Ландшафттардың литогендік негіздері де біршама əсерге ұшырайды: құрылысқа байланысты бедер тегістеледі, топырақтың мол бөлігі бір орыннан екінші орынға ауыстырылады, т.т. Шөл аудандарында мал шаруашылығымен айналысатын ауылдар маңында көшпелі құмдар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет