Экспертиза проведена утверждена



бет1/4
Дата20.06.2023
өлшемі80,5 Kb.
#102611
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
Vaccina kaz








Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитеті төрағасының
201_ жылғы «____» ___________
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН



Дәрілік затты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық


Күлге және сіреспеге қарсы сіңірілген вакцина (педиатриялық)
Саудалық атауы
Күлге және сіреспеге қарсы сіңірілген вакцина (педиатриялық)


Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ


Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған суспензия 10 доза 5,0 мл құтыда №50


Құрамы
Бір доза (0,5 мл) құрамында
белсенді заттар: күл анатоксині 25 Lf (30 ХБ кем емес) аспайтын, сіреспе анатоксині 5 Lf (40 ХБ кем емес) кем емес
қосымша заттар: алюминий фосфаты (A1+++ түрінде) 1.25 мг аспайтын, тиомерсал 0.005%, 0.5 мл дейінгі инъекцияға арналған су.


Сипаттамасы
Ақшыл, бөгде бөлшектері немесе ұлпалары болмайтын, тұрғанда түссіз мөлдір сұйықтыққа және ақ шөгіндіге бөлінетін бұлыңғыр сұйықтық.


Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Вакциналар. Бактериялық вакциналар. Сіреспеге қарсы вакциналар. Сіреспе анатоксині, күл анатоксинімен біріктірілімдер
АТХ коды J07АМ51


Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Вакциналар үшін фармакокинетикалық қасиеттерін бағалау қажет емес


Фармакодинамикасы
Күлге және сіреспеге қарсы (педиатриялық) сіңірілген вакцина адьювант ретінде алюминий фосфатында сіңірілген тазартылған күл және сіреспе анатоксиндерінің қоспасынан тұрады.
Күлге (98%) және сіреспеге (100%) қарсы спецификалық антиуытты иммунитет вакцинациядан кейін бір айдан соң қалыптасады.
Күлге қарсы антиденелердің GMT (титрдың орташа геометриялық мәні) (≥0,1 IU/ml) –2,01 IU/ml және сіреспеге қарсы антиденелердің -1,48 IU/ml деңгейі вакцинациядан кейін бір айдан соң анықталды.
Вакцина ДДҰ, TRS.(1990), 800, EP және IP құжаттарында сипатталған әдістермен тестілегенде ДДҰ, Еуропалық және Үнді Фармакопеясының талаптарына жауап береді.


Қолданылуы

  • 7 жасқа дейінгі балаларда, көкжөтелмен ауырған балаларда, АКДС вакцинасының көкжөтел компонентіне қарсы көрсетілімдері бар балаларда

күл мен сіреспенің профилактикасында.
7 жастағы және одан үлкен балалар үшін құрамында күл анатоксині құрамы азайтылған АДС-М вакцина ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет