«Экзамен» фильмі. 2009 жылы Ұлыбритания түсірілген психологиялық триллер. Саймон Гэррети мен Стюарт Хейзелдиннің жазылуымен түсірілген фильмнің бірі



Дата19.05.2023
өлшемі73,4 Kb.
#95100
Байланысты:
әлеуметтік психология срс


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Философия және саясаттану»
Кафедрасы «Жалпы және қолданбалы психология»

СӨЖ
Тақырыбы: «Экзамен» - фильмі бойынша психологиялық талдау , эссе


Орындаған: Нұржау Гүлден
Тексерген:Қалымбетова.Э.К

Алматы, 2023 ж


«Экзамен» - фильмі. 2009 жылы Ұлыбритания түсірілген психологиялық триллер.Саймон Гэррети мен Стюарт Хейзелдиннің жазылуымен түсірілген фильмнің бірі. Жалпы фильм , көрермендердің қаншалықты мұқиятты екеніне, сонымен қатар зеріктік деңгейін анықтайды деуге болады. Фильмнің құрылымы мен мағынасы түсініксіз көрінгенімен , фильмде маңызды көріністердің көрсетілген байқауға болады.

Жалпы фильм , ағылшын режиссерінің сценариймен түсірілген. Сценарийдің бір ерекшелігі, кандиданттардың таңдау еркіндігінің болуы. Яғни , көптеген фильмдерді байқасаңыз кандиданттар белгілі проектке қатысқан кезде оларда таңдау еркіндігінің болмауының әсерінен, оларда қорқыныш пен стресс болып , олар дұрыс шешім қабылдай алмай жатады. Бірақ , бұл фильмде керісінше , егер кандиданттар бұл кезеңге қатысқысы келмесе , олар бас тарта алады . Бұл фильмнің ерекшелігі ретінде менің қарастырғаным. Неліктен? Себебі , адамда таңдау еркіндігі болғанда , ол өзінің мақсатына жету үшін әрекет жасайды, оны қорыққаннан емес . Түсініп тұрсызба ? Яғни , олардың бәрінде бір мақсат болды ,осы кезеңнен өтіп , жұмысқа орналасу деген. Ал енді, фильмнің негізгі бөлігіне назар аударып , талдасақ.



Жалпы фильмнің өзіне тоқталсақ. Кабинетте 8 кандидант болады. Бәрінің де мақсаты жұмысқа орналасу. Олар осы деңгейге жету үшін , көптеген кезеңдерден өтеді, бұл соңғы нүктесі. Яғни қазіргі сәт . Кабинетке ұзын тұра келген , қасы қабыңқы келген , дене пішін үлкендеу кісі келіп , барлығына осы кезеңнің ережелерін түсіндіріп өтеді. Бұл кезеңде « парақты бүлдіруге болмайтынын, күзетшіге жақындамау» - керек екені туралы хабарлайды. Оларда небәрі 80 минут бар екені ескертіледі. Байқағандарыңыздай , осы 2 ережеде қиындау болып көрінгенімен , оның түпкі мағынасын кандиданттар түсіне алдымекен ? Бірақ, кандиданттарға орнынан тұруға болмайтынын , жүрген болмайтынын , сөйлеуге болмайтынын ескертпеген еді. Бұл да фильмнің бір ерекшелігі еді. Неге ? Себебі , фильмнің режиссері , «адамдардың бір мақсатқа жету барысындағы іс -әрекеттер олардың бірігуіне әкелеме, жоқ әлде керісінше, бір бірін алауыздыққа алып келеме?»- деген сұрақ бойынша құралды десем де болады. Бір қызығы , кандиданттар парақты ашып қарағанда ол жерде ешқандай жазу немесе белгілі бір белгінің болмауы , олардың көңіл күйінің лезде өзгеруіне алып келді . Олар , парақтың бос екенін байқап , бір біріне қобалжыған түрмен қарай бастады. Қарап тұрсаңыздар , бұл басқа фильмдегі таңдау еркіндігінің жоқ болуы сияқты ,осы фильмдегі бос парақ секілді, кандиданттардың да эмоционалды тұрғысынан алып қарағанда бірдей болғанын байқауға болады. Қорқыныш, қобалжу, күдік т.б . Кандиданттардың арасынан , азиаттық келбеттегі сұршаң бойлы , қысық көзді , қабағы түсіңкі келген орта бойлы қыз параққа жаза бастады. «Мен бұл жұмысқа лайықтымын деп ойлаймын. Себебі,» - осы кезде бейне бақылау камерасыннан парақтың бұлінгенін көріп, күзетші қызды сыртқа шығарып тастайды.
Кабинетте 7 кандидант. Кандиданттардың әрбірінің ерекшелігі бар екенін , ұзын бойлы, аққұба тартқан, жігіт байқап қалады . Ол ,барлығының белгілі бір ерекшелігі бар екенін, кезекшінің сөйлеуге болмайтынын , айтпағандығын, барлығын саралай келе , бірінші тұрып сөз бастайды. Ол кабинетте , тұрып барлық кандиданттарға мән – жайды түсіндіріп , қалай теттің жауабын табуға болатынын , бірге іздеу керек екенін түсіндіреді.
Бірақ 7 кандиданттардың арасында , сол проектті ұйымдастырып отырған , кандиданттар керең деп есептеген орта бойлы, түр- әлпеті шаршаңқы келген, көзәйнек таққан ,жасы 30 – дан өте келген ересек ер адамның бар екенін білмеген еді. Уақыт , щтім жатыр , кандиданттардың арасында бір-біріне деген сенімсіздік пайда болып, олар бір бірінің парақтарын әдейі бүлдіру арқылы, кабинеттен біртіндеп кетіріп отырды. Проектті ұйымдастырып отырған жігіт , парақтың бетіне қарап , «біз өзіміз , иә мұқият қараңдар»- деп қайталап айта бастайды. Бірақ, кандиданттар оның сөзіне , аса қатты мән бермей , оны кабинеттен шығуға итермелейді.Осылай , біртіндеп кандиданттардың арасындағы түсініспеушілік ұлғайып , адам өліміне де әкеледі.
Қортынды
Фильмнің құрылымын байқасаңыздар аса қатты бір таңданатындай жағдайдың орын алмағанын байқауға болады. Бірақ , түсінуімізге болады, фильмде белгілі бір адам қасиеттер мен мақсатқа деген сенімділіктің көрінісін байқауымызға болады. Мысалы ретінде ,сіз күнделікті келіп жүрген кафеңізге келіп , күнделікті өзіңіз үйренген кофеңізді ішіп үйреніп қалғанысыз. Бірақ , бүгін сол кофенің бітіп қалып , сіз ол кофені басқа кафелерден іздей бастайсыз , өйткені ол сізге ұнайды. Бұл жерден байқауымызға болады , біз қаласақ ол арман біздің адами қасиеттерімізге жат болсын , біз ол затқа қол жеткізуді қалаймыз . Адам қасиеттен атта дегенім артық болар , бірақ өз мақсатыңа қол жеткізу үшін , жолдағы арам шөптерден арылмасаң , сенің мақсатың тек мақсат күйінде қалады . Мүмкін мен фильмнің нақты не жеткізетінін түсінбеген шығармын , бірақ менің түсінгенім менің мақсатым менің мақсатым ретінде қалмауы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет