Орындаған:Арықова Әсел Топ:ПМНО-109 Жоспар: 1.Тәрбие процесіне сипаттама 2. Тәрбиенің заңдылықтары 3. Тәрбие принциптері - жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Тәрбие-адамды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсаты көздеп, жаңа үрпаққа қоғамдық тарихи тәжрибені беру процесі
Тәрбие
- тәрбиенің негізгі заңдылықтары , принциптері , ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды.
Тәрбие теориясы
Тәрбие мақсаты дегеніміз не ?
Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек.«Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс қимылды бағыттап, реттеп отырады.Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді.»
Тәрбиелеу дегеннің мәнісі не ?
«Жас бала жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дейді халқымыз. Жерге отырғызылған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп , жапырағы жайқалып , саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп , үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына , мінез - құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбиелеу-халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту.
Әл Фараби
|
«Тәрбие -біз кімдерді тәрбиелейміз , солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие бізге мәлім адамгершілік әдет ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп , бір адамның екінші адамға ықпал етуі»
Л.Н. Толстой.
|
«Тәрбие кең мағынасында бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс»
В.А. Сухомлинский .
|
«Тәрбие кең мағынасымен алғанда , қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп , сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.Ал, енді адамзат туралы айтылғанда , адамның баласын кәміл жасқа толып , өзінеөзі қожа болғанша тиісті азық беріп , өсіру деген мағынада жүргізіледі» М. Жұмабаев.
|
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар
|
Тәрбие қоғамдық құбылыс.Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат міндеттері , мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып , жаңа жағдайға сәйкес жақсарыи отырады.Ал, қоғам дегеніміз адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.
|
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.
|
Тәрбие біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке дара атқарылмайды , керісінше бір мезгілде , бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып дамуы тұтас процесс.
|
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ер жеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса,ейінгі уақ Екіншіден , тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды.
|
Тәрбие көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу , қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті , отбасы , мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.
|
Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау. Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады. Тербие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.
Сыртқы қарама-қайшылықтар:
Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік.
Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.
Ішкі қарама-қайшылықтар:
Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы.
Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.
Тәрбиенің негізгі зандылықтары. Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды.
1.Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы.
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.
2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту - тұлғаны қалыптастырудық құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің даму дөрежесіне байланысты іріктеледі.
4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы. Ұжымның басты борышы - әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу.
Тәрбиенің принциптпері Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі. Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар:
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.
|
2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу
|
3. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі.
|
4. Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі.
|
5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу.
|
6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі.
|
7. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардық күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.
|
8.Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен, үшіншілері - тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |