Әл-Фараби атақты ақын ғана емес, өз дәуіріндегі логика мен эстетиканы, музыка өнерін, өлең сөздің теориясын жетік меңгеріп, ғылыми тұрғыда зерттеген трактаттар жазды



Дата15.12.2023
өлшемі4,53 Kb.
#138642

Әл-Фараби атақты ақын ғана емес, өз дәуіріндегі логика мен эстетиканы, музыка өнерін, өлең сөздің теориясын жетік меңгеріп, ғылыми тұрғыда зерттеген трактаттар жазды. Оның ішінде әдебиеттанудың өзекті салаларына арналған еңбектерінде әдебиеттің теориялық мәселелеріне байланысты теориялық, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің танымдық сипаты кеңейіп, филологиялық білімдер жүйесі қалыптаса бастады, практикалық қолдану аясы да кеңейе түсті.


Әл-Фарабидің «Өлең өнерінің қағидалары туралы» трактатында Аристотельден басталып ғасырлар бойы зерттеу нысанына айналып келе жатқан әдебиетті теориялық тұрғыдан тану жайындағы көзқарас жалғасын тапты. Онда поэзия туралы негізгі


түсініктер кеңейіп, өнердің бір түрі ретіндегі ерекшелігі анықталды. Фараби өзі қарастырған музыка, риторика,сурет, өнерлерімен салыстырғанда поэзияның сөз өнері ретіндегі сипатын, негізгі қағидаларын ғылыми жүйелеу арқылы ашып береді.


Әл-Фараби поэзияны мазмұндық сипатына қарай 13 жанрлық түрге бөліп, әрқайсысына нақты анықтамалар береді. Олар: трагедия, дифирамб, комедия, ямб, драма, айнос, диаграмма, сатира, поэма, эпос, риторика, амфигенезис, акустика. Трактатта өлең жазудағы ақындық шеберлік, софистикалық және еліктеу құбылыстары туралы ұғымының айырмашылықтары, поэзияны ғылыми тұрғыда тексеру жолдары секілді мәселелер де қарастырылған. Ғалым ақындық шеберліктің


қалыптасуында ақындық түйсік пен қабылдау және олардың көркемдік суреттелуінің басты роль атқаратын себебі, өзара үйлесімдікте келуі мен сезімге әсер ету деп табады. Ал поэзияны зерттеуде ақындық пайымдаудың өлең өлшемі мен мазмұнына байланысты көрінуін басты назарда ұстау қажеттігі айтылады. «Ақындық түйіндеуді – өлшем мен мазмұнға топтастыруға болады. Өлшеміне қарай топтау әуенділікке, болмаса екпінге, тұжырымдау қай тілде екеніне байланысты, сонымен қатар музыканың деңгейіне де қатысты. Мазмұнына қарай ғылыми тұжырымдау шама-шарқынша тап басып болжау, поэзияны талдаушының, поэтикалық мәтін зерттеушінің, әр түрлі халық поэзиясы мен оның әрбір мектебін білетіндердің харекетіне кіреді» -деп жазады әл-


Фараби.



Трактатта әл-Фараби өлең өлшемдері мен фабула мәселесіне араб, парсы және ертедегі грек поэзиясына салыстырмалық талдауларға бару арқылы теориялық тұжырым жасағаны байқалады. Әл-Фарабидің поэзия қағидаларына тікелей қатынасы болмаса да өз кезеңіндегі ақындарды үш топқа бөлуі, әрқайсысына сипаттама беруі әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Олардың алғашқысы – өлең жазу қағидаларымен толық таныс болмаса да табиғат берген үлкен таланттың арқасында тамаша туындылар жаза алатындар, ал екінші тобына жататындар – табиғи дарыны болмаса да поэзия қағидаларын толық меңгеру арқылы өлең жазатындар, үшіншісі осы екеуіне еліктеушілер деп бөлінеді.
Өз кезіндегі араб поэзиясына теориялық талдау жасау арқылы өлең құрылысын тексеруді мақсат етіп, өлең өнерінің ішкі заңдылықтарын ашып берген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет