Ms excel электрондық кестесінің графикалық мүмкіндіктері Диаграмма



Дата06.01.2022
өлшемі67,06 Kb.
#14993
Байланысты:
Диаграммалар тұрғызу


MS Excel электрондық кестесінің графикалық мүмкіндіктері

 
Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.



Диаграммалар – мәліметтерді графикалық түрде кескіңдейудің ыңғайлы түрі. Олар берілген саңдық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Диаграмманы  тұрғызу  үшін  Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол Вставка панелінде орналасқан диаграмма қосымша бетіндегі батырмалардың көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмма тұрғызар алдында  мәліметтер орналасқан  аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметтерді Диаграмма шеберінің барысында енгізуге болады

Диаграмманың түрін таңдап алу. Диаграмма шеберінің алғашқы сатысында диаграмманың түрін таңдап алуымыз қажет. Стандартты қыстырмасындағы Түр (Вид) тізімінде диаграмманың қолда бар түрлері көрсетілген. Таңдап алынған түр үшін терезенің оң жағында мәліметтердің көрсетілуінің түрлі нұсқаулары көрсетілген. Соның ішінен ең қолайлысын таңдауымыз қажет. Стандартты емес бетінде пішімделген, толығымен қалыптасқан диаграмма түрлері бейнеленген. Диаграмманың түрі таңдап алынғаннан кейін Ары қарай (Далее) батырмасын басамыз.

Диаграмма құрудың екінші қадамы – мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.


Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т.б. әрекеттер орындауға болады.
Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.

Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі – жеке бетке орналастыру, екіншісі – кесте тұрған бетке қатар орналастыру.


Excel – дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі оның саңдар қатары мен бағаналарын информацияны толық көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыруы болып саналады.

Диаграмманы немесе графикті даяралау үшін Диаграмма шебері деген функцияны пайдаланған жөн. Excel – де 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграммал түрлері бар.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет