Электр энергетика



бет1/7
Дата19.12.2023
өлшемі9,62 Mb.
#140901
  1   2   3   4   5   6   7


Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
КӨЛІК-ЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
"ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКА" КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: " Су электр станциялары (СЭС)"


"Электр станциялары мен қосалқы электр станциялары" пәні бойынша


Студент гр. ЭЭ-33


Мыразатаев Н.Е.
"_"____2023ж
__
қолы
Тексерген: аға оқытушы
Карджаубаев Н.А.
"_ "____2023ж
__
қолы
Нормоконтролер:
Карджаубаев Н.А
"_ "____2023ж
__
қолы

АСТАНА 2023ж.


Мазмұны:
Кіріспе
1. Су электр станциясының ерекшеліктері  3
2. Су электр станциялары. Технологиялық процесiнің сұлбасы 5
3. Су электр станцияларының тарихы 7
4. Су электр станциясының жұмыс істеу принципі 10
5. Су электр станцияларына арналған жабдықтар 14
6. Есептік бөлім 17
6.1. Электр станцияларына трансформатор таңдау 17
6.2. Оқшауланбаған өткізгіштерді ЭЖ тарату үшін таңдау 19

Кіріспе

Су тасқынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы – су электр станциясы деп аталады.


Олар су энергиясы көздеріне жақын жерлерде өзендерде, теңіз жағалауларының маңайына салынады.
Су электр станциясының жұмысы гидравлика жəне гидродинамика заңдарына негізделген .
Су электр станциясының қуаты төмен қарай аққан су тасқынының секундтық шығынына жəне жоғарғы су қоймасы мен төменгі қойманың су деңгейінің қашықтығына, яғни судың қысымына байланысты.
Судың қысымын көбейту үшін жасанды гидротехникалық ғимараттар салынады. Жазық жердегі өзен суының қысымы бөгеттермен (плотина), ал таулы жерде əдейі айналдыра салынған арнамен (каналмен) көбейтіледі. Таулы жердегі мұндай каналды деревациялық канал деп атайды.
Тегіс жерде плотинамен салынатын су электр станциясыың негізінен екі түрі бар:
1. Өзеннің арнасына салынады (орысша-русловая ГЭС).
2. Станция үйі плотинаның қасында салынады (орысша-плотинная ГЭС). Өзеннің арнасына салынатын су электр станциясының жоғары жəне төменгі су қоймасы деңгейінің қашықтығы 25-30 метрден аспайды, ал станциялардың үйі плотинаның қасында салынса 30-35 метрге дейін жетеді




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет