«Электр жетегі»



Дата17.03.2023
өлшемі196,69 Kb.
#75218

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы
Ғ.Ж.Дәукеев атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
«Электр техникасы және энергетика» институты
«Электр машиналары және электр жетегі» кафедрасы


«Электр жетегі» пәні бойынша
№1 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты токтың электр қозғалтқышын зерттеу Мамандығы: 6B07102 – Интеграция и управление Smart технологиями энергосбережения и энергоэффективности в электроэнергетике Орындаған: Сабитов Нұрсұлтан Тобы: ИУТЭк 20-2 Тексерген: Тойгожинова Жанар

__________ ___________________ «___» _______________ 2022 ж. (бағасы) (қолы)


Алматы, 2022 ж.


Зертханалық жұмыс №1. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты токтың электр қозғалтқышын зерттеу
Жұмыстың мақсаты: тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының сипаттамаларын зерттеу, электр қозғалтқыштарының энергетикалық диаграммаларын тұрғызу.
Жұмыстың бағдарламасы:
1) Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток электр қозғалтқышын (ТТҚ) зерттеу үшін қажетті сұлбаны оқып үйрену, жұмыста пайдаланылатын модульдердің құрамымен және міндеттерімен танысу.
2) ТТҚ эксперименттік зерттеу үшін қажетті сұлбаны жинау. Сынап қосуды жүргізу.
3) Табиғи механикалық және электр механикалық сипаттамаларды түсіру.
4) Эксперименттік мәліметтерді өңдеу, есеп беруге дайындалу және жұмыс бойынша қортынды жасау.
Жұмысқа түсінік беру:
1) Зертханалық жұмыста келесі модульдер пайдаланылады:
- стендті қоректендіруші модуль (МПС);
- қоректендіруші модуль (МП) ;
- №1 қосымша кедергілер модулі (МДС);
- күштік модуль (СМ);
- жиілік түрлендіргішінің модулі (ПЧ);
- кірмелік/шықпалық модулі (МВВ).
2) Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышын зерттеуге арналған сұлба 1.1 суретте көрсетілген. ТТҚ якорь тізбегі реттелмейтін тұрақты ток көзіне МП ток және кернеу датчиктері арқылы қосылады. Қоздырушы орама реттелмейтін тұрақты ток көзіне МП қосылады. Күштік модульдің ДТ, ДН және ПЧН шықпалары МВВ модулінің ADC1, ADC2 және ADC3 кірмелеріне сәйкестендіріліп қосылады. Тежеуші режимдерді моментті реттеу режиміне ауыстырылған жиілік түрлендіргішіне қосылған асинхронды электр қозғалтқышы қамтамасыз етеді.
3) Зертханалық жұмысты орындамас бұрын модульдерді алғашқы қалпына келтіру керек:
- МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «∞» қою керек;
- жұмыстарды арнайы компьютерде орындау үшін DeltaProfi бағдарламасын қосып және керекті жұмысты таңдау керек;
- жұмысты орындамас бұрын ПЧ моментті реттеу режиміне ауыстыру керек (Б қосымшасы);
- ПЧ моментті реттеу режиміне ауыстырған соң МДС1 модулінің SA1 ауыстырып қосқышын «0» қойып жұмыстың соңына дейін ауыстырмау керек.

4) Табиғи механикалық және электр механикалық сипаттамаларды түсіру.
Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының табиғи механикалық сипаттамасы айналу жиілігінің жүктеме моментіне тәуелділігін көрсетеді, бұл кезде якорь кернеуінің және қоздырушы токтың мәндері номинал болуы қажет және якорь тізбегінде қосымша кедергі болмауы керек: n  f (Mж) бұл кезде, Uя=const , iк= const және Rя=0.
Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының электр механикалық сипаттамасы айналу жиілігінің якорь тогына тәуелділігін көрсетеді, бұл кезде якорьдың қысқаштарындағы кернеуідің және қоздырушы токтың мәндері номинал болуы қажет және якорь тізбегінде қосымша кедергі болмауы керек: n  f (Iя) бұл кезде, Uя=const , iк= const және Rя=0 ..
Тәжірибе келесі ретпен жүргізіледі:
- МПС және МП модульдерінің QF1 және QF2 автоматтарын қосу керек, бұл кезде тұрақты ток қозғалтқышы жүреді;
- ПЧ (SA3) жұмыс істеуіне рұқсат беру керек және модульдің SA1 ауыстырып қосқышымен қажетті айналу бағытын таңдап, потенциометрдің көмегімен RP1 тежеуші момент беру керек. Егер қозғалтқыштың айналу жиілігі өсетін болса, онда моментті беру бағытын ауыстыру керек;
- тәжірибені жүргізген кезде якорь тогын бақылау керек. Ол 1.5 А аспауы керек;
- тәжірибені жүргізу барысында бос жүріс режимінен бір нүкте және қозғалтқыш режимінен бірнеше нүкте түсіру керек. Тәжірибе мәліметтерін 1.1 кестеге жазу керек.
1.1 кесте

n, айн/мин

1626

1505

1410

1366

1325

Iя, А

0,2

0,45

0,8

1,1

1,5

Uя, В

220

210

200

200

200

Ря, Вт

44

99

160

220

300

РЭЛЯ, Вт

0,7

3,54

11,2

21,175

39,375

РМЕХ.ТТҚ,Вт

15

15

15

15

15

РБ, Вт

28,3

80,46

133,8

183,825

245,625



0,69

0,81

0,83

1,19

1,22

, 1/с

170,1

157,2

147,58

142,97

138,68

МБ, Нм

0,166

0,510

0,906

1,28

1,77

Жұмысты орындап болғаннан соң барлық модульдердің ауыстырып қосқыштарын алғашқы қалпына қою керек.


5) Есептеу формулалары:
Қозғалтқышқа берілетін қуат, Вт






ТТҚ якорь тізбегіндегі шығындар, Вт







мұнда rя– ТТҚ якорь тізбегіндегі кедергі (В қосымшасы), Ом.


Біліктегі қуат, Вт






Қозғалтқыш режимі үшін пайдалы әсер коэффициенті





Қозғалтқыштың айналу жиілігі, 1/с







Қозғалтқыштың білігіндегі момент, Н  м










    1. кестенің мәліметтері бойынша механикалық, электромеханикалық, сондай-ақ   f(M),   f(Iя) сипаттамаларын тұрғызыңдар.

  f(M)

  f(Iя)

 f(M)

 f(Iя)

Қорытынды


Зертханалық жұмыспен танысып, керекті мәліметтерді оқып, стендте сұлбаны жинап, өзімізге қажетті мәндерді алдық. Алынған мәндер бойынша есептеулер жүргіздім.Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының сипаттамаларын зерттеп, электр қозғалтқыштарының энергетикалық диаграммаларын тұрғыздым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет