Электрондық портфолионың теориялық негіздемесі Электронды портфолионың теориялық негіздемесі



бет1/4
Дата24.03.2023
өлшемі58,11 Kb.
#75929
  1   2   3   4

Мазмұны
Кіріспе

  1. Электрондық портфолионың теориялық негіздемесі

    1. Электронды портфолионың теориялық негіздемесі

    2. Электрондық портфолионың түрлері

    3. Электронды портфолио құрудың негізгі принциптері

    4. Электрондық портфолионың білім саласындағы рөлі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттері тізімі

Кіріспе
Бүгінгі қоғамда білім саласын ақпараттандыру ерекше іргелі мәнге ие. Қазіргі мектепке қойылатын талаптар баршаға мәлім, бұл білімнің жаңа мазмұны, оқу процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кіріктіру; оқу әрекетінің белсенді түрлері, соның ішінде, жобалау, зерттеу әрекеттері, қашықтықтан оқыту формасы, жекелеу тұрғысы; педагогтің мектептегі жаңа ролі; жаңа сандық оқу құралдарын, электрондық медиатеканы қолдану; мектепті басқарудағы жаңа тұрғылар.


Информатика – бұл ақпараттық үдерістің табиғи жүйелерде орындалатын заңдылығы жөнінде және ақпараттық процестерді автоматтандырудағы қолданылатын әдістер мен құрылымдар туралы ғылым. Информатика – қазіргі заманғы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына, студенттердің интеллектуалды қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарының дамуына, ақпараттық технологияның осы ғылымдағы базалық қамтылуына, студенттердің білім алу кезеңі мен күнделікті және болашақта қажет пәндердің бірі.
Информатика – есептеу техникасы құралдарының көмегімен ақпаратты қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән. Яғни, Информатика – ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым.
Ақпараттық процесстерді өңдейтін негізгі құрал – компьютер. Ақпаратты автоматты өңдеу – бұл арнайы түзілген программа бойынша адамзат баласының қатысуынсыз негізгі мәліметтерді енгізгеннен кейін қандай да бір нәтижеге жеткенге дейінгі ақпараттың өңделуі.
Информатика пәнін жоғарғы оқу орындарында жүргізуде ең негізгі объектісі болып ақпараттық процестер мен ақпараттық технологиялар табылады. Теориялық бөлімде ақпараттық технологияның мазмұнын ашу жағдайы қаралады, ақпараттық процесс, ақпараттық модель,  басқарудың ақпараттық негіздері ұғымдарына тапсырмалар орындау жағдайлары қарастырылады. Ал тәжірибелік бөлімде, студенттердің ақпараттық технологиялық білімін басқа да пәндерде қолдану тиімділігі көрсетіледі.
Информатика пәніннің негізгі мәселесі – есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу.
Информатика пәнін жүргізуді ұйымдастыру барысында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланған дұрыс, бір жағынан бекітілген заңға сәйкес компьютермен жұмыс жүргізілсе, ал екінші жағынан ең жоғарғы педагогикалық нәтижеге ие болу. Информатиканы оқыту барысында білімгерлерді ұжымдық, фронтальды, топтық, қос және жеке түрлерге бөліп алуға болады. Оқу барысында оқытылған материалдың меңгерілгендігі жөнінде кірістік, ағымдық, өзін-өзі тексеру және нәтижелік бақылаулардан байқауға да болады.
Қазіргі кезде ақпараттық технологияның дамуы өте қарқынмен жылдам жүріп келеді, себебі интернет технология адамның күнделікті өмірінде үлкен орын алып келеді. Осы себепті интернет арқылы ізденіс электронды портфолио түсінігіне көп көңіл бөледі. Электронды портфолио жөнінде көптеген түрлі анықтамаларды сайттардан алуға да болады. Осы сайттардың барлығын жинақтай келе төмендегідей тұжырым жасаймыз.
Портфолио дегеніміз - оқушы немесе мұғалімнің оқып білім алу және басқа да салалардағы жетістіктерін тіркейтін, жинақтайтын, бағалайтын және қорытындылайтын жүйе, тәсіл.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет