Электрқондырғылардың сызбалары мен схемалары туралы мағлұмат



Pdf көрінісі
Дата07.01.2022
өлшемі287,26 Kb.
#17681


Дәріс №1  

Электрқондырғылардың сызбалары мен схемалары туралы мағлұмат. 

  Құрылғыға кіретін элементтердің түріне байланысты схеманы кинематикалық

гидравликалық, пневматикалық, электрлік болып бөлінеді. Сонымен қатар 

әртүрлі элементтерден тұратын схеманы комбинированный деп атайды. 

Мысалы: электро – гидравликалық схема электрлік және гидравликалық 

элементтерден тұрады. Бірақ та құрылғы жұмысында бір элементтің маңызы көп 

болса, қалған  элементтердің әсері елеусіз болса схеманы бірінші  элементтің 

атымен атайды. Жұмыс мақсатына байланысты схемалар мынадай типке 

бөлінеді: структуралық, функционалдық, принципиалдық, байланыстыру, қосу, 

жалпы және орналасу схемалары. 

1.  Структуралық схемада құрылғы бөлігінің негізгі функциясын, оның байланысын 

әртүрлі сатыдағы міндетін көрсетеді. 

2.  Функционалдық  схема  –  құрылғы  тізбегінде  пайда  болатын  бөлек  процесстерді 

көрсетеді және жалпы жұмыс істеу принципін қарастырғанда көрсетеді. 

3.  Принципиалдық  схема  –  конструкторлық  документацияны  өңдеген  кезде 

пайдаланылады.  Онда  барлық  элементтер  мен  олардың  өзара  байланысы 

қарастырылады және олар құрылғының жұмыс принципін толығымен көрсетеді. 

4.  Байланыстыру  схемасы  (схема  соединения)  –  құрылғыдағы  элементтердің  өзара 

байланысын қарастырады.Олардың немен байланысқанын көрсетеді.(сым, жгут). 

Байланыстыру  схемаларын  конструкциялық  документация  дайындаған  кезде 

қолданады. Конструкторлық сызбаларда сымдардың, жгуттардың, кабельдердің, 

бекітілу тәсілдері мен орналасуын анықтайды. 

5.  Қосу схемасы – құрылғының сыртқы қосылуын көрсетеді. 

6.  Жалпы  схемада  –  комплекстің  құрама  бөліктерін  және  пайдалану  орнындағы 

өзара байланыстарын көрсетеді. 

7.  Орналасу схемасы – құрылғы бөліктерінің орналасуын көрсетеді. Қажет болғанда 

сымдардың, жгуттардың, кабельдердің труба проводтарын көрсетеді. 

 

 



 

 

 



1 (а) біріктірілген және (б) жайылған тәсілдермен көрсетілген кездегі өлшеу 

тізбегіндегі позициондық белгілеулердің мысалдары 



 

 

 



 Тоқ трансформаторының екінші тізбегінің сұлбасы 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет