Әлем тілдердің типологиялық ЖӘне ареалдық классифкациясы sanzharturaly



Дата11.12.2023
өлшемі2,7 Mb.
#136873

ӘЛЕМ ТІЛДЕРДІҢ ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АРЕАЛДЫҚ КЛАССИФКАЦИЯСЫ
sanzharturaly
Тіл білімінде дүниежүзі тілдерді екі түрлі тұрғыдан топтастырады:
Тілдің шығу тегі кұрылысынан, яғни туыстығы, бір негіз тілден бөлініп шыққандығы тұрғысынан, мұны тілдердің генеологиялық топтастырылуы деп атайды.
• Шығу тегіне байланыстырамай, грамматикалық құрылысы мен типінің ұқсастығы тұрғысынан, яғни типологиялық (немесе морфологиялық) топтастырылуы деп атайды.
ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ ТІЛДЕР ӨЗДЕРІНІН ШЫҒУ ТЕГІНІҢ БІРЛІГІНЕН, ЯҒНИ ТУЫСТЫЛЫҒЫНА КАРАЙ ӘРТҮРЛІ СЕМЬЯЛАРҒА , СЕМЬЯЛАР ТОПТАРҒА БӨЛІНЕДІ. ТОПТАРДЫҢ ӘРҚАЙСЫСЫ ӨЗ ІШІНДЕ ТАҒЫ ДА БІРНЕШЕ КІШІ ТОПТАРҒА БӨЛІНЕДІ. ШЫҒУ ТЕГІ, ТУЫСТЫҒЫ ЖАҒЫНАН ТОПТАСТЫРУ БАРЫСЫНДА ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ ТІЛДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ:
Үндіевропа тілдері:
1) Индия тобы
2) Иран тобы
3) Славян тобы
4) Балтық тобы
5) Герман тобы
6) Роман тобы
7) Кельт тобы
8) Грек тобы
9) Албан тобы
10) Армян тобы
Семит-Хамит тілдері:
1) Семит тобы:
Аравия, Сирия, Ливан,
Иордания, Палестина, Иран,
Туркия, Ауғанстан, Судан,
Тунис және т.б
2) Египет тобы:
Египет тілі және копт тілі
Кавказ тілдері:
• Оңтүстік: грузин,мегрель тілі, чан тілі,сван тілі
• Батыс: абхаз, адыгей,кабардин
• Бацбий-кистин: бацбий тілі, чечен тілі және ингуш
• Дағыстан: авар, даргин, лезгин, лакс, табасаран
Түркі тілдері;
• Батыс хун бұтағы: Булгар тобына чуваш тілі (Чувашия, Башкуртстан, татарстан жене Ресей) енеді;
• Оғуз тобына енетін тілдер: турікмен тілі (Түрікменияда,
Өзбекстанда, КСРО Одағының басқа республикаларында;
Иран, Ауганстан, Туркия, Сирияда), гагауз тілі (Украина мен Молдовада жоне Болгарияда), балкан туркілерінін тілі, азірбайжан тілі (Әзірбайжанда, Грузияда, Арменияда, Дагыстанда, Иранда), турік тілі (Туркия. Кипр, Греция,
Ирак, Сирия, Болгария, Югославия, Румыния, КСРО, Франция, Аргентина, Америка Курама Штаттарында);
• Қыпшақ тобына енетін тілдер: караим тілі (Литва мен
Украинада), құмық тілі (Дағыстанда, аз белегі Шешен республикасы мен Ингушетияда жане Солтүстік Осетияда), карачай-балкар тілі (карачайлар Карачай-Черкем
автономиялы облысында, балқарлар Кабардин-Балкар
АССР-інде, карачайлар мен балқарлардын аз бөлігі Қырғызстан, Өзбекстан жене Қазақстанда), қырым
татарларынын тілі (Қырымда, Өзбекстанда), татар тілі
(Татар, Башкурт, Чуваш автономиялы республикаларында,
Горький, Тамбов, Пенза, Рязань, Ульянов, Куйбышев, Оренбор, Волгоград, Саратов, Астрахань, Челябинск, Новосибирск, Омск, Томск, Тюмень, Пермь жене Киров облыстарында Казакстанда жене Кенес Одатынын баска
республикаларында), ногай тіл (Ставрополь олкесінде,
Карачай-Черкес автономиялы облысында, аз белегі
Астрахань облысында, Краснодар олкесі мен Дагыстанда), каракалпак тілі (Каракалпакстанда, Озбекстаннын Хорезм, Фергана облыстарында, Турікменстаннын Ташауз
облысында, Казакстаннын жане Астрахань облысынын
кейбір аудандарында), казак тілі (Казакстанда, Орта Азия республикалары мен Ресейдін кейбір аудандарында, Кытай мен Монголияда);
Қарлұқ тобына енетін тілдер: өзбек тілі (Өзбекстанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қарақалпақстанда; Қытай мен солтустік
Ауғанстанда), уйғыр тілі (жана уйгыр) тілі (Кытайда,
Қазакстан, ҚЫргызстан,
Өзбекстан, Түрікменстанда)
Монғол тілдері. Бұлардың құрамына мына тілдер енеді: халха-монғол тілі (жазу бурин монгол алфавитіне, ал 1945 жылдан орыс алфавитіне негізделген; (Монғол халық Республикасында), бурят тілі (Бурят автономиялы
республикасында, Иркут облысы мен Чита облысында,
Монголия мен Кытайда), қалмақ тілі (жазуы орыс алфавитіне негізделген; Қалмакқ автономиялы респуб-
ликасында, Астрахань, Ростов, Волгоград облыстары мен
Ставрополь олкесінде, Кытайда).
Туркі тілдерінін шығыс хун бұтаты. Бұғаан енетін тілдер тобы: 1) ¥йғыр-оғуз тобы; бұл топқа енетін тілдер: тува тілі (Тувада, Монголияда), тофа қарағас) тілі (600 шамасында адамы бар этникалык топтың тілі;
Краснояр өлкесінде), якут тілі (Якутияда, Краснояр өлкесінде, Магадан, Сахалин, Амур облыстарында), хакас тілі (Хакас автономиялы облысында), шор тілі (Солтустік
Алтайда, Хакас жане Таулы-Алтай автономиялы
облыстарымен шектесетін территорияда), чулым тілі
(Чулым өзенінін) Обь өзенінің құйылысы (жағасында); 2)
Кыргыз-кыпшак тобы; бұл топқа енетін тілдер: қырғыз тілі (Кыргызстанда, Өзбекстан, Тажікстан, Қазақстанда, Кытай, Монголия, Ауғанстанда), алтай тілі (Алтай өлкесінің
Таулы-Алтай автономиляы обылысында). Түркі тілдерінін (түрік тілінен баскаларынын) жазулары орыс алфавитіне негізделген. Түркі тілдерінде жазба ескерткіштерде сақталган мынадай өлі тілдер енеді: орхон, кыпшақ, көне ұйғыр және т.б
Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы, немесе салыстырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі тұрғыдан келеді:
1. Фонетикалық типология,
2. Синтаксистік типология.
3. Морфологиялық типология
Фонетикалық типология 1. Тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерді сөздер дыбыстардан құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді. Мысалы, еуропалық тілдер дыбыс құрылысты, Қытай тілі буын құрылысты. Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыстар болады да, әріптермен жазады, буын құрылысты тілдерде дыбыстар болмайды, олар иероглифтермен жазады. 2. Монотониялық және политониялық тілдер. Монотониялы тауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды. Мысалы ағылшын орыс, қазақ, араб тілдері
Синтаксистік типология бойынша дүние жүзі тілдері үш топқа бөлінеді. 1. Номинативті тілдер - бұндай тілдерде бастауыш негізгі (атау, исходный) септігінде тұрады да баяндауышпен жақ бойынша қиысады, баяндауыш немесе көмекші етістік соған сәйкес жіктеледі. 2. Эргативті тілдерде етістіктің салт немесе сабақты болуына қарай, белгілі бір септіктерді керек етуіне қарай бастауыштың (субъектінің) тұлғасы өзгеріп отырады, ал толықтауыш осы өзгерістерге керісінше басқа тұлғаларға орайласады. Яғни олардың тұрақты тұлғасы болмайды, бұл тұлға етістіктің қажетсінуіне байланысты. 3. Посессив (пассив) тілдерде етістіктер актив және пассив болып күрт қарсы қойылады да. Бастауыштың тұлғасы осыған байланысты болып келеді. Қазіргі номинативті тілдердегі етіс категориясы осы өзгерістердің модификацияға ұшыраған бір тармағы болуы керек: етістер өзгергенде бастауыштар мен толықтауыштар (объектілер мен субъект) да өзгеріп кетеді
Морфологиялық типология. Онда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі бойынша топтастырады. 1. Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер орын тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі). 2. Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар түбірдің үстіне бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де сөз ұзара түседі. Әлгі қосымшалар бір мағыналы болады, ал түбір өз тәуелсіздігін сақтайды, өзгермейді (қазақ тілі). (көше- көшелер-көшелерге-көшелеріміз ге). 3. Флективті тілдерде қосымшалар түбірдің көрінісіне өзгерістер енгізеді және ол қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөздің көлемі ұзармайды, түбір өз ішінен өзгереді (орыс тілі). (улица-улицы-улицам-улиц)
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Қолданылған әдебиеті
К.Аханов: Тіл білімінің негіздері (628-651 бет)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет