«Әлеуметтану» пәні «Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар»



бет1/7
Дата16.03.2023
өлшемі290 Kb.
#74827
  1   2   3   4   5   6   7
  • «ӘЛЕУМЕТТАНУ» пәні
  • «Әлеуметтік өзгерістер:
  • жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар»
  • 30.03.2022 ж.

Дәріс мақсаты: қазіргі қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің әлеуметтік өмірге әсерін анықтау, әлеуметтік өзгеріс, гомогенизация және унификация ұғымдарды және әлеуметтік өзгерістерді зерттеудің әлеуметтанулық перспективаларын талдау жасау.

  • Дәріс мақсаты: қазіргі қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің әлеуметтік өмірге әсерін анықтау, әлеуметтік өзгеріс, гомогенизация және унификация ұғымдарды және әлеуметтік өзгерістерді зерттеудің әлеуметтанулық перспективаларын талдау жасау.
  • Дәріс жоспары:
  • Әлеуметтік өзгеріс
  • Әлеуметтік өзгерістерді зерттеудің әлеуметтанулық перспективалары
  • Әлеуметтік өзгерістердің негізгі құрамдас бөліктері
  • Гомогенизация және унификация

Әлеуметтік өзгеріс

  • Әлеуметтік өзгеріс - әлеуметтік қүрылымдардың немесе институттардың, әлеуметтік-мәдени процестердің уақыт өте келе айтарлықтай түрленуі не қайта құрылымдануы сияқты процесс.
  • Әлеуметтік өзгерістің әлеуетті үш көзі:
  • Ұжымдық мінез-құлық
  • Әлеуметтік қозғалыс
  • Технологиялар

Ұжымдық мінез-құлық

  • Ұжымдық мінез-қүлық – мінез-құлықтың мәдени ережелері бұлыңғыр болған жағдайдагы топтың тосын әрекеті.
  • Жеке тұлғалар мен топтардың ерекше немесе күрделі жағдайға бірлескен тосын жауабы ретіндегі жоспарланбаған, импровизациялық әрекеттер.
  • Ұжымның мінез көрсетуі, көбінесе ұзаққа созылмайды, себебі қатысушылардың айқын әлеуметтік жоспары мен мемлекеттік саясатқа әсер етуге қажет ресурстары болмайды. Ұжымдық мінез-құлық кез келген жерде - жол жиегінен бастап түрмелерде, корпорацияларда т.б. бой көрсетеді.
  • Ұжымдық мінез-қүлық наразылық ретінде жоспарланбаса да қалыптасқан жағдайға тиімді әсер ете алады.
  • Ұжымдық мінез-құлық пен әлеуметтік қозғалыс арасындагы айырмашылық - әлеуметтік қозғалыстың ұзақ мерзімге созылып, әлеуметтік өзгеріс тудыруға бағытталатынында.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет