Дәріс №11. Карта мен атластарды құрастыру көздері



бет1/10
Дата24.04.2023
өлшемі40,2 Kb.
#86251
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәріс 11, 12,13


Дәріс № 11. Карта мен атластарды құрастыру көздері
11.1.Картаны құрастыру көздері түрлері
Картография өз өнімдерімен шаруашылықтың көптеген салаларын, ғылымды, мәдениетті, білімді және қоғамның қызмет көрсету сфераларын қамтамасыз етеді.Өз кезегінде картография қажетті мәліметтерді алу үшін түрлі көздерді қолданады –олар картаны құрастыруға пайдаланылатын әртүрлі құжаттар.
Мәлімет жинақтаушы көздер:
* астрономия-геодезиялық мәліметтер;
* жалпы географиялық және тақырыптық карталар;
* кадастрлық мәліметтер, жоспар және карта;
* дистанциялық зондпен тексерілу материалдары
* тікелей өлшеу мен бақылау мәліметтері;
* гидрометеорологиялық бақылау мәліметтері;
* экологиялық және басқа да мониторинг мәліметтері;
* экономика-статистикалық мәліметтер;
* сандық модельдер;
* лабораториялық талдау нәтижелері;
* әдебиеттер (мәтіндік) көздер;
* теориялық және импирикалық заңдылықтар.
Құрастырылатын карталық өнімнің қолданылу мақсатымен тақырыбына байланысты бұл мәліметтер көзі негізі, қосымша және көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Мысалы, экономикалық-географиялық карталар үшін негізгі көздер болып статистикалық есеп мәліметтері, ал фотогеоглогиялық карталар үшін- далалық геологиялық түсірім материалдары саналады.
Мәлімет жинақтау көздері картографиялық обьектінің қазіргі жағдайын көрсететін және ескірген, оның өткен немесе ертеректе зерттелген сатысын көрсететін болып бөлінеді. Кей жағдайларда, мысалы, тарихи карталар, палеографиялық конструкциялар және құбылыс динамикаларын көрсету қажет болған жағдайда ескі мәліметтер өте құнды болып есептеледі.
Сонымен қатар, картографияға қажет мәлімет көздерін алғашқы- тікелей өлшеу және бақылау жүргізілуден алынған мәліметтер және соңғы –алғашқы материалдарды өңдеу және өзгерту нәтижелерін пайдаланудан алынған мәлімет көздері деп екіге бөлінеді. Алғашқы және соңғы мәлімет көздері өңдеу процесі кездерінде өздерінің нақтылығы, дәлділігі, тұжырымдалу деңгейі, генерализациялану дәрежесіне және тағы басқа сипаттамалырына қарай енгізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет