Әліпбай Ақботаның «Спорт өміріндегі эстетикалық тәрбиені және адами құндылықтарды қалыптастыру жолдары»



Дата06.06.2022
өлшемі14,48 Kb.
#36418
түріДиплом

5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдармаласы бойынша ФКС - 18-1 оқу тобының студенті Әліпбай Ақботаның
«Спорт өміріндегі эстетикалық тәрбиені және адами құндылықтарды қалыптастыру жолдары» атты тақырыпта орындалған дипломдық жұмыстың мазмұнына
ПІКІР

Дипломдық жұмыстың тақырыбы, XXI ғасырдағы жаңа формациядағы жастарға берілуге тиіс ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.


Әліпбай Ақботаның дипломдық жұмыс мазмұны спорт өмірі,, жарыстары, ұлттық мерекелердегі ұлттық ойындардың дәріптелуі арқылы, жастарды ұлттық ұстанымға, ұлттық рухқа, намысқа үндейтін тәрбиелік мазмұнда жинақталған ғылыми-әдістемелік еңбектердің мазмұнымен толықтырылып дайындалған.
Зерттеу барысында автор осы кезге дейін жарияланған және жарық көрген ұлттық тәрбиені, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын тақырыптық әдебиеттермен ғылыми гейпотезаның негіздеріне сүйене отырып дипломдық жұмыстың сапалы орындалуына мән берген.
Бұл бағытта дипломдық жұмысты орындау барысында 41 – әдебиеттер мен оқулықтардың мазмұнына жүгінген. Дипломдық жұмысты орындау барысында автор тақырыпқа сай 4 – сызба дайындаған.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – жастарды ұлттық патриотизмге, ұлттық ұстанымға, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеп қалыптастыру болғандықтан жұмыста қарастырылған тақырыптардың аталған мақсатқа сәйкес орындалғаны көрініс тапқан. Осы бағытта Әліпбай Ақботаның тақырыпты зерттеуде өзінің жеке ой – тұжырымдарын нақты жеткізе білген. Жинақталған теориялық материалдарды ғылыми бағытта жинақтап орындай білген.
Тақырып маманның кәсіби даярлығына, берілген «бакалавр» академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкес.
Дипломдық жұмыс «А+» (өте жақсы) деп бағалауға келеді.

Қорқыт Ата атындағы ҚУ
«Педагогика және психологиялық
білім беру және оқыту әдістемесі»
кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к




М.Н.Қойшыбаев




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет